Орфографиясы


Бас сыңарлы біріккен сөздер



Pdf көрінісі
бет35/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
Бас сыңарлы біріккен сөздер. Бас сөзі “шөптің, ағаштың, түрлі
өсімдіктердің жоғарғы жағы, ұшы” мағынасында 30 шақты өсімдік атауын
(атбас, арпабас, ақбас, бедебас , берікбас, бозбас, борбас, бөгіребас, бұзаубас,
бұраубас,
 жадыбас,
 жұпарбас, жыланбас, жыңғылбас, итбас,
күйікбас,қиыршықбас, қоңыраубас, қоңырбас, қызылбас, қышабас, мыңбас,
салаубас, сарыбас, сирекбас, сұлыбас, сіпсебас, тарғақбастауықбас, теңгебас,
ұлпабас); құрал атауын (безеубас, доғабас) жасайды. Және бас сөзі кейбір
тіркестерде “белгілі бір қасиет белгісі бар адам” деген ұғымда келеді, ол
күнде де алдыңғы сөзбен бірге жазылып, қалжыңбас, маубас, жүдеубас,
жындыбас, қаңғыбас, қубас, қақбас атауларын құрайды. Бұларға қандай бас
немесе басы қандай адам деген сұрау қоюға болмайды. Ал қауға бас,
додабас, қазан бас, қасқа бас, қалтақ бас, жалаң бас дегендерде қандай
басты адам деген сұрақ қоюға болады” дейді проф. Р.Сыздықова (25.55).
Жалпы бас сыңарының алдыңғы компонентке бірігуіне – бас сөзінің “кісі,
адам, жан" мағынасында және “ақыл, ой, ес” ауыс мағынасында
қолданылуы себеп. Дегенмен бас сөзі осы мағынасында бас тікті (“жанын
пида қылды”), бас ұрды (“дегеніне көнді"), басы айналды (“масаттанды”),
басы байланды (“айттырылды”), басы бәлеге шатылды (“атаққа ұрынды”),
бас бос (“бойдақ”) сияқты адамның жалпы болмысына қатысты тұрақты
тіркестер мен идиомалар құрамында кездеседі. Және басы байлы, басы
бүтін сияқты үстеулер жасайды. Қу басы, қара басы, қарақан басы, соқа
басы сияқты адамның жеке басына қатысты оның “жалғыз, туыссыз,
ұрпақсыз” екенін білдіретін сөздер де бар. Соңғысында тәуелділіктің


үшінші жағының сөзді даралайтын қызметі көрінеді (салыстырыңыз, -лар,
ғыш, -ар қосымшаларында сөзді ұластыратын қызмет бар еді).
Ал қалжыңбас, қылжақбас, желбас, маубас, жүдеубас, жындыбас,
шүйкебас, қаңғыбас сөздері – бас сөзінің “адам”, “жан" мағынасында және
“ақыл”, “ой”, “ес”, мағынасында
қолданылуына
байланысты,
фразеологиялық тірке негізінде пайда болған БС-дер. Бас сыңарының
бірнеше тіркес құрамында қайталанып, лексикалық мағынасының
кеңеюінен бас тірек компоненті грамматикалануға, жалпы мағына беруге
көшкен. Ал сөз мағынасының кеңеюінің басты бір себебі сол сөз білдіретін
ұғымның өзгеруінде деп тану керек, ұғым сол сөзбен аталатын заттардың
жалпылық белгілері арқылы абстракциялаудың негізінде қалыптасады
(110. 33).
Сөйтіп, бас әр алуан сөздермен қарым-қатынасқа түсу салдарынан
жалпы мағынаға көшті. Бұрын ол лексикалық мағынасы арқылы басқа
сөздерден дараланып, жекеленіп, бөлініп отырса, енді басқа сөздермен
ортақ сипат алып жақындап, жалпы грамматикалық топ құрауға
бейімделді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет