Сөйтіп,
ақсақал сөзі
сөзжасам процесіне араласып,
ақсақалдай –
“көпті көрген қарт адамдай”;
ақсақалды – “жасы үлкен қарты бар”;
ақсақалдық, – “көпті көрген, көп жасаған адамға лайық үлкендік немесе
ескі рушылдық, феодалдық” мағынасындағы сөзформаларын жасайды.
Болмаса,
бойкүйез сөзін алайық. Бұл атау – “мойны жар бермейтін
енжар, селқос, еріншек, жалқау” мағынасын беретін фразеологиялық
қолданыстан біріккен сөз. Оның
бойкүйездік, бойкүйезден, бойкүйездену,
бойкүйездеу туынды қатары бар. Мұндағы
бой сөзінің архисемасы – “дене
тұрқы”, ал дифференциалды семасы – “адамның төбесі мен табаны
аралығын қамтитын дене тұрқы”; ол
күйез сөзінің “бұлшық ет
тканьдарының
қабынуынан болатын, мойынды бұрғызбай денені
ауыртатын ауру" семасымен бір нүктеде қиысуына орай, сыңарлардың
бірігу процесі жүргенін көреміз. Сөйтіп, “адамның мойнын бұрғызбай
ауыртатын ауру” (күйез)
бой сыңарымен бірігіп, адамның абстракті
мәндегі қасиетін атауға жұмсалады (2-кесте).
“Құдаласқан адамның калың малдан бұрын беретін ырымы”
карғыбау біріккен универбімен аталады. Мысалы:
Қоқыш, Сәрсен, Жарасбай
болып ақылдасып, Бәйтен ауылына қарғыбау мен к,алыңмалды бірге қосып
қарбытып бір-ақ беріп жіберген (Әуезов. М. Қараш-қараш.). Мұндағы
қарғы
сыңарының архисемасы – “бау”, дифференциалды семасы – "иттің
мойнына тағатын кайыс”. Ал бір семантикалық өрістегі
бау сөзінің
архисемасы – “жіп”, дифференциалды семасы “киімнің, үй мүлкінің,
заттардың ұшына байланатын жіп” болып табылады.
Қарғы сөзінің денотат
мағыналары дами келе, “бұғау, құрсау, байлау” коннотат мағына- ларында
көріне бастайды. Сонда “байлау”
деген бір коннотат сема бау сөзінің дәл
осындай семасымен жұтылып, тіркес универбтенеді.
Сөйтіп, ортақ бір коннотатив семаның болуы қатар айтылған
лексемалардың дербестігін әлсірететінін байқаймыз (2-кесте). Сол сияқты,
қолтаңба сигнификативі де «экстралингвистикалық мәнділікпен K
1
,K
1
қатынаста тұрған БС болады. Мұндағы
қол сөзі адамның “дене мүшесі” –
архисемасынан, “ұстайтын, көтеретін, жазатын саусағы, алақаны бар дене
мүшесі” деген дифференциалды семаларынан “адам, жазу, жұмыс күші”
ауыспалы мағыналарында көрініс береді. Ол “ен, дақ, белгі, мер” деген
архисемасы мағыналық дамуға түсіп “адамның жазуы”
деген ауыс
мағынасы бар таңба атауымен тіркескен. “В более широком контексте
любая из отмеченных сем может акции пироваться, выйти на первый план,
включиться в рему высказывания, тогда как другие семы, отражающие уже
известные или безразличные для говорящих аспекты кипения, теряют
коммуникативную
значимость, отходят на второй план и могут совсем
исчезнуть из
семантической структуры слова” (42. 162). Сонда бір
семантикалық өрістегі екі атаудың қосарлануы ортақ семаларының
буындасуына, сөйтіп, олардың ортақ мағыналық шоғырға жинақталуына