Және потенциалды, контекстік
семалар бар. Бұлар – тілдің “алыс” және
“жақын” мағыналарына қатысты. “Лингвистикалық зерттеуде сөздің жақын
мағынасын ғана негізге алу семантикалық талдаудың өрісін тарылтады” (131.
51).
Ал тіл семантикасын ашуда тілдік емес ұғымдарды зерделеп қарап, әрі
тілдік пен тілдік емес факторларды ажыратып алудың мәні зор (117. 62).
Компоненттік талдау жасауда, сонымен қатар, семантикалық өріс ұғымы да қол-
данылады. Семантикалық өріс сол топқа енетін лексикалық бірліктердің
барлығына ортақ қандай да бір семантикалық белгінің болуына негізделеді.
Кейде ол – лексика- семантикалық парадигмдер деп те аталады (117. 15).
Сондай-ақ, сөздің ішкі формасы ұғымы да компоненттік талдау жасауға
қатысады. Сөздің ішкі формасы дегеніміз – сөз құрамындағы морфемалардың
семантикалық және кұрылымдық байланысын басқа сөздің бойындағы қасиет-
тер арқылы уәждеу (132. 66).
Ал
номинация -1) шындықтың белгілі бір фрагментін атауға және
белгілеуге қабілетті тілдік бірліктердің құралу процесі, 2) осы процестің нәтижесі
(132. 243) ретінде ұғынылуы тиіс.
Ономасиология - 1) номинация теориясы,
номинативті функцияны жүзеге асыру тұрғысынан тілдің барлық бірліктерін
зерттейтін ғылым; 2) тілдің лексикалық құралдары арқылы заттарды белгілеудің
және ұғымдарды білдірудің принциптері
мен заңдылықтарын зерттейтін
семантиканың бір саласы (132. 255);
негіз –сөздің өзектік бөлігі, ол сөздің
лексикалық мағынасымен байланысты, сөздің сөз түрлендіру морфемаларын
алып тастағандағы қалған бөлігі; морфемдік күрделілігін айқындау үшін сөздің
құрылымын талдауға кажетті мағыналық деңгей бірлігі (132. 258);
композита –
бірігу, құрастыру;
контаминация –
ассоциациялық, кұрылымдық немесе
функциялық қатарда өзара жанасқан, тілдік бірліктердің ықпалдасу нәтижесінде
олардың семантикалық немесе формалдық өзгерістерге түсуі және тілдік
бірліктердің жасалуы (132 189), будандасу;
лексикалану – тіл элементінің
(морфеманың, сөз формасының) немесе элементтер тіркесінің (сөз тіркесінің)
жеке
атауыш сөзге, не соған ұқсас басқа бір сөз бірлігіне айналып кетуі
ұғымында жұмсалады.
Сонымен, семдік талдау біздің қарастыруымызда мына сатылардан
тұрады: 1) кұрама сөздің алғашқы компонентінің семаларын анықтау; 2) соңғы
компоненттің семаларын анықтау; 3) ортақ семаны немесе семаларды белгілеу;
4) БС-дің жалпы мағынасын көрсету; 5) ортақ семаның жалпы мағынаға
қатысын белгілеу.
“Егер толық мағыналы екі сөз бір тіркесімділікте жиі қайталанып және
осы жұбымен әр түрлі морфологиялық түрленімдерге түссе, онда екі сөздің
лексикалық мағынасының жүйесінде өзара байланысатын кем дегенде ортақ бір
семантикалық компоненттің болғаны” деген бұл бағытта орыс лингвисі
Г.С.Кузнецов. Және компоненттік талдаудың сипатын былай көрсетеді: “В
компонентном анализе действует модель вычленения и отбора единиц, то на II
стадии в действие вступает модель синтаксических связей
таких отношений,
которая соединяет отдельные абстракции в единое целое, доводя этот процесс до
полного их
слияния и устраняя т.о. структурную расчлененность языкого
содержания и внеположность компонентов по отношению друг к другу” (117.
64.).
Мысалы,
ақсақал сөзі “бұрынғы кездегі қазақ ауылының ру басы, билік
иесі, жасы үлкен құрметті ер адам” мағынасында жұмсалатын тұрақты тіркес
негізінде біріккен тұлға болып табылады.
Ақ сөзі “қар, сүт тәрізді нәрсенің түріндей, қараға қарама-қарсы түс”
мағынасын береді. Мұндағы “түс” лексеманың архисемасы болса, “қар, сүт
тәрізді нәрсенің түріндей” дифференциалды семасы болып табылады да, “қараға
қарама-қарсы түс” интегралды семасы болып саналады. Универбтің екінші
сыңары
сақал сөзінде “түк” архисеманы, “иекке шығатын түк” дифференциалды
семаны, ал “ер адам” семалары интегралды семаны құрайды. Сөйтіп, бұл
аталған семалар лексеманың денотатив семаларын құрайды, яғни сөздің тура
мағынасын білдіреді.Мағына қашан да даму үстінде болатыны белгілі.
Ақ сөзінің
де,
сақал сөзінің де денотат мағыналарымен қатар коннотат мағыналары бар.
Мысалы,
ақ сөзі “асыл, таза, әділ" және “жасы ұлғайған кезде сақал, мұртқа
енген ақ тал ” деген ауыспалы мағыналарында жиі қолданылады. Ал
сақал сөзі
“егде тартқан, көпті көрген ер адам” мағынасында бірнеше тұрақты тіркес
құрастыруға негіз болған. Мысалы:
сақалды басымен, сақалын бұлдады, сақалы
сапсиғанша, сақал шықты, сақалын сыйлады, аппақ сақалымен. Сонда
ақ және
сақал сөздерінде “егде тартқан ер адам", “түк” деген ортақ коннотат семалардың
болуы біреуінің жұтылуы, сөйтіп,
семалардың будандасуы қатар
қолданылатын екі лексеманың мазмұн өресінде универбтенуіне, жеткізу
өресінде босаралықсыз таңбалануына әкеледі (1-кесте).
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: