§ 2 Атмосфераны қорғау
Біздің планета ауа мұхитының астында орналасқан. Тропосферадан кейін стратосфера, ал оның арғы жағында мезосфера, атмосфера. Адам жан -жануар тіршілік ететін атмосфералық бөлігі тропосфера деп аталады. Ол жер бетінен 11 километрге дейінгі қашықтықтағы атмосфера бөлігі. Осы бөліміндегі температура мен қысым үлкен диапозонда өзгеріп отырады. Бұл шамаларға қысқа толқынды космостың және күн сәулелері әсер етеді. Атмосфераның жоғарғы қабатында осы сәулелер әсерінен оттегінің молекулалары диссоцияланып, атомға айналады да, химиялық белсенді атом оттегімен қосылып, озонға айналады.
Пайда болған озондық қабат толқын ұзындығы 200-310 км болатын фотондарды бойына сіңіреді, сөйтіп жер бетіндегі бүкіл тіршілік дүниесін осы жоғары энергиялы сәулелерден қорғайды. Жоғарыда келтірілген реакцияның жүруіне атмосферада аз – да болса кездесетін азот оксидтері әсер етеді:
Бұл реакцияда азот оксиді катализатор рөлін атқарып тұр (автокатолиз). Жоғары дыбысты тасымалдаушы ұшақтар,іштен жанатын қозғалтқыштар атмосфераны азот оксидтерімен байытып, соның есесінен озон қабаты жұқарады. Осы қабатқа тоңазытқыш қондырғыларын да пайдаланатын фреонның диторхлоритан) да әсері көп –ақ. Озон қабатының жұқаруы әр түрлі алапат ауруларға оның ішінде ғасырдың шешілмеген мәселесі болып саналатын обырға да себепші болады.
Атмосфераны екінші бір функциясы жер бетіндегі тіршілікке лайықты температураны реттеуінде. Күннен түскен сәуленің 70% -дайын жер сіңіреді және оны қайта шығарады (инфрақызыл спектр). Осы сәулелерді жер бетіне жақын жатқан су және көмір қышқыл газы сіңіріп, планета температурасын бірқалыпты етіп ұстайды. Көмірқышқыл газының көбеюі температураны арттыратыны, кемуі төмендететінін 1861жылы Тиндаль байқаған еді. Адамзат баласының жер бетінде тіршілік ету барысында атмосфераның құрамының күрт өзгеруіне байланысты жылу – жайлық (парниктік) эффект тудырып, планетамыздың температурасы елеулі өзгеріске енді.Үлкен мұздақтар (айсбергтер) еріп, жер бетінде табиғаттың әр түрлі қорқынышты оқыс оқиғалар (цунами, топан су қаптау т.т), құбылыстар жиілеуде. Біздердің әрқайсымыз өзіміз өмір сүріп отырған уақыт аралығында жергілікті жеріміздегі ауа райынының (климат) өзгерісін байқаймыз.
Түсті және қара металдардың өндіріс орындары, жылу электр станциялары және автомобиль, трактор, құрылыс жол тағы басқа жер беті көліктер тобына жататын машиналар ауаны ластаушыларға жатады.
Атмосфераға жылына 150 млн. тоннадай күкірт (IV) оксиді бөлінеді. Олар негізінен түсті металлургияда сульфидті минералдарды “қайнау қабаты” пештерінде тотықтырғанда және жылу электростанциялары шығарады. Ауадағы SO2 газының көбеюі тыныс жолдарын түршіктіреді. Жауын-шашын, ортаның сутектік көрсеткішін (pH) төмендетіп, су қоймаларының қышқылдығын арттырып, оны мекендейтін тірі дүние өміріне қауіп төндіреді.
Күкіртті газдың атмосферадағы мөлшерін азайту үшін каталикалық тотықтыру арқылы күкірт қышқылына айналдыруға болады:
SO2 → SO3 → H2 SO4
Жанар майдың қоршаған ортаға әсері адамның улануына, ауаның улы заттарымен ластануына және өрт тудыру қаупіне әкеліп соғады. Қазіргі кездегі автомобильдер орта есеппен жылына 800 кг CO, 115 кг көмірсутектері, 38 кг азот оксидтерін көмір қышқыл газы мен шаңды атмосфераға шығарады. Көміртек (II) оксиді – иіс газы деп аталатын зат. Қан құрамындағы оттегі тасымалдайтын гемоглобинмен байланысуы себепті, организм оттегінің жетіспеуінен уланады. Көміртектің табиғаттағы айналымына жанар және жағар май өндірісінің қарқынды іске қосылуы үлкен әсерін тигізеді. Мұнайды өндіру, тасымалдау, өңдеу кезінде оның едәуір бөлімі энергетикалық шығынға ұшырап, әрі планетамыздың атмосферасына, құрлық, өзен, теңіз, мұхит суларын ластайды. Мұнай және мұнай өнімдері суларында тіршілік ететін өсімдік және жан-жануар дүниесіне өте қауіпті. Зерттеушілердің мәліметі бойынша соңғы 20 жылда гидросферадағы тірі организмдер 40%-ға кеміген. Мұнайды өңдеу арқылы алынатын жағар-жанармайлармен қатар өңдірілетін метил спирті, аммиак, генератор және табиғи газдар да улы. Мысалы метил спиртінің буы адам көзін зақымдаса, аммиак адам өкпесін қабындырады. Антифриз ретінде қолданылатын суытқыш сұйықтарына қосылатын этиленгликольдің де улылығы өте жоғары. Ең көп тараған жанар май бензиннің тіршілікке көптеген зиянды әсері бар, оның 50 мг/л-ден асса, адам миындағы тыныс орталықтарын істен шығарып, өміріне қауіп тудырады. Сондықтан бензинмен улану қаупі бар жерлерде: қоймаларда, машина жөндеу орталықтарында желдеткіштер дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз еткен жөн. Бензиннің қай маркасын алмасақта өте улы. Бұл қасиеті оған антидетонатор ретінде қосылатын тетра этил қорғасын Pb(C2H5)4 әсерінен одан да бетер артады, ол ферменттік жүйеге әсер етіп, зат алмасу үдерісін бұзады. Жанар майдың жану өнімінде сынап болады. Ол тіршілік етуші дүниенің жүйке жүйесін зақымдайды. Қоршаған ортаны осы аталған зиянды заттардан қорғаудың бір жолы сутектік технологияны шешу, жылулық (электрохимиялық) элементтер мен атом энергетикасын дамыту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |