Полистирол - декоративті шыны және түсті плиткалар әзірлеуде қолданылады.
Полиметилметакрилат - органикалық шыны әртүрлі түске боялады, одан химиялық карозияға төзімді декоративті плиткалар, үй қабырғасына жабылатын “түсқағаздарын” әзірлейді.
Поливинилхлорид (ПВХ). Бұл полимер винилхлоридті СН2=СНСl полимерлеу арқылы алынады. Құрылыста ең көп қолданылатын полимерге жатады, одан линолеум, жууға жарамды үй қабырғаларына желімдейтін жабындар (обои) т.т. әзірлейді.
Егер ПВХ-ға пластификаторлар қосылса, оның пластикалығы және аязға төзімділігі артады, ал пластификатор қосылмаған ПВХ (винилпласт) механикалық және агрессивті заттарға төзімдірек болады.
Достарыңызбен бөлісу: |