Органикалық қосылыстар §1 Органикалық заттар ерекшеліктері мен халық шаруашылығындағы маңызы


§8 Қазіргі кезде құрылыс индустриясына қолданылатын органикалық заттар



бет8/16
Дата25.04.2022
өлшемі333,81 Kb.
#32131
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
лекция -14

§8 Қазіргі кезде құрылыс индустриясына қолданылатын органикалық заттар.

а) Жоғары молекулалы қосылыстардың кейбір өкілдері (полимерлер)

Кремний органикалық полимерлер – салыстырмалы молекулалық массасы үлкен, тармақты құрылысты заттар, олардың негізгі тізбегі кремний және оттектен тұрады, бұл элементтер байланысы заттарға термиялық және химиялық тұрақтылық қасиет береді.

Кремний органикалық полимерлердің ароматты көмірсутектерде немесе басқа да еріткіштердегі ерітінділерін ылғалға, жылуға төзімді лак ретінде пайдалануға болады. Осы лактар негізінде құрылыста коррозияға төзімді жабындар әзірленеді.

Термореактивті кремний органикалық полимерлер изоляциялық материалдар, шыны талшықтарын әзірлеуде қолданылады.

Кремний органикалық желімдер ұзақ уақыт бойы 300–350оС аралығында суға төзімді келеді. Бұл заттарды ағаш, құрылыс материалдарының бетіне сіңірсе, оларға отқа, суға төзімділік береді. Гидрофобтты (су өткізбейтін) заттарды материал бетіне жалатқанда оның қуыс-қуыстарына кіргенімен, оған ауаның өтімділігін кемітпейді.

Құрылыс материалдары үшін натрийдің алкилсилоняты (ГКЖ-10, ГКЖ-11) қолданылады. Олар суда жақсы ериді, иіссіз, әрі арзан. Бұл затпен құрылыс материалдарын: кірпіш, құрылыстық тас, цемент, бетон шифер, мрамор, гипс, асфальт ағаш бетін өңдеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет