Сульфитті-ашытқылы қоспа (бражка – СДБ), құрғақ ағаш құрамында 40–60% целлюлозасы бар, қағаз – целлюлоза талшықтарынан тұратын құрылыс материалы. Ағаш көптеген химиялық реагенттерге төзімді зат, оған әлсіз сілтілік орта әсер етпегенімен, қышқылдық ортада (рН≤2) бұзыла бастайды. Ағашты үш бағытта өңдейді: 1) термиялық ыдырату; 2) целлюлоза-қағаз; 3) гидролиздік өндіріс (спирт, сірке қышқылы, скипидар, канифоль т.т. алу).
Целлюлозаны сульфиттік пісіру және биохимиялық өңдеу нәтижесінде сульфитті-ашытқылы қоспа (СДБ) алынады, ол өте беттік активті зат (ПАВ). Бұл зат пластификаторлар ретінде, мұнай құбырларын бұрғылау кезінде сазды ерітінділерге, құрылыста цемент-бетон ерітінділеріне қосылады. СДБ бетонның беріктілігін, суыққа, газ бен су, тұзға төзімділігіне әсер етеді. Ал, ағаш бетіне сіңірілсе, оның отқа төзімділігін арттырады.
Полиэтилен (-құрылыстың техникада кеңінен қолданылатын полимер. Одан су, агрессивті сұйықтықтар өтетін құбырлар, кабельдер, шлангтер, корозияға төзімді декоративті плиткалар әзірлейді.
Полипропилен (-СН2-СНСН3- полиэтиленге қарағанда механикалық қасиеттері жоғары, сондықтан одан әртүрлі диаметрлі құбырлар әзірленеді. Полипропилен ұнтақтарын қосса, оның жоғары температураға төзімділігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: |