Органикалық қосылыстар §1 Органикалық заттар ерекшеліктері мен халық шаруашылығындағы маңызы


§2 Органикалық химияның теориялық негіздері



бет2/16
Дата25.04.2022
өлшемі333,81 Kb.
#32131
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
лекция -14

§2 Органикалық химияның теориялық негіздері.

А.М. Бутлеровтің құрылыс теориясы

Органикалық химия салыстырмалы алғанда жас ғылымға жатады. Алайда, адам баласы өзі тіршілік ете бастағаннан-ақ тері өңдеу, әртүрлі өсімдіктердің тұнбасын, сірке суын, сабын алу, мата бояу жұмыстарын атқару кезінде көптеген органикалық заттармен оның өзгерістерін жүзеге асырды.

Жинақталған көптеген экспериментті материалдарды жұйеге келтіру және жаңадан алынатын фактілерді түсіндіру үшін теория қажет болды. Органикалық химияның алғашқы теориясы – «радикалды теориясы» (Берцелиус, Дюма, Либих, Велер, Гей-Люссак).

Өткен ғасырдың 40- жылдары «типтер теориясы» (Жерар, Лоран, Дюма) дүниеге келді. Ал, атом-молекулалық ілім негізінде 1860 жылы орыстың ғалымы А.М. Бутлеров органикалық заттардың құрылыс теориясын ұсынды. Теориясының негізгі идеяларын 1861 жылы «Заттардың химиялық құрылысы туралы» еңбегінде жариялаған қағидалары төмендегідей:

1) органикалық заттар құрамына кіретін атомдар бір-бірімен өздерінің валенттіліктеріне сай белгілі бір байланыстар түзеді, көміртек- төрт валентті;

2) зат қасиеттері а) оның құрамына кіретін атомдардың сапалық және сандық құрамына (гомологтық қатар); ә) атомдар мен атомдар топтарының байланысу ретіне (изомерия); б) атомдар және атомдар топтарының бір- біріне әсер етуіне тәуелді (индуктивті, мезомерлі эффект).

А.М.Бутлеровтің химиялық құрылыс теориясының маңызы зор. Бұл теория көмегімен көптеген қосылыстардың алынуы мен физико-химиялық қасиеттерін болжау мүмкіндігі туады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет