Органикалық қосылыстар §1 Органикалық заттар ерекшеліктері мен халық шаруашылығындағы маңызы


§3 Гидросфераны, топырақты қорғау



бет15/16
Дата25.04.2022
өлшемі333,81 Kb.
#32131
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
лекция -14

§3 Гидросфераны, топырақты қорғау

Су біздің жер шарының бетінің 3/4 бөлігін алып жатқан басты химиялық зат, көп мөлшерде жер қыртысында кездесетін табиғи минералдар құрамында және барлық тірі дүние массасының жартысын құрайды. Су өлі табиғат пен тірі дүниеде жүретін үдерістерде маңызды роль атқарады. Оны халық шаруашылығының бар саласында және күнделікті тұрмыста жиі пайдаланылатын зат.

Т. Хейердальдің “Мұхитта ұлтық су дейтін болмайды”, - деген сөзін еске алсақ, бүкіл жер шарын мекендеген барлық ел су көздерінің тазалығына, оның сақталуына ат салысуы қажет. Мысалы біздің Арал теңізіміздің суының тартылуы әлемдік дәрежедегі үлкен алапат екендігіне көзіміз жетті. Антропогендік ластаушы заттар ауамен де, сумен де үлкен қашықтыққа тарайды, “Қышқылдық” және радиоактивті жаңбырлардың жаууы экологиялық жүйедегі тепе-теңдікті бұзып, экономикалық және эстетикалық жағынан үлкен зиян келтіреді. Топырақтың, судың құрамы өзгеріп, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы төмендеп, мөлшері азаяды, әр түрлі металдан жасалған конструкциялар, құрылыстар, ескерткіштер бүлінеді.

Сондықтан топыраққа шашатын минералды тыңайтқыштар, өсімдік зиянкестеріне қарсы пайдаланылатын химикаттар, дефолионттар мөлшерін ретпен, қадағалап отыру керек.

Табиғи су әр түрлі қосылыстарға бай, оның мөлшері су көзінің табиғи орнына және оған деген адамзаттың қатынасына тәуелді. Су қоймалары өндірістік және күнделікті тұрмыста пайдаланылған сулармен ластанады. Ондағы тіршілік атаулы химикаттар – ауыр металдар иондары мен жер бетінен шайылатын тыңайтқыштармен уланады.

Судың басты көрсеткіші ондағы оттегінің мөлшері. Ол су қоймаларын мекендейтін тіршілік атаулының өмір сүруіне қажет болса, екінші жағынан аэробты бактериялар әсерінен өсімдік пен жануарларының қылдықтарының толық тотығуына жұмсалады. Сөйтіп, су өздігінен де тазарып жатады.

Су үш агрегатты күйде бола алатын, меншікті жылу сыйымдылығы жоғары зат. Осы қасиет жер бетіндегі ауа райын реттеп отыруға себепші болады. Қатты судың (мұз) тығыздығы сұйық күйіндегісінен төмен, бұл қасиет су астын мекендейтін тірі дүниенің өмір сүруіне қолайлы жағдай тудырады.

Судың физикалық қасиеттеріндегі ерекшеліктерінің барлығы бұл заттың молекула құрылысындағы ерекшелігіне, молекула аралық сутектік байланыстарға тәуелді болады.

Біздің планетамыздағы су екі түрлі ащы және тұщы. Мұхит, теңіз сулары негізінен ащы, ал жер асты және өзен сулары тұщы. Жер бетіндегі судың 97,2% әлемдік мұхиттарды, тұщы су – 0,6% - н құрайды, жер асты суларында 0,1% - ащы су.

Әлемдік мұхит, теңіз суларын элементтер қоймасы деуге болады, оның - да кг еріген зат болады. Казіргі кезде теңіз суларынан тек үш зат қана өндіріледі, олар: ас тұзы, бром, магний.

Табиғатта кездесетін ауыз суының мөлшері шектеулі болғандықтан, адамзат баласы оны күнделікті тұрмыста үнемді пайдаланып, ластануына жол бермеуі тиіс.

Ауыз суын әзірлеудің өзі бес сатыдан тұрады: механикалық қоспалардан сүзу, тұндыру, құм арқылы сүзу, аэрация, стерилизация (хлорлау, озондау).

Түрлі эпидемиялық аурулардың алдын алу үшін суды тазарту және залалсыздандыру қажет. Бұл мәселені шешу үшін реагенттік және реагентсіз (ультрадыбыс, электрофорез, магнит өрісімен т.т) әдістері қолданылады. Күнделікті тұрмыста қолданылатын суды хлорлап, ондағы органикалық заттарды биохимиялық тотықтырудан өткізеді. Ағынды суларды радиациялық (γ-сәулелерімен) тәсілдерін пайдаланып, ондағы зиянды микродүние мен улы заттардан тазартса, өндірістік судағы ауыр металл иондарын тұндырып, бөліп алуға болады. Суды тазарту барысында біз қарастырған мына



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет