Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі
Бүкіл халық ұстанатын тәлім – тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың , жалпы мінез – құлқы, іс – әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез – құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез – құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелрін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады. Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет – ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың психологиясын, сана – сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зертттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан.
Жалпы, бүкіл халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни, белгілі бір этностың, жалпы мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез-құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Ол сонымен бірге, адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда, біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады.
Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Ол жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек, Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б) пайда болды. Қазақ топырағында, бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зерттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан.