Орындаған: Дандибаева : Б. О тексерген


Қазақтың ұлттық мінезі, оның кейбір ерекшеліктері



бет8/17
Дата05.03.2022
өлшемі77,36 Kb.
#27111
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Қазақтың ұлттық мінезі, оның кейбір ерекшеліктері

Бұл – өте күрделі, әлі де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған Н. Назарбаев «Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние» дейді.
Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас, жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасын «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән -мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеруі; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; жаудан беті қайтпау;  сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, Құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б). Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды мақал мен мәтінді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым, көшіп-қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру – тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналады. Осы айтқанымыздың дәлелі болып табылатын кейіннен мақал болып кеткен «Өнерді үйрен де, жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ», «Жауда жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқан батырым» сияқты бесаспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздер біздің заманымызға дейін жетті. Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білді, әр адамның қадір-қасиеті, оның жасына, жол -жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отырады. Мұндай қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ер жете келе ортақ мүдделілікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік белгісін түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай, көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға төрелік айту сияқты этностық таптауырындар (стереотип) кең өріс алды. Әрине, осы топтық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктерінің де болатындығы еске алынды. Мәселен, көшпелі халық қыз баланы ерекше қадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт» дейтін болды.
Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріп жатқан терең саяси-экономикалық өзгерістер халқымыздың баға жетпес рухани   байлықтары: тіл мен ділі, діні мен тарихы, өнері мен әдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен шаруашылығына (қолөнері, киім-кешегі, ою-өрнегі, әуез аспаптары, үй жиһазы, т.б.) байланысты небір  асылдарды, қысқасы, ұлттың бүкіл болмыс-бітімін (менталитетін) жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әрине, еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері – қазіргі қазақтардың психологиясында, осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын, өйткені, қазақ этносының қазіргі бүкіл тыныс-тіршілігінде, отбасындағы әдет-ғұрпы мен салт-дәстүр, жөн-жосық, жол-жоралғысында кең байтақ өлкемізді біраздан бері мекен етіп келе жатқан басқа этностар мінездерінің элементтері де көрініс беріп жүр. Десе де, бәз біреулер айтып жүргендей, біз жылқы мінезділіктен айырылған, «қой мінезді» момын, жуас, намысы жаншылған халық емеспіз. Жеріміздің ұланғайыр кеңдігі мен мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқын соғыс пен қуғын -сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық – біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы. Әрине, патшалық отарлау мен большевиктік империялық саясат тудырған ұнамсыз қасиеттердің біразы бізде қазір де баршылық. Қанымызға әбден «сіңіп» жағымпаздық пен жалтақтық, даңғазалық пен күншілдік, арызқойлық пен жалақорлық, бойкүйездік пен салғырттық, жалқаулық пен шалағайлық, т.б. осы секілді келеңсіз қасиеттер әлі күнге дейін алдымызға оралып, заман талабына бейімделуге бөгет болып отыр. Әсіресе, Кеңес өкіметі жылдарында ұлттық мінезімізге дінсіздік, спирттік ішімдікке әуестік, келеңсіз тіршілікке құмарлық, бақталастық, т.б. (бұлар бұрын-соңды қазақтың түсіне де кірмеген мерез қасиеттер еді) осы сияқты жағымсыз қасиеттер келіп қосылды. Бізде, бұдан басқа еліктеп-солықтаулар (батысшылдық, ермелік, еліктеушілік, желөкпелік, т.б.) жетіп артылады. Бұл жәйт еңсемізді көтертпей, құлдық психологияның шырмауынан шығуға кесірін тигізіп-ақ келе жатқанын естен шығармауымыз қажет.


Қазақ халқы сонау есте жоқ ескі заманнан өзінің қадір-қасиеттерін қызғыштай қорғап, көздің қарашығындай сақтап, бүған шаң жуытпай, өз үрпағын ауыздандырып і келген ел. Сондықтан да казіргі үрпақ осынау үлттық қасиеттерімізді ерекше қастерлеп, мақтан түтып, жас өскіндер осы рухта тәрбиеленулері тиіс.

Төменде қазақтың үлттық мінез бітістерінің кейбір   жақтарына сипаттама беріліп отыр.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет