Дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда, бұлттық қызметтер үлкен инфрақұрылымдарды басқаруға, бір бұлттағы әртүрлі пайдаланушы топтарына қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар бұлттық қызмет провайдеріне толық тәуелділікті білдіреді. Білім беруде бұлтты технологияларды қолданудың мысалы ретінде электронды күнделіктер мен журналдарды, оқушылар мен оқытушыларға арналған жеке кабинеттерді, интерактивті қабылдау бөлмесін және басқаларын атауға болады. Бұл оқушылар ақпарат алмасуды жүзеге асыра алатын тақырыптық форумдар. Бұл сонымен қатар оқушылар мұғалім болмаған кезде немесе оның басшылығымен белгілі бір оқу міндеттерін шеше алатын ақпаратты іздеу. Ол үшін қолдануға болады: - компьютерлік бағдарламалар - электронды оқулықтар - диагностикалық, тестілік және оқыту жүйелері - қолданбалы және аспаптық бағдарламалық құралдар - телекоммуникациялық жүйелер (электрондық пошта, телеконференциялар - электрондық кітапханалар және басқалар. 6.Білім беру ұйымдары бойынша электронды үкімет мүмкіндіктерін пайдалану (egov, Даму мед т.б.) Өзіңіз мінсіз деп білетін қоғамды елестетуге тырысыңыз. Мықты денсаулық, жақсы жұмыс, қамсыз тірлік, өмір сүруге қолайлы жағдайлар - бұл тізім ұзыннан-ұзақ жалғасуға бар және жеке басымдықтарға байланысты қажетті аспектілермен толықтырылуы да мүмкін. Әйтсе де, мұндай қоғамның ажырамас бөлшегі мемлекет болып табылады. Азаматтарының қамын ойлайтын мемлекет. Әрбір азаматтың әлеуетін мейлінше жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратын мемлекет. Азаматтардың заңды құқығының қорғалуы мен сақталуына кепілдік беретін мемлекет. Азаматтардың мұқтаждығы мен қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекет. Арадағы өзара әрекеттестік қарапайым, ұғынықты және қолжетімді болатын, адамдар үшін құрылған мемлекет.
Қазақстандағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуы кем дегенде соңғы екі пікірдің жүзеге асуына кепілдік бере алады. Дәл осы азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді және түсінікті ету үшін электрондық үкімет тұжырымдамасы әзірленді.
«Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «электрондық үкіметті» құрудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығы «электрондық үкіметтің» порталын құруға негіз болды.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» порталын басқару мен сүйемелдеуге тікелей қатысады. «Электрондық үкіметтің» порталы 2006 жылдан бастап жұмыс істейді.
Электрондық үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Бұрындары әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтардың алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан өтуіне тура келетін. Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға мәжбүрлейтін. Бүгінде электрондық үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.
Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.