Орындаған: Калдай Гүлим Ерланқызы Тақырып: Логикалық-теориялық зерттеу әдістерінің ерекшелігі



бет2/3
Дата09.10.2022
өлшемі1,04 Mb.
#42046
1   2   3
Байланысты:
логикалық зерттеу

ҚОРЫТЫНДЫ

Ұстаз – шәкірт жүрегіне жол табатын, оның жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына жауап беретін жан. Ұстаз алдындағы шәкіртінің жан-жақты тәлім-тәрбие алуына, олардың ішкі қабілетін анықтауға, дарынын шыңдауға, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағынан сусындатуға жағдай жасайды. Шәкірт даналықты, ақылдылықты, көрегенділікті бойына жастайынан отбасынан, ата-анасынан, бертін келе ұстазынан дарытады. Өз білгенін, көргенін шәкіртіне жеткізе білу, оның ой-өрісінің сағат санап өсуіне ықпал жасау – ұстаздың басты мақсаты. Егер әр ұстаз шәкірттерінің жан-жақты білім , тәлім-тәрбие алуына , олардың ішкі қабілетін анықтауға , дарынын шыңдауға, көздеген мақсатына жетуге ықпалын тигізсе, ол ұстаздың жетістігі болып табылады.[19,20-36b]
Cонымен, жаңа форматтағы мұғалім дегеніміз кім?
Жан – жақты дамыған, жаңа технологияны меңгерген, оқушының жан дүниесін түсінетін, кәсіби шеберлігін оқыту мен оқуда қолдана алатын ұстаздарды атауға болады. Қазіргі таңда осындай ұстаз болу үшін елімізде көп мүмкіншіліктер жасалған.
Елбасының қолдауымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы біліктілікті арттыру институтында, Педагогикалық шеберлік орталығында ұйымдастырылған білім жетілдіру курстарын атап айтуға болады. Кембридж университеті ұсынған деңгейлік оқу бағдарламалары , «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы, «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасы, жаңартылған білім беру бағдарламасын жетік меңгерген мұғалім жаңа форматты мұғалім бола алады деп ойлаймын.
Сонымен қатар, қазіргі таңда білім беру мекемелерінде үштілді оқыту да талап етілуде. Осы орайда жаратылыс тану пәні мұғалімдері үшін де тоғыз айлық білім жетілдіру курстары ұйымдастырылған.
Еліміздің бізге жасап жатқан мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, кәсіби шеберлігімізді арттырып, сын тұрғысынан ойлай алатын, креативті, ұстанымы жоғары ұстаз болу - жаңа форматты мұғалім міндеті..

Ұстаз жолының қиын да, қисыны көп жолдардан тұратынын біле тұра осы жолды таңдаған себебім-еңбегімнің жемісі ретінде шәкірттерімнің білім нәрімен сусындап, білім шыңына жетелей отырып, болашақ өмірімізді жарқын көргім келеді. Ия, ол мақсатқа жету үшін мына біз үнемі өзгеріс үстінде және мектепте тиімді ұстаз болу үшін біліктілігімізді үздіксіз арттырып отыруымыз қажет. Ол үшін жақсы ұстаз –оқушылардың әлеуметтік және жеке тұлға түрінде дамуы үшін өзінің жауаптылығын сезінуі қажет. Адам өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады. Бірақ, бәрінен де көңіліме жақсы әсер қалдырғаны – біздің осы курстың ( «Білім беру сапасын арттыру жағдайында оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылық бағытын арттыру) «бетпе бет» кезеңінде алған теориямызды практикамен ұштастырып, ол практиканы жүргізе отырып, мүлде басқа көзқарас қалыптасты. Оқушыларды еркін сөйлету, олардың әңгімелесуі, топтасып, жұптасып, қызыға жұмыс жасауы, танымдық қабілеттерін дамыту, сергіту сәттерін тиімді ұйымдастыру, қабілеттерін ұштау, сергіту, сыныптағы жақсы психологиялық ахуал туғызу, сыни көзқарастарын қалыптастыру, жаңа әдіс –тәсілдерді әрбір сабаққа шебер қолдану – мұның барлығы кәсіби қызметімді өзгертуі мүмкін деп әбден айта аламын. Тәжірибе кезінде оқушыларымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінін ойлаймын. Себебі сабақ бастамас бұрын оқушыларымның сабаққа де¬ген көңіл күйін білу мақсатында түрлі тренингтер ұйымдастырып жақсы психологиялық ахуал туғызу, таңғажайып ба¬лалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді. Пәк, көңілді оқушылармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Осы қуаныш пен сенімнің болуы – әр ұстаздың бақыты деп ойлаймын. Жалпы, мектептегі тәжірибеден өте отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана от-ырып, оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастырып, сынып ішінде еркіндік беру, сыныптастарымен әңгімелесуге мүмкіндік беру, оқушыларды бір-біріне бет¬пе-бет отырғызу, сергіту сәттерін тиімді ұйымдастыру, сабақта ынтымақтастық орнату, оқушылардың өзін- өзі бағалауын, топтардың бір -бірін бағалауын жүзеге асыру, сыныптағы талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, АКТ тиімді пайдалану, сыныптың жас ерекшеліктеріне сай жұмыстарды жоспарлау, өткізетін сабақты жан- жақты әзірлеу, талдау жұмыстарын жүргізе отырып «Жаңа мұғалім» атағына сай болуымыз қажет деп ойлаймын.
Жаңа технологияларды пайдаланған кезде оқушылардың пәнге қызығушылығы мен болжау қабілеттері артады, жаңалықты тез қабылдауға, өз бетінше шығармашылықпен ізденуге бейімделеді.
Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті, жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Сабақта әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалану, оқушының жеке басын құрметтей отырып, білім беру – қазіргі оқытудың негізгі талабы, өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» дегені әр ұстаздың жадында болуы тиіс.
Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті мұғалім», «мұғалім идеалы», «шебер мүғалім» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты мүғалім» термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Жоғары мектеп педагогикасы теориясында зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі – педагогикалық модельдеу мәселесі. Жоғары білім беруді модернизациялау ең алдымен оның мазмұнын терең жаңартумен байланысты. Тек қана информатика пәнінің мұғалімі ғана емес, сонымен бірге кез келген пән мұғалімінің ақпараттық технологияны меңгеруі - жаңа тұрпатты мұғалімге тән басты белгі деп айтуымызға болады.
Жаңа тұрпатты (формациялы) мұғалімнің ақпараттық технологияны меңгеруі жоғары оқу орнында қалыптасатын болғандықтан, оқытушылардың ақпараттық сауаттылығы, олардың кәсіби деңгейінің заманауи талаптарға лайық болуы, студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қамтамасыз ету, олардың барлық оқу формалары бойынша іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қажеттігі туындайды.
Қытай философы Конфуцидің «Маған жәй айтсаң - ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын ал, өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң меңгеремін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Қазіргі кезеңдегі даму әділетті түрде «ақпараттық төңкеріс» деп аталады. Испан ғалымы Ян Карлсон «Ақпаратпен қаруланбаған адам қолына жауапкершілікті ала алмайды» - дейді.
Сондықтан, білім беру жүйесін табысты енгізу үшін төмендегі мәселелерге баса көңіл бөлініп отыр:

  • жаңа ақпараттық технологияны белсенді қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;

  • жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;

  • Жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша білім алушыларды мамандыққа баулу механизмін құру;

  • біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

  • мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, медиатека қорымен қамтамасыз ету;

  • отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;

  • мултимедиялық техниканы сауатты және нәтижелі пайдалану жолдарын қарастыру.

ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа Жолдауында кадрларды қайта даярлау және қайта оқыту жөніндегі жүйелілік жұмысты дамытуда мынандай мақсаттарды көздеу керек деп атап көрсетті:
- жаңа мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін әрбір адамның оқу мүмкіндігі болуы тиіс;
- экономиканы еңбек ресурстарына деген болашақ сұраныстарын қамтамасыз ету;
- шетелдік жұмысшыларды отандық кадрлармен біртіндеп алмастыру.
Осы мақсат негізінде біз кадрларды қайта даярлау және біліктілігін көтеру үшін сағат саны көлемді арнайы курс ашуды ұсынамыз.
Курстың мақсаты: Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімнің кәсіби бағытталуын қалыптастыру. Теориялық – әдістемелік тұрғыда негіздеу, оны ғылыми әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіріп, «Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап бере алатын жаңа формациялы мұғалімді дамытып, қалыптастыру.

Курс 3 модульден тұру керек:


1 – модуль: Педагогика және психология ғылымдарының теориялық және әдістемелік негіздері мен инновациялық технологияларды меңгерту.
2 – модуль: Білім беру саласына қатысты заңды күші бар мемлекеттік құжаттарды меңгерту.
3 – модуь: Практикалық бөлім.
Курсты аяқтаған білім берушілерге педагогикалық праксеологияны жетік меңгерген «Новатор педагог - менеджер» біліктілігін беру қажет.
Қорыта айтқанда жаңа ғасыр педагогы ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, өзіне сыни көзбен қарай алатын, ұлттық мемлекетшілдігі жоғары, кез-келген жағдайдан шығу жолын таба алатын, ұтқыр, өз ісіне деген сүйіспеншілігін шәкіртеріне деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алатын, теориялық білімін білім алушыға жеткізудің әдіс-тәсілдерін меңгерген дара тұлға болуы тиіс.
Жаңа форматтағы ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі - жылы, көңілі - дарқан адам болуы керек.
Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу.
Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл болуы қажет. Сонда ғана сапалы білім беру – Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет