Тәрбиенің келесі мәдени-гуманистік функцияларын бөліп көрсетуге болады: адамға өмірлік қайшылықтарды жеңуге мүмкіндік беретін рухани күштерді, қабілеттер мен дағдыларды дамыту;
әлеуметтік және табиғи саланың бейімделу және даму жағдайларында мінез-құлық пен моральдық жауапкершілікті қалыптастыру;
интеллектуалдық және моральдық еркіндік пен жеке дербестікке жету үшін қажетті құралдарды меңгеру;
шығармашылық даралықты өзін-өзі дамытуға және рухани әлеуеттерді ашуға жағдай жасау.
Қорытынды Өзекті мәселелердің бірі болып отырған «Қазақстан - 2050» жолдауында да, «Білім туралы» заңда да, оқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған.Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, ғалымдардың пікірінше, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушының оқу әрекетінің қалыптасуы, оқуға деген ынтасының арттыруы. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес. Сол себепті бастауыш сыныптарда 12 жылдық білім беруге толық көшудің алдында, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгеру керек.
Бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмүнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Француз қайраткері «Адамға оқып - үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей, оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды.Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу - оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық - коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін «үнемі оқып - үйрену және өзін-өзі жасау» талабын қалыптастыра алады.
Өскелең үрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім бере отырып, болашақтың іргесін Елбасымызбен бірге қалап, бірлігімізді одан әрі нығайтып, білім сапасын жаңғырту мен жаңарту жолында ел игілігі үшін, ұрпақ үшін аянбай қызмет етеміз. Жарқын болашағымызға нық сеніммен алға басамыз.