Орындаған-Тұрғынбаева Т. Ж тобы- б-3-20 Жетекшісі



бет4/8
Дата02.06.2023
өлшемі53,94 Kb.
#98076
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
абота

3
Ұстаздық әдеп- мұғалімнің аса бағалы педагогтік қасиеті, адамдар арақатынасының түрлі мағынасында қолданылады. Әдеп-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына жағдай. Әдепті адамдар басқаларға барынша жақсылық жасап, қуаныш әкелуді тілеп тұрады.Әдепті ұстаз басқа адамдармен не оқушылармен қарым-қатынас жасағанда ақылға салып ойланып сөйлесіп, сергек болады.
Педагогикалық әдеп-кәсібіміздің ең маңызды элементі. Педагогикалық әдеп, педагогтік әдепсіздік бар. Бір мұғалімнің әдепсіздігі, басқа мұғалімнің тәрбие ісіне кесірін тигізуі мүмкін.
Ұстаз педагогтік кәсіпті таңдаған соң педагогтік әдепті, білім мен іскерлікті саналы түрде иге-ріп, оқушыларды оқытуда, тәрбие беруде, адамгершілік этикасын жоғары ұстаған жөн-«Адам-ға барынша талаптар қою керек, бірақ, сонымен бірге, оны барынша құрметтеу керек» [А.С.Макаренко].
Мұғалімнің әдептілігі де оқушылармен қарым-қатынасында жетекші орын алады. Әдеп-тілік- мұғалімнің шыншылдық, қарапайымдылық, сабырлылық көрсетуі, өзін-өзі басқарып,ұс-тамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы және әр түрлі жағдайларда оқу-шылармен,өзге адамдармен қарым-қатынас жасай алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәр-тібі. Әдепті мұғалім әр уақытта оқушылардың құрметті адамы. Олардың айтқанын оқушы-лар мүлтіксіз орындайды және өнеге тұтады. Тіпті, әдепті мұғалім оқушының мұраты да болуы мүмкін.
Қазіргі кезде оқушыларды құрметтеу зор маңыз алып отыр. Оларға асқан адамгершілік-пен қарап, берген тапсырманы мүлтіксіз орындайтын дәрежеге жеткізуге тиістіміз. Сөйтіп, ұстаз – ең алдымен оқушылардың айнымас жан досы, олардың ең жақын көретін адамы, жамандықтан арашалайтын панасы. Бір сөзбен айтқанда, педагогтік әдеп, оқушылардың ай-нымас жан досы, олардың ең жақын көретін адамы, жамандықтан арашалайтын панасы.
Оқушыларға әдепті болу, олардың ар-намысын құрметтеп отыру. Мұғалімнің оқушылар-ға әдепті болуының екі жақты ықпалы бар. Біріншіден,өзара сыйласудың жалпы мәнін және оқу-таным әрекетінің зорлықсыз екенін көрсетеді. Екіншіден, оқушыларға сыпайылықты және қоғамға қажетті тәртіпті қалыптастырады. Баланы балағаттау, оларға тәкаппарлық, менмендік көрсету, зорлық жасау, әдептіліктің болмаса ақыл-ойын дамытудың жолы емес, ал оларды жауапкершілікке,тәртіптілікке өзгені сыйлауға үйрету, тек баланы құрметтеу арқы-лы іске асады. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі шығармашылық іс-әрекетіне, байланысты. Бұған сай жаңашылдық танытады, яғни оқу-тәрбие ісінде тиімді педагогикалық нәтижеге жетеді.
Бұл - қол жетпейтін деңгей емес, қажымай-талмай ізденіс жасаған мұғалімдердің мәресі.
Ұстаздық талант. «Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін.Талант көбіне ақын-жазушыларда, әртістерде , өнертапқыш адамдарда кездеседі. Ал «Мұғалім болу - талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» -деген сұрақ тұрады. Ұстаздың бәрі бірдей талант-ты болып тумайды.Егер кез келген мұғалім ынта-ықылас қойып,табандылық танытатын бол-са, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді,саяси жағынан есейген азамат бол-са, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете біліп, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттері-не ие бола отырып,педагогтік кәсіпті жақсы меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе,онда талантты ұстаз бола алады.
Ұстаздық шеберлік ұстаздық талантпен тығыз байланысты.
К.Д.Ушинский педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогтік әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін айтады.

4
Педагогтік шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы емес , ол әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаз-дық шеберлік-1.мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі ; 2.пәнді жетік білген, ойын оқушыға толық жеткізетін, оқушылардың бойына әдеп, дағды сияқты моральдық нориаларды сіңіре білгендігі ; 3. оқыту мен тәрбие-леудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгендерін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагог-тік әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.Педагогикалық шебер-лікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс-тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы оқушыларға ерсі бол-майтындай дәрежеде болуы керек. Егер ол сыныпқа күлімдеп кірмей, қабағын түйіп келсе, қол сілтеп, бей-берекет сөйлеп,өз-өзінен абыржып тұрса ,жоқтан өзгеге ашуланып қалса,онда ол ұстаздың сабағын да оқушылар тыңдамайды, оқушылар алдында сенімнен де, абырой-дан да айырылады. Сондықтан педагогикалық техникада әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық қажет.


Әрине, өмірде бәрі де - ілгері басушылық, кері кетушілік , жабырқаушылық, бақытсыздық, т.б. болып жатады. Осындай сәтсіздігі басқа түскенде педагогтік көңіл күйі, әрине, өзгереді. «Ұстаз көңілсіздігі мектеп табалдырығынан аттар жерде қалуы тиіс» деген мақалға айналған сөздер ұстаздардың көңіл күйінде әрқашан шаттық үстем болуын қалайды.Мұғалім кей жер-де әртіске ұқсас. Ал нағыз әртіс өзінің көңіл күйін жасыра алады. Тәжірибелі педагог осылай болуға тиіс. Балалармен жұмыс істеудің ерекшелігі де осында. Балалар жайдары жүзді, шат көңілді, қуанышты болуды қалайды. Сөйтіп, балаларға білім беріп қоймай, жан-тәнімен, күш-жігерімен , мол сүйіспеншілігімен , өмірге құштарлығын сарқа білген, шығармашылықпен жұ-мыс істейтін тәжірибелі мұғалімдердің көп болуын өмір талап етіп отыр. Қазіргі кезде ұстаз шеберлігі осы күнгі мұғалім қауымына танылып жүрген жаңашыл ұстаздардың шығармашы-лық қызметінен көрінеді.
Қазақстанда да жаңашыл мұғалімдер күннен-күнге көбеюде. Қазіргі таңда оқытудың маз-мұнын арттырудың ғылыми негіздерін тереңдету және профильді оқып-үйренудің оқу жос-парлары, эксперимент жасаудағы кең мүмкіндіктер педагогикалық ұжымдардың шығарма-шылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр. Бірнеше авторлық және атаулы мектептер құрыл-ды.
Бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету-мұғалімнің мейірімділігі-мен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан-жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет