Орындаған-Тұрғынбаева Т. Ж тобы- б-3-20 Жетекшісі


Ұстаз жайында ұлы-ғұламалардың ой-пікірлері



бет5/8
Дата02.06.2023
өлшемі53,94 Kb.
#98076
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
абота

1.2. Ұстаз жайында ұлы-ғұламалардың ой-пікірлері


Әл-Фараби ілімі Шығыс халықтарының педагогикалық ой-пікірінің пайда болуына , дамуына және қалыптасуына революциялық төңкеріс жасады. Педагогикалық тәлім-тәрбиенің дам-уында сапа жағынан жаңа кезең ашқан-халықтық педагогиканың негізін қалады.Әл-Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші , халық қадірлісі.
Ұстаз өз шәкірттерінен адалдық ,сыпайылық , ізгілік, әділдік сияқты қасиеттерді көргісі кел-се,онда оның өзінде де осы қасиеттер болу керек қажет. «Мұғалімдік»[ұстаздық] еткен адам-ның өлшеуі тым өкпелі болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты үнемі ызғармен болса, онда оқушылар мұғалімді жек көретін хәлге жетеді.Егер тым босатып жіберген кішіпейілдік болса, онда оқушылар жағынан мұғалімдерді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі тұрады» деп жазды өзінің «Философияны үйрену үшін алдын ала не қажет?» деген еңбегінде.
Әбу Насыр Әл-Фараби ең әуелі ұстаз, ағартушы, оның бүкіл философиялық ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру , дамыту мақсатына арналған. Ол –адамдар- ды шынайы бақытқа жеткізу жолдарын табуды мұрат тұтады. Ұстаздың айтуы бойынша адам ғылым , философия негіздерін, теориялық білімдерді игеру,ал тәрбие – ол мұғалімнің,тәлім-гердің,адамға белгілі бір адамгершілік,құлық қалыптарын және практикалық өнерді игеру дағ-дыларын қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеті, ол шәкірттерге белгілі бір оң қасиетті, сапаны дарыту үшін қалай болса солай емес , белгілі бір мақсатты көздеген, саналы тәрбие жұмысына басты мән береді. Ғұлама тәрбие кезінде тәрбиеленушінің ерекшелігін ескеріп, әрбіріне жеке әдіспен дара қатынас жасауды талап етеді.
Ұстаздың пікірінше,оқу, білім алу, ғылым адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселе-лерімен тығыз байланысты. Мәселен, «Философияны үйрену үшін алдын ала не қажет?» деген еңбегінде бірінші алғышарт ретінде жан тазалығын, ар тазалығын қойған. Адам өмірі үшін, әсіресе ұстаздарға бұл құралдың қажеттігі түсінікті. Ұстаздың негізгі мақсаты-өз шәкірті-не білім беріп, ізгілікті ұстаздың өз бойында болуы шарт. Егер де өзінің бойында кездеспейтін болса, онда логика саласында надан есептелініп, қайсыбір мәселеде кімдікі жөн екенін, оның қалайша жөн екенін ажырата алмайды. Бұл жағдай ұстаз бойында кездесетін болса, сөзсіз оның беделін түсіріп, өз шәкірттерінің мінез-құлық, іс-әрекеттеріне дұрыс баға бере алмаған-дықтан, олардың арасында түсініспеушілік , кейде бір-біріне деген дөрекілік жүрген жерде әрине, логика, парасаттылық, туралы дұрыс түсінік болуы мүмкін емес. Сол себепті шәкірттің ой-талғамын жетілдіру, оның іс-әрекет жасауына көмектесу – ұстаз парызы.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөнінде тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ, бұл тұжырым – «оқушыларға саналы тәртіп, сапалы білім беру, пайдалы қоғамдық еңбекке баулу» деген сөз. Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбектің адамның жан-жақты дамуы үшін маңызы зор екенін атап көрсетеді.
Осы ой-пікірлер қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып , болашаққа оқу – білім сәулесін таратқан халқымыздың ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин шығармаларынан да кеңінен орын алды. Ы.Алтынсарин кәсіби білім беру жүйесін қалыптастырған ұстаздардың ұстазы болды. Ол 1882 жылы Н.И.Ильминскийге жазған хатында «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралы да , әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақы- лауы да оқытушыға тең келе алмайды»,-деп, қазақ халқының сол тұстағы аса бір өзекті мә-селесін көтеріп қана қоймай, өзі де сол істі жүзеге асыру жолында жан аямай жұмыс істеген.
6
Ағартушының пікірі бойынша оқушыны жақсы көрген ұстаз олардың болашағына жаңашыр-лықпен қарайды ,оқу бағдарламаларын барынша түсінікті ,ұғымды етіп береді, шәкірттерінің сеніміне ене отырып адамгершілікке тәрбиелейді. Ы.Алтынсарин еңбектерінің болашақ мұ-ғалімдерді ізгілікке , парасаттылыққа , достыққа тәрбиелеудегі орны ерекше. Ы.Алтынсарин халық даналығына сүйенеді.
Бұл салада ұлы ақын – философ, хакім Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасы бүкіл әлемге рухани құндылық болып есептеледі. Оның қара сөздерінде, өлеңдерінде оқу, өнер, білім, тәлім-тәрбие, көрегенділік, мінез-құлық, кісілік, кәсіп пен ұстаздық жайлары жан-жақты қарастырылып, сарапталады. Абай философиясында білім мен тәрбиеге қатысты адамның өз-өзіне жауаптылықпен қарауының талаптары бірінші қатарда тұрады. Ұстаздық кәсіптің қиындығы мен қызығы, жауапкершілігі тұрғысында да көп жазған. «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», - деп мұғалімге зор міндет артады.
Абай Құнанбаев мұғалім бір орнында тұрып қалмай, үнемі іздену, оқу, өсу үстінде болу керектігін, сол білгенін басқаға үйретуі қажеттігін ескертеді. Ең бастысы, болашақ мұғалім адамгершілігі мол, үлкен жүректі, әділетті болуы шарт. Өз дегеніне жету үшін мұғалімнің мінезі кең, ерік-жігері мол, ішкі жан дүниесі сұлу, баланы сүйе білетін, рухани жағынан таза адам болмағы ләзім. Абай адам мінезі рухани жан дүниесі мен ерік-жігері арқылы анықталды дегенді айтады.
Кезінде А. Байтұрсынов: «Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тіреледі: бірі ақшаға, бірі құралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу босамай, ауытқымай түзу жүреді. Ол үшеуі тең болмаса, оқу жұмысы аумалы жүк сияқты орнықсыз. Орнықты орын болмай қалт-құлт етіп оқытқан оқу білім үйретіп жарытпайды»,-деген болатын. Бұл бүгінгі күні де болашақ- та да мағынасын, мәнін жоғалтпайтын асыл сөз. А. Байтұрсынов болашақ мұғалімдерді даярлау туралы ой-пікірлерін «Тіл туралы», «Сауат ашқыш», «Әліпби», «Баяншы», «Әдебиет танытқыш» т.б. еңбектерінде жан-жақты айтып өтті. Автор осы еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Ол жүйенің элементтері: оқу-әдістемелік құралдар, оқулықтар және мектеп жұмысын жандандыратын ұлтжанды, адал, еңбекқор мұғалімдер керек деп қадап айтқан болатын.
Ж. Аймауытовтың ұлттық тәлім-тәрбие, әдеп, педагогика саласындағы терең де сындарлы пікірлері бүгінгі күні де өте өзекті. Өйткені ол көтерген өзекті мәселелер сол кездің өзінде-ақ халқымызға іздесе таптырмайтын аса құнды, тамаша үлгі-өнеге болған. Автор өз еңбектерінде ұстаз бен шәкірт арасындағы әр түрлі қарым-қатынастың ұлттың бояуымызға толы әр түрлі көріністерін сөз етіп, осы секілді ұлттық мектеп пен педагогикаға, ұлттық психология мен этикаға тікелей қатысты құнды пікірлер айтқаны белгілі.
Тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағына тұңғыш терең үңілушілердің бірі - Мағжан Жұмабаев. Автордың педагогикалық ой-пікірлерінде мұғалімнің рөліне зор мән беріледі. «Педагогика» еңбегінде: «Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару, баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек», - дейді . Оқулықтың «Сұлулық сезімдері» бөлімінде мұғалім тек сырт сұлулығымен ғана емес, ішкі сұлулығымен де ұнамды, сүйкімді болу керектігін айтады. М. Жұмабаев еңбектерінде болашақ мұғалімнің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне көп көңіл қояды. Ол ұлттық мәдениет және ізгілік туралы ойларын «Құлық сезімдері» атты бөлімінде одан әрі дамыта түседі. «Адам шын ізгі адам
7
боламын десе халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін», - дейді . Бұл еңбекте біз зерттеу жұмысымызға байланысты басты нысана – шеберлік, жан сұлулық, ізгілік.
Қорыта айтарымыз, жоғарыда атап өткен қазақтың ағартушы-педагогтарының ой-пікірлері бүгінде өз мән-мағынасын жоймай, өміршең болып отыр. Сондықтан болашақ мұғалімдердің парыздылық сана-сезімін, қалыптастыруда олар нұсқаған жолдарды елеп-ескерген жөн.
Ғылыми педагогиканың негізін қалаушы чех ғалымы Ян Амос Коменский (1592-1670) ұзақ жылдар бойы христиандық қауымдастықта мектепте басшылық қызметте болады. Ол мұғалімнің кодексін даярлап, балаларды тәрбиелеудегі негізгі алғышарт – ұстаздың болмысы, үлгі-өнегесі деп санады. Я. А. Коменский мұғалім қызметінің қоғамдық маңызына жоғары баға бере келе, былай деп жазады: «Оқытушының ең жақын қамқорлығы оқушыларын жақсы үлгімен алға тартудан білінеді. Оларға керемет лауазым тапсырылған, күн астында басқа мұндай керемет қызмет жоқ» . Ғалымның тұжырымдауынша, мұғалімдік қызмет ең мәртебелі мамандық түрі, ол адал, іскер, талап қойғыш, алға қойған мақсатына жетуге ұмтылатын жан, мұғалім өз оқушылары үшін сыртқы кескін-келбетімен де, рухани байлығымен де, мінез-құлқымен де үлгі болуға тиіс деп есептейді.
Я. А. Коменский идеяларын жандандырушылардың бірі неміс педагогы Адольф Дистервег (1790-1866) болды. Ол «Мұғалімнің өзіндік сана-сезімі» атты мақаласында оқытушының кәсіби қызметі мен мамандығы турасында «мұғалім өмірде ерекше қолтаңбасы бар, өмірге көзқарасын дамытатын және адамдармен қарым-қатынасын жетілдіретін, өзгеше тұлға даярлайтын жандар» деп жазған . Ғалым педагогикалық кәсіп мұғалімнің құндылық бағдарлары мен адамгершілік сипатына әсер етеді деп айтқан. А. Дистервег ұстазға қатаң талаптар қояды, оның қатарына: оқытатын пәніне жетік, білімді болу; өз мамандығын жан-тәнімен сүйе білу; балаларды жан жүрегімен жақсы көру; азамат ретінде алдыңғы қатарлы ұстанымдарды көздеу, тұрақты түрде білім деңгейін жетілдіріп отыру; сергек болу; қатал, талап қойғыш, адал болуы тәрізді қасиеттер енеді.
К. Д. Ушинскийдің педагогикалық мұраларынан да мұғалімдер көп пайдалы дүниелерді ала алады (1824-1870). Ғалымның пікірінше, ұстаз терең білімдар, берік ұстанымдарға ие жан болуы тиіс, «тәжірибелік психолог» болуы қажет. Сонымен қатар, Ушинский педагогтың кәсіби болмысының өлшемдеріне лайықты заңдылықтарды үйренуге шақырды: «Біз педагогтарға былай немесе басқалай істеңдер деп айтпаймыз, біздің оларға айтатынымыз: өздеріңіз басқара алатындай психикалық құбылыстардың заңдылықтарын терең меңгеріңдер, осы заңдарға сүйене отырып өз әрекеттеріңді биік мақсаттармен сабақтастыруға болады». К. Д. Ушинский мұғалімнің даярлығы жөнінде сөз қозғай отырып, бірінші кезекке мұғалімнің кәсіби шеберлігін қояды.
Халыққа білім беру ісінің көрнекті қайраткері А. В. Луначарский педагогтартың жеке басына қойылатын жоғары талапқа ерекше көңіл бөле отырып, осы талаптарды жүзеге асыруда мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу рөлін атап көрсетеді: «Біз үшін педагогтардың мемлекетіміздегі нағыз бесаспап және нағыз тамаша адам болғаны өте қажет, өйткені ол жас өркендей гүл жарып, шешек атып келе жатқан кішкентай адамдарға шаттық өмір сыйлай білуі тиіс. Педагогтың мәртебелі ісінің өзі, міне, осында, және де ешқандай мамандық адамдарға мұндай талап қоя алмайды. Педагог өзіндегі адамгершілік мұратты жүзеге асыруы тиіс».
А.В. Луначарский атап көрсеткендей, педагогикалық моральдағы кез келген кемістік, мінез-құлықтағы кез келген кемістік тікелей у болып, ол жеткеншек ұрпаққа жұғады. Жақсы мұғалім
– бұл ең әуелі қайғы қуанышыңа ортақтасатын, парасатты әрі адал, балаларды құрметтей білетін және оларға ұқыпты қарайтын жақсы адам.
8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет