Орындаған-Тұрғынбаева Т. Ж тобы- б-3-20 Жетекшісі



бет8/8
Дата02.06.2023
өлшемі53,94 Kb.
#98076
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
абота

Қорытынды: Ойымды қорытындылай келе, мұғалім мамандығының өзіне тән ерекшеліктері қабілеттері бар екендігін білдім. Яғни ерекшелік деп отырғанымыз педагогтың ізденімпаз-дығын артық білуге ұмтылуын білдіреді.Мұғалімнің оқу-тәрбие қызметіндегі табыстары көбінесе оның шеберлігіне байланысты болады . Ол өздігінен келмейді. Қайта мұғалімнің кәсіптік мәртебесін арттыруда, мәдени және саяси ой-өрісін кеңейту жөніндегі табанды және күнделікті жұмысының нәтижесі болып табылады. Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін ізгілендіруде оқытудың тәрбиелік сипатының басымдылығына, сондай-ақ тұлғалық бағдарына назар аударыла бастады. Бір қуанарым, қазіргі балалар өте алғыр. Олардың қай-қайсысының бойынан дарындылықты табуға болады. Тек тұтанып тұрған мезгілінде үрлеп, дұрыс бағыт-бағдар беру талабын қанағаттандырып отыруда мұғалімнің асқан шеберлігі қажет екендігін түсіндім. Ол педагогикалық мамандығын арттыру жөніндегі мәдени және саяси ой-өрісін кеңейтудің табанды да күнделікті жұмысының нәтижесі болып табылады. Кәсіптік шеберлік өз пәнін терең білуді, тәрбие мен оқытудың жаңа заңдылықтарын білуі жүргізу шеберлігін көздейді. Кәсіби шеберліктің маңызды көрсеткіші - оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу шеберлігі мен дағдысының болуында. Ол оқушылардың мінез-құлқын бақылау, зерттеу және олардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруына көмектеседі. Ал ол үшін педагог жұмысқа әрдайым әзір тұруы, кейбір кездескен қиыншылықтарды жеңуі, тез арада шешім қабылдауы, оқушылардың ыңғайын табуы, ортақ тіл табысып араласуы керектігі жайлы ой түйдім.Менде болашақта дер кезінде оқушылырға ықпал етіп, дұрыс жолын көрсетіп, иландыра білетін, жаңаша іздестіру жолдарын жүргізе алатын , және өзімнің кәсіби шеберлігімді кеңестерде, жиналыстарда, ғылыми-практикалық конференцияларда көрсете алатын мұғалім болатыныма сенім артамын.



14

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет