Орындаған-Тұрғынбаева Т. Ж тобы- б-3-20 Жетекшісі


Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі



бет7/8
Дата02.06.2023
өлшемі53,94 Kb.
#98076
1   2   3   4   5   6   7   8
Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі.
Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұ-нындағы негізгі ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге , пәнаралық байланысты орнықтыруға , оның барысында пайдаланылатын көрне-кі және техникалық құралдарын ойластыру , сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

11
Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде ,оқу материалын оқып біледі ,осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізген сабақтардың тәжірибесін ескереді, жеке сабақтар- ға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды және сабақта тек білімдік міндеттерді ғана емес , сол сияқты тәрбие міндеттерінің шешілуін де белгілейді.


Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады , әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен қарайтын болады , соның арқасында оларға жоғары сапада білім беріп , жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі сабаққа тұтас тақырып бойынша даярлану белгілі бір оқу матер-иалын мектепте өту үшін жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжым-дық және дара жүргізілетін оқу жұмысын , сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескеруге мүмкіндік беред.
Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақтардың тақырыптарын жасап болған-нан кейін , іле – шала мұғалім алдағы әрбір сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру әдістеме-сін толық ойластырып алады.
Жеке сабақтардың жоспары – әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің та-қырып жөнінде алдын – ала қандай жұмыс жүргізетіндігімен анықталады. Сондықтан тиім-ді өткен сабақ болып табылады.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:
1.Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анық-
талады.
2. Сабақтың тақырыбы.
3. Сабақтың мақсаты.
4. Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері.
5. Сабақтың мазмұны.
6. Оқыту әдіс – тәсілдері.
7. Сабақ құралдары.
8. Үй тапсырмасы.
9. Қорытынды , сабақтың аяқталуы.
Сабақтың анағұрлым негізгі бөлігі – оның төртінші және бесінші кезеңі болып табыла-ды.
Сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактикалық элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Содан кейін барып оның қалған буындары мен маз-мұны ашып көрсетіледі. Сабақты бұлай жоспарлау мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдас-тыруға қолайлы жағдай туғызады.
12
Одан әрі қарай оқушылардың практикалық жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері қарас-тырылады. Оқыту әдістерін қолдану нақты атап көрсетіледі.
Содан кейін сабақта қолданылатын әр түрлі оқу құралдары (карта, глобус, приборлар, оқу – әдістемелік кітаптары, көмекші оқу құралдары т.б ) және оны пайдалану әдістемесі көрсеті-леді.
Сабақтың соңғы буыны – үй тапсырмасын беру.
Н.К.Крупская мұғалімдердің назарын тапсырманы орындау жөнінде оқушыларға мұқият түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға , оның мақсаты түсінікті болуына , бұл мақсат оларды рух-тандыратындай дәрежеде болуына аударады. «Ең қызық тапсырма – дейді ол ,-баланың өз бетін-ше жұмыс істей алуын барынша дамытып ,оның оятатын тапсырма екендігі мәлім» -деген тұжы-рымдама жасайды.
Сонымен бірге Н.К.Крупская мұғалімдердің сабаққа әзірлену барысында оқушылардың үй тапсырмасында теңестірушілікке жол берілуге болмайтындығына олардың назарын баса ауда-рады. «Тапсырманы дараландыру керек, оқушының олқы жерлерін ,оның білімі мен дағдылары-ның жиынтығын есепке алу қажет, сабаққа күштірек оқушыларға берілетін тапсырмалар олар-ды алға сүйреп әкетпей , олардың алған білімін тереңдете , оның сапасын жақсарта түсетін бол-сын» - дейді.
Сабақ жоспарлары мұғалімнің даярлығы мен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ негізінен жоғарыда көрсетілген кезеңдерді қамтуы тиіс.
Тәжірибелі мұғалімдер жоспарды жасап , сол жоспар бойынша сабақты өткізгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды: жоспар қаншалықты сәтті орындалды және мақсатқа қалай қол жеткізілді т.с.с. Бұл мәліметтер келесі сабақты нәтижелі даярлауға септігін тигізеді.

13



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет