Орындаған-Тұрғынбаева Т. Ж тобы- б-3-20 Жетекшісі



бет3/8
Дата02.06.2023
өлшемі53,94 Kb.
#98076
1   2   3   4   5   6   7   8
Дидактикалық қабілет- мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті , оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру,
таным белсенділігі мен ойын дамыту.

2
Академиялық қабілет- мұғалім қабілетінің пән саласына [математика, физика, химия,био- логия,тарих,т.б.] сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп ,өз бетімен қарапайым зерттеу


жұмыстарын жүргізуі.
Перцептивті қабілет-оқушының ішкі дүниесін,сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу.
Сөйлеу қабілеті-тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.
Ұйымдастырушылық қабілеті - сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастыра білуі, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұштастыру,оқу-
шыларға бағыт беріп, рухтандыру ісіне басшылық беру , ата-аналармен жұмыс істей білу,сы-нып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыруы ,мұғалімнің өз жұмы-сын ұйымдастыра алуы.
Коммуникативті қабілет- оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.
Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру,
оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнынын анықтау, өз ісіне сана-лылық, жауапкершілікпен қарап педагогткалық тапқырлық таныту.
Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларды қатыстырып, баланы жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс.
Мұғалімдердің кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымы- жеке басының сапалық негізгі қасиеттері – мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын насихаттаушы; өз кәсібіне жан-тәнімен берілгендік ; мемлекет ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтық бағыттар. Сапалық белгілері- мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік , баланы сүю, байқағыштық , ұйымдастырушылық орынды талап қою,ұстамдылық, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік. Мұғалім қызметінің түрлері. Оған ұстаздық,тәрбиешілік,қоғамдық –саяси, қоғамдық-педагогикалық жұмыстары енеді.
Мұғалімнің мамандық деңгейін көтеруге қойылатын талаптар- кәсіптік білім, біліктілік, дағды,ізденіс, іске шығармашылық мән беру, жаңашылдық, ізгілік арқылы білім берудің са-пасын жетілдіру.
Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеруге байланысты жүргізілетін жұмыстар-тәжірбие алмасу,озат, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу,оны тарату,оқыту-тәрбиелеу жұ-мыстарының нәтижесін, тиімділігін анықтау, білімін үздіксіз жетілдіріп отыру, аттестациялау, категорияға бөлу, педагогтік оқуға, басылымдарға қатысу жұмыстары.
Мұғалімдік мамандықтың өзге мамандықтардан ерекшелік белгілері жоғарыда аталған төрт белгінің мазмұнын біріктіреді.
Оқу орындарында мұғалімдік мамандыққа дайындау жолдары.
Бұл іс, біріншіден ,мектеп қабырғасында оқушыларға мұғалімдік мамандыққа үйрету үшіншіден, мұғалімдік мамандықты меңгеру және өз бетінше мамандық шеберлігін көтеріп отыру жұмыстары арқылы шешіледі.
Студенттердің , мұғалімдердің өз бетінше білімін жетілдірудің мазмұны болашақ мұғалім-дердің ғылыми деңгейін көтеру арнайы әдістемелік білімін жетілдіру, мұғалімнің шеберлік таныту үшін өз бетімен алатын білімі, ізденісі. Мұғалімдік мамандықтың шебері болудың негізгі белгілері-кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогтік техника жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет