Орындаған-Тұрғынбаева Т. Ж тобы- б-3-20 Жетекшісі


Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері



бет2/8
Дата02.06.2023
өлшемі53,94 Kb.
#98076
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
абота

Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: жинақтау, талдау , жүйелеу , сұрыптау
Курстық жұмыстың мақсаты: Мұғалім мамандығына тән ерекшеліктерді сипаттап беру. Ұлы ғұламалардың ұстаз жайында ой – пікірлерімен бөлісу. Мұғалімнің сабаққа дайындалуының тиімді жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері: тақырып аясындағы тиянақты ізденіс жұмысы , қосымша деректер бойынша ізденіс , мұғалім мамандығына қойылатын талаптардың ерекшелігін анықтау, мұғалім оқыту тәрбие процесіндегі басты тұлға екенін дәлелдеу. Мұғалімге тән жетекші қабілет- терді меңгеру, кәсіптік мәртебесі және беделін анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспе , негізгі , және қорытынды бөлімдер-ден тұрады. Қорытынды бөлімде жалпы жұмыс тұжырымдалады. Қолданылған әдебиеттер тізімі бар.

1


    1. Мұғалім мамандығының ерекшелігі

Баланың тұңғыш ұстазы - оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып жазуға үйрететін мұғалімі. Оқушының сабақ алған мұғалімдері мен дәріс тыңдаған оқытушылары да ұстаз саналады. Бірақ бұл жерде ұстаз сөзі мұғалім, оқытушы ғылыми жетекші деген сөздерге әсте толық мағыналас болып шыға бермейді.Әдетте, «ұстазы жақсы-
-ның ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім-білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, бүлдіршінді майталман бағбандай мәпелеп баулып, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білгуге жаттықтыра алған сөйлеген сөзі, істеген ісі, парасат-пайымы, инабаты, білімінің тереңдігі мен жан жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады.Екінші сөзбен айтқанда,ұстаз –адамдардың өмірге көзқарасын,сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім-тәрбие нәрін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне себепші болып ,олардың тағдырында шапағатты із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады.
Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп,әсіресе педагогтың ізденімпаздығын,білу-
ге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы – ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып тереңдетуге ай-
рықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әр-
дайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мұғалім мектептегі басты тұлға дегенде, оның жеке басындағы баланы оқытып, білімдар етерлік түрлі қасиеттерді айтады. Солардың бірі – оның балаға деген сүйіспеншілігі.
Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байла-
нысты. Ол балаға деген тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жа-ғынан талап етушілікпен ұштастыра білгені жөн. Мұғалім болу үшін балаға деген сүйіспенші-лік жеткіліксіз, мұғалімдік мамандықты игеру ісі жеке адамның ынтасына, бейімділігіне және қабілетіне байланысты. Ол, әрине, жеке адамның ерекшеліктері мен оның дербес іс-әрекеті-не де байланысты.
Балаға деген сүйіспеншілікті бір жақты түсінуге болмайды. Ы. Алтынсарин-«Мұғалім бала-лармен істес болады, егер олар бірнәрсені түсінбесе, мұғалім шәкірттерді кінәламай, олар-дың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс»,- деп жазды. Біздің пікірімізше, балаға сүйіспеншілік – ең алдымен өз мамандығын жақсы көріп , өз пәнінен көбірек мәлімет беруге ұмтылуы. Ғылым негіздерін баланың зердесіне көбірек сіңіріп,оның ғылым мен білім-ді игеруге ішкі қажеттігін туғызып, балаға әсер ету қабілеті. Бұл жеке адамның дара ерекшелік-терінің бірі бейімділікке байланысты. Адамдағы белгілі бір бейімділік оның қабілеттілігіне бай-ланысты. Жеке адамның белгілі іс-әрекетінің нәтижесін танытатын психикалық қасиетті қабілет деп атайды. Қабілеттің дамуы нышанға, іс-әрекетке байланысты . Іс-әрекеттің нәтижелі болуы, өзара байланысты бірнеше қабілетке байланысты.
Психология-педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.Сластенин, А.Н.Щербаков, т.б. педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет