Қорытынды жұмыс математика мұғалімдеріне арналған Әдістемелік материал бағалау критерийлері


Математикалық модельдеу және анализ бойынша жоғары сыныптағы қолданбалы есептер



бет6/17
Дата07.01.2022
өлшемі496,14 Kb.
#20099
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Математикалық модельдеу және анализ бойынша жоғары сыныптағы қолданбалы есептер




Туындының физикалық және геометриялық мағынасын пайдаланып қолданбалы есептерді шығару тәсілдері




Функцияның ең үлкен (ең кіші) мәнін табуға байланысты қолданбалы есептер




Анықталған интегралды жұмыс пен арақашықтықты есептеуге берілген физикалық есептерді шығару үшін қолдану




Қолданбалы есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолдану




Қолданылған әдебиеттер





Қосымша







  1. Мәтінді есептерді шығару тәсілдері

Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару. Масштаб, шеңбердің ұзындығын, дөңгелектің ауданын табуға арналған есептер

Мәтінді есептерді теңдеу мен теңсіздіктердің көмегімен шығару

Тақырып:


Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Оқу мақсаты:

9.2.2.1 - екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату;

9.2.2.2 - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;

9.4.2.1 - мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;

9.4.3.1 - есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

Есептің шарты:

Турист өзен ағысымен 90 км-ді қайықпен жүзді де, қалған 10 км-ді жаяу жүріп өтті. Оның жаяу жүріп өткен уақыты, қайықпен жүзуге кеткен уақыттан 4 сағ-қа кем еді. Егер турист қайықпен жүзіп өткен уақытындай жаяу жүрсе, ал жаяу жүріп өткен уақытындай қайықпен жүзсе, онда олардың жүрген жолдары біріне-бірі тең болар еді. Турист қанша уақыт жаяу жүрді және қанша уақыт қайықпен жүзіп өтті?

Есепті шығару жолы:


Қозғалыс / шамалар

s, км

v, км/сағ

t, сағ

1-шарты

Қайықпен

90

х


4 cағат

кем


Жаяу

10

у



2-шарты

Қайықпен


Жүрген жолдары тең



?

Жаяу



?
х - қайықпен жүзген жылдамдығы,

у - жаяу жүрген жылдамдығы


Теңдеу: ММЖ: x,y, және x,y > 0.


2-ші теңдеуден: . –жарамайды, x>0

болуы тиіс.

Демек, – ті 1-теңдеуге қойып, бір айнымалысы бар теңдеуді шешеміз: .

Бұдан y= 6, x=15.



Уақытты табамыз:

Жауабы:


Турист 2 сағат жаяу жүрді және 6 сағат қайықпен жүзіп өтті.

Сабақта пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныс:

Бұл есепті оқушыларға 2- сабақтың ортасында беруге болады. Есептің шартын екі бөлікке, яғни 1-шарты және 2- шарты деп беріп, теңдеулер жүйесін құру арқылы есепті шығару ұсынылады.



Тақырып:

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Оқу мақсаты:

9.2.2.1 - екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату;

9.2.2.2 - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;

9.4.2.1 - мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;

9.4.3.1 - есеп шарты бойынша математикалық модель құру;



Есептің шарты:

Белгісіз сан мен оның цифрларының қосындысының көбейтіндісі 144 болатын, бірлігі ондығынан екіге артық екі таңбалы санды табыңыз.

Есепті шығару жолы:

екі таңбалы сан, а – ондықтар саны, – бірлігі.

екі таңбалы санның ондық жазылуы:

1-шарты: ,

2-шарты: .

Теңдеулер жүйесі:

немесе












, түбірі жарамайды, a, b >0 – оң сандар.

. Онда .

Тексеру:





Жауабы:

Жауабы: 24 саны.

Сабақта пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныс:

мәтінді есептерді шешудің 1-сабағында беруге болады



Тақырып:

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Оқу мақсаты:

9.2.2.1 - екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату;

9.2.2.2 - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;

9.4.2.1 - мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;

9.4.3.1 - есеп шарты бойынша математикалық модель құру;



Есептің шарты:

Қуаттары әр түрлі екі насос бірлесе жұмыс істей отырып, бассейнді 4 сағатта толтырады. Бірінші насосқа бассейнді жартылай толтыру үшін екінші насосқа бассейннің бөлігін толтыруға кететін уақыттан 4 сағат артық уақыт қажет. Әр насос жеке жұмыс жасағанда бассейнді неше сағатта толтырар еді?

Есепті шығару жолы:

Бассейнді І насос – х сағатта, ІІ насос – у сағатта толтыратын болсын, х, у > 0.

Бассейннің көлемін 1-ге тең депалайық.



Шамалар



N (1/сағ)

(сағ)

1-шарты

І насос

1



x

ІІ насос

1



y

Жалпы

1



4

2-шарты

І насос






4 сағат артық



ІІ насос







Теңдеулер жүйесі:

,



–есептің шартын қанағаттандырмайды.

.

Жауабы:

І насос – 16 сағатта, ІІ насос – сағатта толтырады.

Сабақта пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныс:

Оқушылардың білім біліктіліктері қалыптаса бастағанда, соңғы сабақтарда.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет