БАҒА • САНЫ = ҚҰНЫ ҚҰНЫ : БАҒАСЫ = САНЫ ҚҰНЫ : САНЫ = БАҒАСЫ Берілген есептерді әр түрлі тәсілдермен шығарып үйренеді. Мұндай түрдегі есептердің модельдері негізінен кесте түрде беріледі.
Кестені оқушылармен әңгімелесе отырып құрамыз.
«Дүкен туралы» есептерді шығару барысында қандай сөздерді білу керек? (Баға, Саны, Құны)
Біз оларды қайда жазамыз? (Кестеге )
Дүкеннен не сатып алынды? (Өшіргіш)
Басында неше өшіргіш сатып алып еді? (2)
Бұл сан нені білдіріп тұр? (Санын. 2 өшіргіш деп жазамыз.)
Олар қанша тұрып еді? (42 теңге, Кестенің Құны деген бағанына жазамыз)
Осындай неше өшіргіш аламыз? (4)
Бұл 4 саны нені білдіреді? (Санын. Оны да жазамыз 4 өшіргіш.)
«Осындай өшіргіш» дегенді қалай түсінеміз?
(Ол өшіргіштің де бағасы да сонша тұрады)
Модельде қалай бейнелейміз (Бағанға Бағасы таңба ? бірінші жолына жазылады, ал екінші жолына – бірдей деп жазамыз )
Есептің сұрағы қалай еді? (Осындай 4 өшіргіш қанша тұрады?)
Оны модельде қалай белгілейміз? (Кестенің
Құны деген бағанына ? таңбасын қоямыз) Есептің соңғы моделін жазамыз:
Бағасы
Саны
Құны
? тг.
2 өшірг
42 тг.
осындай
4 өшірг
? тг.
Кестенің жолдарымен жұмыс істей отырып, есепті шығару жоспарын құрамыз.
Алдымен 1 өшіргіштің бағасын білеміз, ол үшін
3-ші формулаға сәйкес құнды санына бөлеміз.
Екінші амал 4 өшіргіштің құнын табамыз.
Өшіргіштердің құнын табу үшін бағасын санына көбейтеміз (1 -ші формула бойынша).
Есепті шығару жолын өз беттеріңмен жазыңдар.
42: 2= 21(тг.) – бағасы
21⋅ 4= 84 (тг.)
Есептің шартын басқаша және қысқа жолмен қалай жазуға болады?
Өз ойларыңды жазыңдар.
оқушы тақтада жұмыс істейді, ал қалғандары дәптерлеріне орындайды.
Модель мына түрде болады:
өшірг. – 42 тг.
4 өшірг. – ? тг.
Алғашында және соңында сатып алынған өшіргіштер санын салыстырыңдар.
(Екінші ретте сатып алынған өшіргіштер саны артық)
Неше есе артық? ( 2 есе артық)
Бір сан екінші саннан неше есе артық екендігін қалай табамыз? (Бөлу)
Қалай ойлайсыңдар, 4 өшіргішке екі өшіргішке төленген ақшадан көп ақша төленді ме, әлде аз төленді ме? (Көп)
Неге? (Затты көп сатып алсақ, ақшаны да сонша көп төлеуіміз керек)
Бұл заттың құнын қалай табамыз?
(Көбейту, себебі 4 өшіргіш екі өшіргішке қарағанда 2 есе артық тұрады).
Есепті шығаруды өз беттеріңмен жазыңдар.
4:2= 2 (есе ) – осынша артық төленді
42 ⋅ 2= 84 (тг.)
Есепті шығарудың екі тәсілін салыстырыңдар.
Есепті шығарудың қай тәсілі ең түсінікті және қарапайым ? Неге ?
Жауаптарын салыстыр. Есепті дұрыс шығардық деп айта аламыз ба?
Жауабын жазыңдар.
Жауабы: 4 өшіргіш 84 теңге тұрады.
№ 8 есеп Екі жәшікте 14 кг қызанақ. Екінші жәшік бірінші жәшікке қарағанда 2 килограмға артық. Әр
жәшікте неше килограмнан қызанақ болған?
14 кг
Шығаруы.
1 – тәсіл
14 − 2=12 (кг)
12 : 2= 6 (кг) – I жәшікте
6+2= 8 (кг) – II жәшікте
2 – тәсіл
14+2=16 (кг)
16:2 = 8 (кг) – II жәшікте 3) 8 − 2= 6 (кг) – I жәшікте Жауабы: 6 кг, 8 кг.
№ 9 есеп Екі бумада 48 метр мата бар. Екінші бумадағы мата бірінші бумадағы матаға қарағанда 12 метр кем. Әр бумада неше метрден мата болған?
? м
I48 м
II
? м
Шығаруы.
1 – тәсіл
48 − 12= 36 (м)
36:2=18 (м) – II бумада
18+12= 30 (м) – I бумада
2 – тәсіл
48+12= 60 (м)
60:2 = 30 (м) – I бумада
30 − 12=18 (м) – II бумада Жауабы: 30 метр, 18 метр.
№ 10 есеп Теңдеу құр және оны шеш:
Бір жемсауытта бірнеше торғай, ал екіншісіне 7 торғай ұшып келіп қонды. Бірінші жемсауыттан 2 торғай ұшып кеткенде, екі жемсауытта қонып отырған торғайлардың саны бірдей болды. Бастапқыда бірінші жемсауытқа неше торғай келіп қонған еді?
Бұл есеппен жұмыс істеу әдістемесі жоғарыдағыға ұқсас.
Таразының сол жақ тәрелкесіне бірінші жемсауытта отырған саны белгісіз торғайлардың орнына дөңгелек саламыз. (Дөңгелектің үстіне «х» әрпін қоямыз)
- Таразының оң жақ тәрелкесіне тік төртбұрыш саламыз. Ол екінші жемсауытта отырған 7 торғайды белгілейді. (Тік төртбұрышты саламыз, үстіне 7 санын жазамыз).
-Бірінші жемсауыттан 2 торғай ұшып кетті. Таразының қай жақтағы тәрелкесіне шаршы саламыз? (Сол жақтағы тәрелкесіне шаршыны салып үстіне –2 деп жазамыз, себебі ұшып кеткендіктен торғайлар саны азайды, «–» таңбасы қойылады).
-Осыдан кейін екі жемсауытта қонып отырған торғайлар саны бірдей болғандықтан, таразы бастары теңеседі.
-Сонда мына модельді аламыз:
-Есептің берілген мазмұны бойынша теңдеу құра аламыз ба? (Құра аламыз).
- Мына түрдегі теңдеуді аламыз х − 2= 7, теңдеу бұрынды меңгерген әдіс бойынша шығарылады. (Белгісіз азайғышты табу арқылы шығарамыз немесе бөліктері бойынша бүтінді табу ережесі бойынша шығарамыз).
Дәптердегі жазу мына түрде болмақ:
х − 2= 7
х= 7+ 2
х=9
9 − 2= 7
7= 7
Жауабы:бастапқыда бірінші жемсауытта 7 торғай болған.