Зерттеу міндеті: құрама есептер мен оларды шешу кезеңдері жайлы түсінік қалыптастыру, оқушыларды құрама есептерді шығартуға үйретудің тәсілдерін анықтау, құрама есептерді шешу біліктерін қалыптастыруға арналған есептермен жұмыс жүргізу.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектептегі математиканы оқыту процесі
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының құрама есептерді шешу біліктерін қалыптастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:кіріспеден, 2 бөлімнен , қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1.Бастауыш сынып оқушыларына құрама есептерді шешу біліктерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
1.1.Құрама есептер туралы түсінік
Бастауыш мектепте қарапайым есептермен бірге құрама есептер де қарастырылады. Мұндай күрделі есептерді шығара отырып оқушылар алған білімдерін басқа жағдайда өзгерте отырып пайдаланып, жетілдіреді, дамытады және кеңейтеді.
Шығару үшін өзара байланысты бірнеше амал (әр түрлі немесе бірдей амалдар болатындығына қарамай) орындалатын есеп құрама есеп деп аталады.
Құрама есеп бір есептердің ізделінді шамалары екінші есептің берілген шамалары болатындай байланыстағы, бірқатар жай есептерден тұрады. Құрама есепті шығару, оны бірнеше жай есептерге жіктеу және ретімен оларды шығаруға болып табылады.
Мысалы: «Мектепте 8 қыз бала кезекшілікке тұрған, ал ұл балалардың одан 2-уі артық. Мектепте қанша бала кезекші болған?». Бұл есеп екі жай есептен тұрады:
1)Мектепте 8 қыз бала кезекшілікке тұрған, ал ұл балалардың одан 2-уі артық. Мектепте қанша ұл бала кезекші болған?».
2)Мектепте 8 қыз бала, 10 ұл бала кезекші болған. Мектепте қанша бала кезекші болған?».
Бірінші есепте ізделінді болған сан (ұлдар саны) екінші есепте берілген шама (10 ұл бала) болғанын көріп отырмыз. Бұл есептерді ретімен шығару құрама есепті шығару болып табылады:
1) 8 + 2 = 10; 2) 10 + 8 = 18.
Құрама есепті шығаруда бір емес, бірнеше байланыс тағайындалған, осы байланыстарға сәйкес арифметикалық амалдар таңдап алынады.
Құрама есептер «қатынас» ұғымымен танысу барысында, арифметикалық амалдардың мағынасын анықтау, шамалар арасындағы қатынасты түсінуге көмектеседі.
Құрама есептерді шығара отырып, оқушылар кез келген есепті шығара білуге үйренеді.
а) есеп мазмұынын талдай отырып, ондағы белгілі және белгісізді ажырата білуге үйренеді;
б) берілген мәліметтер мен белгісіздің арасындағы байланысты тағайындай білуге үйренеді;
в) есептің шығару жоспарын құру;
г) есептегі белігілі мен белгісіз арасындағы байланысты теңдеу, теңдік арқылы математика тіліне аудару;
д) сәйкес амалдарды орындау (сәйкес теңдеулерді шешу) есептің сұрағына жауап қайтару;
е) есептің дұрыстығын тексеру.
Кейбір құрама есептер әр түрлі сандық қатынас арасындағы белгісіз компонентті табу үшін арифметикалық амалдардың мағынасын аша білуге арналады.
Құрама есепті шығаруға қажетті шарт — балалардың құрама есепке енетін жай есептерді жақсы шығара білуі. Демек, белгілі бір құрылымдағы құрама есептерді енгізгенге дейін сәйкес жай есептерді шығара білуді қалыптастыру керек. Барлық осы жаттығуларды, құрама есептерді енгізгенге дейін, жай есептермен жұмыс істегенге кірістіру керек.
Құрама есеппен таныстыруға 2 сыныпта арнайы екі-үш сабақ бөлінеді, онда берілген шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы байланысты тағайыңдауға, есепті шығару жоспарын құруға және шешуін жазуға ерекше көңіл бөлінеді. Алдымен, шығару үшін әр түрлі екі арифметикалық амал: қосу және азайту амалдары орыңдалатын есептерді енгізген жөн. Мұнда есептердің мазмұны оларды иллюстрациялауға мүмкіндік тудыратыңдай болуы керек. Математикалық құрылымы қандай есептерді бірінші енгізу керек деген сұрақ туады. Бұл жөнінде екі пікір бар:
1. Қосындыны табуға және қалдықты табуға арналған жай есептерден тұратын есептерді шығарудан бастау керек, мысалы мынадай есеп: "Мамасы бір алма ағашынан 5 алма, ал екінші ағаштан 3 алма үзіп алды; ол 6 алмасын балаларына берді. Мамасының, қанша алмасы қалды?" осыдан кейін құрылымы басқа құрама есептерді енгізу керек.
2. Санды бірнеше бірлікке кемітуге берілген және қосындыны табуға берілген жай есептерден тұратын және екі амалмен шығарылатын есептерден бастау керек, мысалы: "Бір вазада 7 конфет бар, екінші вазада одан 4-і кем. Екі вазада қанша конфет бар?" Кейінірек математикалық құрылымы басқа есептерді шығаруды қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |