Қорытынды
Есеп адам өмірінде де жалпы қоғамның өмір сүруі үшін де аса маңызды рөл атқарады.Себебі жеке адамның өзің-өзі сондай-ақ оның күнделікті өмірде басқа адамдар (және қоғам) мен өмірлік жағдайлар қоятын мәселелерді(есептерді) шешуге ақыл-ой иесі ретінде жеке тұлғаның бар қызметін, өмірлік және ойлау іс –әрекеттерін бағыттайды. Осы себептен әр адамның күнделікті өмірінде, қызметінде әр түрлі есептер қолданылады.
Адамның өндірістік және күнделікті тұрмыстық қызметі барысында туындайтын мәселелерді , сол сияқты таза математикалық және басқа да есептер шешу проблемасы көптен бері зерттеліп келе жатқанымен, әлі күнге дейін есеп ұғымының көпшілікке ортақ келісілген анықтамасы жоқ. Бұл есеп терминінің кең мағыналылығымен және бұл ұғымды жалпы түрде сипаттауға байланысты орын алып отырған объективті қиыншылықтармен түсіндіріледі.
Есеп шығару- өнер іспеттес, бұған үнемі іс жүзінде қолдану арқылы және жақсы әдіс-тәсілдеріне еліктеу арқылы ғана үйренуге болады. Көптеген есептердің шаттарына қарап сол есепті шығаруда қандай математикалық амалдар қолдану керектігін анықтауға болады . Ал есептің өзін шығару процесі білім,білік, икем дағдылардын бекітуге ықпалын тигізеді.
Құрама есептерді шығарғанда оқушы математикалық білім алады, шығару біліктілігі қалыптасады, дағдыға ие болады, яғни математикалық білім деңгейі жоғарылайды. Әр құрама есеп өзінің мазмұны арқылы тәрбиелік міндетін атқарады. Қоғам дамуының әр кезеңдеріне байланысты, есеп мазмұны да өзгеріп отырады. Қазіргі оқулықтарда есеп мазмұны оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, дүние танымдарын және ғылыми көзқарастарын дамытуға негізделген. Есеп шығару оқушылардың сөйлеу мәдениетіне, мінез-құлқының қалыптасуына, табандылыққа, шыншылдыққа, бастаған істі аяғына дейін жеткізу, қиындықты жеңе білу сияқты қасиеттерінің тәрбиеленуіне ықпалын тигізеді. Құрама есеп оқушылардың логикалық ойлау, кеңістікті елестету, жеке бас қабілеттерін дамытуға бірден-бір себепші болатын басты құрал болып табылады.
Біз курстық жұмыстың зерттеу нысаны ретінде бастауыш мектептегі математиканы оқыту процесін алып , оқушылардың құрама есептерді шығарудағы біліктерін қалыптастыруға теориялық түсінік бере отырып , әдістемесіне талдау жасадық.Теориялық бөлімде құрама есептер және оның шешу кезеңдері туралы түсінік бердік.Практикалық бөлімде оқушыларды құрама есептерді шығартуға үйретудің тәсілдерін анықтадық, құрама есептерді шешу біліктерін қалыптастыруға арналған есептермен жұмыс жүргіздік.
Құрама есеп, бір есептердің ізделінді шамалары екінші есептің берілген шамалары болатындай байланыстағы бірқатар жай есептерден тұрады. Құрама есепті шығару, оны бірнеше жай есептерге жіктеу және ретімен оларды шығаруға болып табылады.Сонымен,құрама есептерді шығару үшін берілген шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы бірқатар байланыстарды анықтау керек,соған сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап алуға,содан кейін шығаруға болады.
Бастауыш мектеп бағдарламасы балалардың мазмұнды есептерді өз беттерімен шығара білу дағдыларын дамытуды талап етеді. Әрбір оқушы есептің шартын қысқаша жаза білуі, сурет, схема, сызба арқылы кескіндей білуі және әрбір кезеңін талдай, түсіндіре білуі, тексере білуі қажет. Бірақ математиканы оқыту тәжірибесіне қарағанда, бағдарлама көлеміндегі есептерді өздігінен шығарып кету әрбір оқушының үйреншікті ісіне айнала алмай келеді. Әдетте класта бірнеше оқушы өздігінен шығарады. Ал қалған оқушылар мұғалім тарапынан нұсқау берулерін күтіп отырады немесе белсенді көмегін күтеді, ал кейбір оқушылар тіпті жай есептің өзін шығаруға қатты қиналады. Мұның себептері әртүрлі. Ең басты себебі "есеп" шартымен оқушыларды алғаш таныстыру дұрыс ұйымдастырылмаған, яғни есеп ұғымын енгізу оның құрама бөліктерімен (шарты, сұрағы, шешуі, жауабы) таныстыру, өмірмен байланыстыру, нәрселердің суреттерінің көмегімен немесе сызба арқылы көрініс көрсету. Есеп және оның құрама бөліктерімен оқушыларды айқын түрде таныстыру құрама есептерді шығаруға дайындық кезеңіне дейін дұрыс жүргізілу керек.
Сонымен, курстық жұмысымды аяқтай келе мынадай қорытынды жасадым:
Құрама есептерді шығартуға 2,3,4-сыныптарда әр түрлі есептер беріледі.2 сыныпта арнайы 2-3 сабақ бөлінсе, 3-4 сыныптарда көбейе түседі. 3 сыныптың әр оқушысы мәтінді есепті әр түрлі тәсілдермен шығара білулері керек.
Есептерді әр түрлі тәсілдер арқылы оқушыларды ізденіске ұмтылдыра отырып шығартудың пайдасы өте зор. Мұғалім сыныппен ұсынылған барлық тәсілдермен есепті шығаруы міндетті емес екендігін ескертеміз. Мұғалім өзінің таңдауы бойынша осының ішіндегі оқушының ойлау қабілетін дамытатындай тиімді тәсілді таңдай алады және бұл таңдалған тәсіл оқушының кеңістікте бейнелеу дағдысын қалыптастыратындай болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |