«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ


Химия сабағында ақпараттық- коммуникативтік



Pdf көрінісі
бет25/37
Дата03.03.2017
өлшемі4,39 Mb.
#5498
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37

Химия сабағында ақпараттық- коммуникативтік  

 
 
187 
 
технологияларды қолданудың тиімділігі 
 
Унгалиева С. М. 
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,  
М.Әуезов жалпы орта мектебінің  
химия пәні мұғалімі 
 
 Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  айтқандай:  «Болашақта  өркениетті  дамыған  елдердің 
қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына 
жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің 
алдында  оқыту  үрдісінің  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың  әртүрлі 
технологиялары  сарапталып,  жаңашыл  педагогтардың  іс  –  тәжірибесі  зерттеліп,  мектеп 
өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан  – жақты, білімі қажет.Қазіргі 
мұғалім: 

 
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; 

 
Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; 

 
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; 

 
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; 

 
Білімді, іскер, шебер болу керек; 
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері  – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны 
жан  –жақты  дамыту.  Инновациялық  білімді  дамыту,  өзгеріс  енгізу,  жаңа  педагогикалық 
идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, 
ал  қазіргі  оқушы  –  өздігінен  білім  іздейтін  жеке  тұлға  екендігіне  ерекше  мән  беруіміз 
керек.Қазіргі оқушы: 

 
Дүниетаным қабілеті жоғары; 

 
Дарынды, өнерпаз; 

 
Іздемпаз, талапты: 

 
Өз алдына мақсат қоя білу керек; 
Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде 
осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігіне қарай жүзеге асады.[1] 
  Қазіргі  таңда  дәстүрлі  оқыту  әдістемесінің  заман  талабына  сай  толық  білім  беруге, 
меңгертуге  кепілдік  бермейтіндігін  мектеп  тәжірибесі  көрсетіп  отыр.  Сондықтан 
жаңартылған  әдістемелік  жүйенің  оқыту  үрдісінде  іске  асу  үшін  оны  технологияландыру 
қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық – коммуникативтік 
технологияларды  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту 
мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу  -  тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі 
мен  сапасын  жоғарылатуды  көздейді.  Қазақстан  Республикасы  да  ғылыми  -  техникалық 
прогрестің  негізгі  белгісі  –  қоғамды  ақпараттандыру  болатын  жаңа  кезеңіне  енді.[2] 
Ақпараттық  –коммуникативтік  технология  электрондық  есептеуіш  техникасымен  жұмыс 
істеуге,  оқу  барысында  компьютерді  пайдалануға,  модельдеуге,  электрондық  оқулықтарды, 
интерактивті  тақтаны  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік  оқыту 
бағдарламаларына  негізделеді.  Ақпараттық  әдістемелік  материалдар  коммуникативтік 
байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. [3] 
Ақпараттық  –  коммуникативтік  технологиялардың  келешек  ұрпақтың  жан-жақты 
білім  алуына,  іскер  әрі  талантты,  шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол  ашатын 
педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.Ақпараттық - 
коммуникативтік технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:  

 
үйренушінің  шығармашылық  әлеуметін  дамыту;  коммуникативтік  әрекеттерге 
қабілетті болуды дамыту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі 
мәдениетін дамыту;  

 
 
188 
 

 
оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерін  қарқындандыру,  оның  тиімділігі  мен 
сапасын арттыру;  

 
қазіргі  қоғамның  ақпараттануымен  байланысты  пайда  болатын  әлеуметтік 
тапсырысты өткізу.  
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, 
дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асырады.  «Қазіргі  заманда  жастарға 
ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте 
қажет»  деп,  Елбасы  атап  көрсеткендей  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық 
технологияны  яғни  компьютерді  оқу  үрдісінде  оңтайландыру  мен  тиімділігін  арттырудың 
маңызы зор.[4]  
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа 
сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»  деп  Елбасы  атап  көрсеткендей,  жас  ұрпаққа  білім 
беру  жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісіне  оңтайландыру  мен  тиімділігін 
арттырудың  маңызы  өте  зор.Қазір  бұрынғы  кезең  емес,  кейде  баланың  пәнге,  ол  туралы 
ақпараттарға қызығушылық деңгейі,  сұранысы мұғалім білімінен де жоғары болуы  мүмкін, 
электрондық  оқулық,  компьютер,  интернет  арқылы  өз  бетімен  қажет  білімін  өзі  алатын 
оқушылар  көбейіп  келеді.  «Баланың  даму  аймағы»  әлде  қайда  кеңіді,  яғни  толыссыз  өсіп 
келе  жатқан  ақпараттар  ағыны  мен  ақпараттар  көздерінің  көбеюі  жас  баланың  ойлауының 
жетілуіне үлкен әсер етеді.[5] 
Келтірілген мәліметтерден түйетініміз: 
 ●  Ақпараттық технология негіздері еліміздің қарыштап дамуының         
       кепілі 
 ●   Заман талабына сай терең біліктілік,сауаттылық 
 ●  Жаңалықты дер кезінде сезініп,шығармашылықпен жұмыс істей   
        білу 
             ●    Оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгеру 
            Бұл  технoлогия-  жан-жақты  білім,  тәрбие  беретін,  өміртанытқыш  қызмет 
атқаратын  құрал.Ұлт  болашағы,  өркениетті  елдер  қатарына  жету  үшін  білім  алу,  жас 
тұлғаның  ғылымды  игеруге,  имандылыққа,  адамгершілікке,  өнерлі  болуға  тәрбиелейді.  Әр 
адамда  өзіндік  ұстаным  болу  керек  және  сол  жолда  арымай,  талмай  еңбек  ету  керек,  сол 
еңбектің жемісін көрсе, жеке тұлға жан-жақты дамып қалыптасады. Әр тұлғада болу керек:  
     Мақсат      Әрекет      Нәтиже        Жаңа мақсат... 
Күтілетін нәтиже:  
   ─   жеке тұлға қалыптасып ақпараттық мәдениеті дамиды, кең ауқымды ақпараттар 
мен  пайдалы  мәліметтер  алады,  өзінің  жеке  болашағына  бағыт  –  бағдар  жасайды, 
сауаттылығы артады; 
   ─ жаңалықты меңгереді, жаңа шешімдер табуға дағдыланады, дүниетанымы еңейіп, 
өз  бетімен  білім  алуға  және  ойлауға  үйренеді,  оқушының  қабілеті  дамып,  өз  бейімділігін 
таниды; 
   ─   ұстаз бен дара тұлға арасындағы байланыс ынтымақтастығы артады. [6] 
Жеке тұлғаның ақпараттық- коммуникативтік технология негіздерінен сауаттылығын 
арттыру арқылы химия пәнінен алған білімі не үшін керек: 

 
Пәнге қызығушылығы артады,құлшыныс,жігерін оятады. 

 
Шығармашылық қабілеттері артады. 

 
Өз күш-жігеріне сенімділік,шырақтық пайда болады. 

 
Жылдам ойлауға машықтанады. 

 
Білім сапасы артады. 

 
Экологиялық сауатты болуға үйретеді. 

 
Оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. 

 
Химиялық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады.[7] 

 
 
189 
 
Ақпараттандырудың  негізгі    бағыты    ХХІ  ғасырдың  талаптарына    сәйкес  қоғамды  
дамытудың    жоғары    тиімділікті  технологияларына    сүйенген    жаңа    білім    стратегиясына  
көшу  болып  табылады. Осыған  сәйкес  қазіргі  білім  жүйесінің  ерекшеліктеріне – оның  
іргелілігі,    алдын  алу    сипаты    және    оларға    қол    жеткізу    мүмкіндіктері    жатады.[8]  Оқу 
процесінде  қолданылатын   АКТ    құралдарын  орналастырудың  бірнеше  жолдары  бар.  Ең 
перспективтісі  және  мазмұндысы  жіктелу  критериі  ретінде   АКТ  құралдарын  әдістемелік 
тағайындау  облысы  болатын  жол  болып  табылады.  Ақпараттық  –  коммуникативтік 
технология  –  мұғалімнің  өз  жұмыстарының  әдістері  мен  ұйымдастыру  түрлерін  түбегейлі 
өзгертуге,  оқушылардың  жеке  қабілеттелігін  дамытуға,  оқудағы  пәнаралық  байланысты 
күшейтуге,  оқу  процесін  ұйымдастыруды  үнемі  жаңартып  отыруға  мүмкіндік  береді. 
Ақпараттық  –  коммуникативтік  технология  құралдары  оқушыларға  жаңа  ақпарат  көздеріне 
жол  ашады,  жеке  жұмыс  пен  білім  алудың  нәтижелілігін,  тиімділігін  көтереді,  кәсіби 
дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа 
формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады. [9] 
Электрондық оқулықпен оқыту әдісі: 

 
Модульдік жүйемен жазылған 

 
Демонстрациялық -сарамандық жұмыстар қамтылған 

 
Тест жұмыстары 

 
Сан есептері 
Интерактивті оқыту әдісі: 

 
Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасау технологиясын меңгеру 

 
Интерактивтік  тақтаның  мүмкіндіктерін  оқу  үрдісін  сапалы  түрде  өткізу  әдістеріне 
қолдану 

 
Активойт тестілеу жүйесі 

 
Ақпараттық  –  коммуникативтік  технологияларын  қолдану  бойынша  біліктілік 
құзырлығын көтеру 
Мультимедиалық оқыту әдісі: 

 
Microsoft Power Point – пен жұмыс жасау 

 
Слайдтармен жұмыс жасап,презентациялар құру 

 
Мультимедиалық проектор қолдану 

 
Компьютердің қосымша құрылғыларын пайдалану ( сканер, кодоскоп т.б) 
Ғаламтор жүйесі арқылы оқыту әдісі: 

 
Химия пәні  бойынша сабақтар сайты: 
www.ustaz.kz/kk.html
 
www.45minut.kz
 

 
Халықаралық  химиялық  олимпиадалар  жөнінде  мәліметтер: 
www.сhem.msu.ru

htt://www/chem.msu.su/rus/olimp/ 

 
Химия  саласы  бойынша  қызықты  мәліметтер:  htt://www/chem.msu.su/rus/elibrary/ 
history.html.,htt://www. alhimik.ru/hist/prior.html, htt://www.ski.aha.ru/ALL/b2.htm 

 
Бейнехимиялық зертханалық жұмыстар жайлы мәліметтер: «1С: Репетитор. Химия», 
htt://www.repetitor.1c. /online/disp.asp?10;3.  
Білім  беруде  компьютерлік  технологияның  барлық  мүмкіндіктерін  интеграциялау 
оқушылардың өзіне және өз біліміне қатысты танымдық қызметін, шығармашылық талабын, 
белсенді  бағыттарын  ынталандыруға  көмектеседі.  Сонымен,  интерактивтік  тақта  сабаққа 
қатысушылардың  барлығының  ойын  бір  ортаға  жинақтап,  қажет  ақпаратты  өңдеу  арқылы 
жалпылаған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын 
ала  дайындаған  оқу  материалдары  -  презентациялар,  мәтіндік,  графикалық  ақпараттық 
объектілер  -  сабақтың  жақсы  өтуін  және  барлық  ақпарат  түрлерін  қолдануды  қамтамасыз 
етеді.  Бұл  оқушының  сабаққа  деген  қызығушылығын,  әрі  өз  бетінше  іздену  қабілетін 
арттырады.  Бұл  сапалы  білім  берудің  ең  басты  факторы  болып  табылады.  Осындай 
әдістермен  жасалған  теориялық  талдаулар  үздіксіз  жыл  бойында  жүзеге  асырылып  отырса, 
бала  жаттығып,  өз  бетінше  ізденіп,  жаңалық  ашуға,  зерттеу  жұмыстарын  жасауға 

 
 
190 
 
дайындалады. Осы арқылы қоғамдағы түрлі қайшылықтар мен жағдайларды, халқымыздың 
мәдени  құндылықтарын  өздігінен  пайымдауға  қадам  бастайтын,рухы  мықты  азамат 
тәрбиелейміз.[9] 
Ақпараттық – коммуникативтік технологияның тиімділігінін нәтижесінде:  
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелейді 
-
 
Өз білімін шыңдауға көмектеседі 
-
 
Көрнекіліктерді өзі жасай алады 
-
 
Компьютерлік сауаттылығы ашылады 
-
 
Білім, біліктілік дағдылары дамиды 
-
 
Уақытын үнемдейді 
-
 
Баланың көру, есту қабілеттерін арттырады 
Химия  пәнін  оқытуда  жаңа  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды 
қолданудың  маңызы  өте  зор.  Сондықтан,  ізденген  ұстаздан  ғана  шығармашыл,  дарынды 
шәкірттің шығары анық. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.
 
Химия мектепте №3 \2009 3 - бет 
2.
 
Мясоед Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учит» М., 2004 ж. 
3.
 
Химия мектеп журналы №3\2009 35 – бет 
4.
 
Химик анықтамалығы №2\2010 24-27 бет 
5.
 
Қазақстан мұғалімі газеті 30-тамыз 2011ж  
6.
 
Мұхамбетжанова 
С.Т., 
Мелдебекова 
М.Т. 
Педагогтардың 
ақпараттық 
– 
коммуникациялық  технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. 
Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 жыл  
7.
 
Чернобельская Г.М. Методика обучения химии в средней школе  2000ж 
8.
 
Ғаламтор жүйесі - 
http://mtdi.kz/kz/makalalar/oku-adistemelik/
 
9.
 
Ғаламтор жүйесі -  http://45minut.kz 
 
 
 
 
 
 
 
 
Робототехниканы мектепке дейінгі ұйымдарға енгізу  
бағдарламасының маңыздылығы 
 
Алигазиева А. Қ. 
Орал қаласы №44 «Мерей» бөбекжай МКҚК 
«Компьютерлік сауаттылыққа үйрету» пән мұғалімі 
 
Мектеп  жасына  дейінгі    балалар  ойыншықтардың  құрылысын  зерттеп,  түсінуге 
тырысады. Қазіргі кезде балалар белсенді ақпараттандыру, компьютерлендіру, роботтандыру 
кезеңінде өмір сүруде. Техникалық жетістіктер адамзат іс-әрекетінің кез келген салаларына 
терең еніп, балалардың заманауи техникаға деген қызығушылығын арттыруда. Барлық жерде 
бізді  техникалық  тұрмыстық  құрылғылар  мен  аппараттар,  көлік,  құрылыс,  т.б.  машиналар 
түсіндегі  нысандар  қоршап  тұр.  Ерте  жастан балаларға  қозғалмалы  ойыншықтар  тартымды 
келеді.  Осы  орайда  балалардың  техника  ғылымына  деген  қызығушылығын  тудырып,  әрі 
қарай  шыңдау  мақсатында  конструктор  немесе  басқа  құрастырғыш  заттардың  түрлерін 
кеңінен қолданудамыз. 

 
 
191 
 
Мектепке  дейінгі  жаста  бала  толыққанды  дамуы  үшін  ойын  мен  өндірістік  іс-
әрекеттің  алғашқы  сатылары  аса  маңызды.  Құрастыру  –  қызықты,  тартымды,  пайдалы  іс-
әрекет.  Ол  шынайы  нәрселер  мен  балалардың  ойдан  құрастырған  нысандарын  моделдеуге 
бағытталған  өндірістік  іс-әрекеттің  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  ең  маңыздысы. 
Балаларға арналған құрастырғыштар немесе LEGO – құрастыруды пайдаланудың мақсаты – 
бастапқы  техникалық  құрастыру  дағдыларын  меңгерту,  инженерлік  ой-өрісін  дамыту,  ұсақ 
моторикасын  жетілдіру,  «көз-қол»  координациясын  жүргізу,  құрылым  түсінігін  және  оның 
негізгі қасиеттерін (қаттылығын, беріктігін, тұрақтылығын) зерттеуге мүмкіндік жасау, топта 
әрекеттесу дағыдыларын қалыптастыру. 
Lego  интерактивті  құрастырғышы  немесе  басқа  да  құрастыру  заттарыбалаларға  жас 
зерттеушілер, инженерлер, математиктер ретінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.  
Жеке,  жұптасып  немесе  топтасып  жұмыстана  отырып,  балалар  моделдерді  
мұғалімнің  көмегімен  жасақтап,  зерттеп,  осы  жұмыс  барысында  туындайтын  идеяларды 
талқылайды.  Мұндай  жұмысқа  қажеттісі:  ноутбук  (компьютер),  LegoEducationWeDo9580 
интерактивті құрастырғышы, оның бағдарламалық қамтамасыздандыруы. 
«Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  құрастырушылық  іс-әрекеті  мен  техникалық 
шығармашылығын  түрлі  құрастырғыштармен  мен  LEGO-құрастыру  робототехника  арқылы 
дамыту» білім беру бағдарламасы балалардың жас ерекшелігін ескере отырып есептелген. 
Бағдарламаның мақсаттары: 
1.
 
Түрлі  құрастырғыштар  заттар  немесе  LEGO-құрастыру  мен  робототехниканы 
мектепке  дейінгі  ұйымдарға  енгізіп,  құрастырғыштардың  (конструкторлардың)  технология 
мүмкіндіктерімен таныстыру; 
2.
 
мектепке 
дейінгі 
жастағы 
балалардың 
ақпараттық 
технологияларға 
қызығушылықтарын арттыру; 
3.
 
педагогтың  тұлғасын  шығармашылық  тұрғыдан  дамыту,  жалпы  ойлау-
коммуникативтік қабілеттерін дамыту. 
Аталмыш бағдарлама балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқытуға арналған. 
1.Ортаңғы  топтары үшін – оқу іс-әрекеттер 25-30 минуттан; 
       2.Ересек топтары үшін – оқу іс-әрекеттер 30-35 минуттан ; 
Практикалық  бөлім:  «Конструкторды  құрастыру-ойын  мақсаттарында  пайдалану». 
Жұмалап  жасалынатын  ұшақтар  мен  кемелердің  үлгілері,  төзімділікті  талап  етеді.  Түрлі 
конструкторлар  мен LEGO –құрылымдарынан бүлдіршіндеріміз түрлі кеме, ұшақ, робот сынды 
техникалардың  үлгілерін  құрастырады.  балалар  сюжеттік-ролдік  ойындарда  пайдаланады. 
Толыққанды  құрастырушылық  шығармашылықты  дамыту  үшін  бала  алдын  ала  ойланып, 
ойындағысын  жүзеге  асыруға,  моделдеуге  үйренуі  керек.  Құрылымдарда  жүзеге  асырылатын 
ойларды балалар қоршаған ортадан алады. Сондықтан, оларды қоршаған орта туралы әсерлері 
қаншалықты  ашық,  тұтас,  әсерлі  болса,  соншалықты  оларды  құрылымдары  қызық  және  түрлі 
бола түседі. Және керісінше, құрастырғыштар заттар мен LEGO әлемді барлық оның түстерімен 
көруге мүмкіндік беріп, баланың дамуына ықпал етеді. 
Шығармашылық қабілеттердің бір көрінісі – таныс элементтерді жаңаша жинақтау білігі. 
Құрастырғыштар  заттар  мен  LEGO  -құрастырғышпен  жұмыс  әр  баланың  потенциалды 
шығармашылық  қабілеттерін  дамытып,  оны  жасампаздық  пен  бұзуға  үйретеді,  агрессимен 
бұзуға емес, жаңа нысанды жасау мақсатында бұзуға. 
Құрастырылған  моделдерді  дамуы  тежелген  балаларға  өте  ұнайтын  театрализация-
ойындарда  пайдалануға  болады,  олардың  тілінің,  шығармашылығының  дамуына  ықпал  етіп, 
эмоционалды ортасына әсер етеді. 
Құрастырғыштар  заттар    мен  LEGO-элементтер  дидактикалық  ойындар  мен 
жаттығуларда пайдаланылады («Ғажайып қап» ойынында балаларды тактильдік қабылдауы мен 
тілі  дамиды,  «есте  сақтап,  қайтала»  ойыны  жады  коррекциясы  мен  ойлау  қабілетін  дамытуға 
бағытталған).   
Оқу іс-әрекеттерді  өткізудің негізгі формасы – практикум. 

 
 
192 
 
Оқу іс-әрекеттерді  бастапқы техникалық моделдеумен қызығушылықты қолдау үшін оқу 
іс-әрекеттерді  өткізуде түрлі әдістер мен тәсілдер пайдаланылады: 
-
 
әңгіме – одан балалар моделдеу нысандары туралы ақпарат алады; 
-
 
үлгі бойынша жұмыс жасау – балалар берілген үлгі бойынша жұмыс жасайды; 
-
 
өз бетімен жобалау – теориялық білімдерін бекітіп, өз бетімен ұмытылмас жетістіктерге 
жету үшін; 
-
 
ұжымдық жұмыстар – балалар жұптасып, топтасып, барлығы бірге жұмыстана алады. 
Жұмысты  ұйымдастырғанда  ойын,  еңбек,  оқуды  біріктіруге  тырысу  қажет,  бұл 
танымдық,  практикалық,  ойын  міндеттерін  бірегей  шешуге  көмектеседі.  Ойын  тәсілдері, 
жұмбақтар, санауықтар, жаңылтпаштар, тақырыптық сұрақтар да шығармашылық жұмысқа оң 
әсерін береді. 
Құрастырудың шарты немесе түпкі ойы бойынша үш негізгі түрі бар: 
1.
 
үлгі  бойынша  –  құрастырылатын  заттың  алдын-ала  үлгісі  берілгенде  (мысалы, 
суреті немесе сызбасы); 
2.
 
шарты  бойынша  –  үлгісі  берілмей,  тек  құрастырылатын  нысанға  қойылатын 
талаптар,  шарттар  берілгенде  (мысалы,  күшіктің  үйі  шағын  болуы  тиіс,  ал  кұлыншақтікі  - 
үлкен); 
3.
 
түпкі  ойы  бойынша  –  құрастырылатын  нысан  бала  өз  ойына  сай,  ешқандай 
шектеусіз,  қол  астындағы  материалға  сай  жасақталады,  мұнда  шығармашылық  қабілеттер 
басқаларына қарағанда жақсырақ дамиды. 
 Бағдарламаны жүзеге асыруда пайдаланылатын формалар мен әдістер 
1.  Көрнекілік  (мультипликациялық  және  оқу  фильмдерінің  үзінділерін,  оқыту 
презентацияларын  көрсету,  сызбалар,  кестелер,  иллюстрацияларды  талдау,  дидактикалық 
ойындар, көрмелерді ұйымдастыру, үлкендердің жеке үлгісі); 
 2. Сөздік (көркем әдебиетті оқу, жұмбақтар шешу, мақал-мәтелдермен жұмыс, әңгіме, 
пікірталас, жағдаяттарды моделдеу); 
3.Практикалық  (жобалар,  ойын  жағдаяттары,  қарапайым  ізденіс  әрекеті 
(құрылымдармен  тәжірибелер),  құрылымдарды  түрліше  сынау,  жағдаяттарды  моделдеу, 
сайыстар, сергіту сәттері). 
Күтілетін нәтиже 
Балалар біледі: 
-
 
түрлі  құрастырғыш  заттар  немесе  LEGO-құрастырғыштың  негізгі  бөлшектерін 
(қызметін, ерекшеліктері); 
-
 
механиканың 
қарапайым 
негіздерін 
(құрылымдардың 
тұрақтылығын, 
жалғанулардың беріктігін); 
-
 
құрылымдардың  түрлерін  –  жазық,  көлемді,  бөлшектердің  қозғалмалы  және 
қозғалыссыз жалғануы; 
-
 
күрделі емес құрылымдардың дайындалуының технологиялық ретін.  
Балалардың қолынан келеді: 
-
 
құрастыруға қажетті бөлшектерді таңдау; 
-
 
бұйымның жасалуының сатылық нұсқаулығына сүйене отырып құрастыру; 
-
 
үлгі бойынша құрастыру; 
-
 
тәрбиешінің көмегімен талдау, келер практикалық жұмысты жоспарлау; 
-
 
моделдер құрылымындағы бөлшектердің санын өз бетімен анықтау; 
Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  санау,  пішін,  симметрия,  құрылымдардың 
беріктігі,  тұрақтылығы  жөнінде  білімдері  мен  дағдылары  қалыптасады,  қиялдау  мен 
шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйренеді. 
Бағдарламаны жүзеге асыруды қорытындылау мен іс-әрекетті бақылау формалары: 
-
 
балалардың іс-әрекетін бақылау; 
-
 
балалардың жобалық іс-әрекетке қатынасуы; 

 
 
193 
 
-
 
балалардың мектептке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық жұмыстарының 
көрмелеріне қатынасуы. 
Құрастырғыштар  немесе  LEGO-құрастырғышты  диагностика  үдерісінде  пайдалану 
әдісі  педагогке  ойын  барысында  туындайтын  көптеген  проблемаларды  бақылап,  анықтауға 
мүмкіндік береді. Еркін құрастырушылық іс-әрекет педагог пен балалар, ата-ана мен балалар 
арасында тез оң байланыс орнатуға мүмкіндік беріп, баланың эмоционалдық-жігерлі, қозғалу 
тарапынан  ерекшеліктерін  байқауға  мүмкіндік  береді,  баланың  тілдік  мүмкіндіктерін 
анықталады, оның коммуникативтік деңгейі айқындалады. 
Құрастырушылық-ойын  іс-әрекеті  барысында  педагог  балалардың  еріксіз  зейінінен 
негіздей  отырып,  олардың  танымдық  іс-әрекетін  белсенді  етіп,  сенсорлық-тактилді, 
қозғалмалы  орталары  жетілдіріп,  мінезін  қалыптастырып  және  түзеп,  коммуникативтік 
функциясы мен оқуға деген ынтасын дамытады. 
Дамуы  тежелген  балалардың  Легомен  кез  келген  құрастырушылық-ойын  іс-әрекеті 
педагог тарапынан аса кәсіби басқарушылықты талап ететінін ескерген жөн. Легоны тузету-
дамыту  және  білім  беру  үдесірістерінде  пайдалана  отырып,  бұл  арнайы  педагогикада  орын 
алған әдістемелік және көрнекі құралдарға қосымша болып табылатынын ескеру керек.  
 Қажетті бөлшектерді таңдау дағдысы (пішіні мен түсіне қарай) 
Жоғары (++): өз бетімен, тез, қатесіз таңдайды. 
Жеткілікті (+): Өз бетімен, бірақ жай, қатесіз таңдайды.  
Орташа (-): Өз бетімен, өте жай, қателермен таңдайды. 
Төмен (--): Педагогтың көмегінсіз таңдай алмайды 
Үлгі бойынша жобалау білігі 
Жоғары (++):өз бетімен, тез, қатесіз жобалайды. 
Жеткілікті (+): Өз бетімен, бірақ жай, қатесіз үлгі бойынша жобалайды.  
Орташа (-): Өз бетімен, өте жай, қателермен үлгі бойынша таңдайды. 
Төмен  (--):  Педагогтың  көмегінсіз  үлгі  бойынша  жобалай  алмайды,  қателерін 
көрмейді.  
Қосымша бағдарламаны қамтамасыз ету 
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін келесі әдістемелік материалдар пайдаланылады: 

 
оқу-тақырыптық жоспар; 

 
қосымша білім беру педагогтарына арналған әдістемелік әдебиеттер; 

 
оқу  іс-әрекетін  өткізу  әдістемесі  мен  бұйымдарды  жасаудың  сызбаларын  таңдауға 
арналған ақпараттық желілер ресурстары; 

 
сатылық құрастыру сызбалары; 

 
көліктің суреттері; 

 
оқу іс-әрекетінің тақырыптары бойынша сергіту сәттері, жұмбақтар. 

 
2. Материалдық-техникалық: 
Оқу  іс-әрекеттерді  өткізу  үшін    түрлі  конструкторлар  мен  Лего-құрастырғышының 
жиындары және олардың ресурстық жиынтықтары пайдаланылады. 
Ойымды  қорыта  келе,  бұл  білім  бағдарламасын  меңгеру  деңгейін  анықтауға  арналған 
диагностикалық  талдаулардың  балаларға  оқу  барысыда  кезігетін  сан  алуан  проблемалардың 
алдын алуда және мамандар назарына осы жайттарға аудара отырып, бірлесе шешу жолдарын 
табуда  алар  орны  орасан  зор.Түрлі  формадағы  іс-шаралар  балалардың  күнделікті  оқу  іс-
әрекетінде  байқала  бермейтін  жеке  қабілеттері  мен  мүмкіндіктерін  ашады.Олар  бір-бірімен 
барлық жағынан жақсы қарым-қатынаста болады. 

 
 
194 
 
«Жас  техниктер»  үйірмесін  ұйымдастырып,  жұмыстанудың  арқасында  көптеген 
нәтижелерге  қол  жеткіздік.  Атап  айтсақ  балалардың  құрастыру  жұмыстарының  бағытына 
деген  қызығушылықтары  жоғары  болып,  түрлі  жарыстарға  қатысып  орындарға  ие  болдық. 
Ата-анамен,  Облыстық  балалар  техникалық  шығармашылық  орталығымен  бірлесіп  жұмыс 
жасап келеміз.Өз тәжірибеме сүйене отырып, бағдарламаныңбалабақша мұғалімдеріне үлкен 
көмекші болатынына сенімдімін.  
 
Әдебиеттер: 
1. Фешина Е.В. [Балабақшада құрастыру 
2.  Комарова  Л.  Г.  [Строим  из  LEGO»  (моделирование  логических  отношений  и  объектов    реального 
мира средствами конструктора LEGO)]«ЛИНКА — ПРЕСС», 2003 
3. Бедфорд А.[Инструкция LEGO] 
4. Ишмакова М.С. [Конструирование  в дошкольном образовании  в  условия  введения  ФГОС:  пособие 
для педагогов. – всерос.уч.-метод. центр образоват. Робототехники.-М]  Изд.-полиграф. центр «Маска» - 2013.   
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет