«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты



бет32/46
Дата02.12.2023
өлшемі1,81 Mb.
#132447
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Тьютор жұмысын ұйымдастыру мәселесі.

Т ьютор жұмысын ұйымдастыру мәселесі жалпы инклюзивті білім беру және тәрбиелеу құрылымының құрамдық бір бөлігі болып табылады.
«Тьютор» термині ағылшын тілінен аударғанда «бақылаймын, қамқорлаймын» деген түсінік береді. Оның тьюторлық оқыту жүйесі орта ғасырда кіріктірілгеніне қарамастан, кәсіптік тілде кен таралуы
бірнеше жылдан кейін табылған.
Тьютор, авторлардың пікірлері бойынша, бала мен оқытушының арасында байланыс жолы, іс әрекетті және жеке балаға бағытталған бағдарлама ұйымдастырушы тұлға.
Авторлардың пікірінше, тьюторлық технологиясының негізгі құрамдасы болып жеке білім беру бағдарламасын құру және сүйемелдеу мәселесін ұйымдастыру.
Тьюторлық жұмыстың мақсаты мүмкіндігі шектелген балаларды жалпы білім беру үрдісіне кіріктіруде қалыпты жағдай орнату. Бұл мақсатты іске асыру үшін көптеген міндетерді шешу қажет:
1.Мектепте мүмкіндігі шектелген балаларына жәйлі жағдай тудыру: мектепке, сыныпқа баруға нақты көмекті ұйымдастыру; мүмкіндігі шектелген баланың оқу орнын, демалу т.б. орындарын ұйымдастыру; айрықша күн тәртібі, білім беру ортасын мүмкіндігі шектелген балалардың нақты анықталған мүмкіндіктеріне қарай сәйкестеп құру.
Жалпы білім беру ортасында психологиялық ахуал құру мақсатымен педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, оқушылармен жұмыс жүргізу. 2.Әлеуметтендіру – мүмкіндігі шектелген баланы өзінің құрдастары, мектеп, сынып өмірінің арасына кіріктіру, ұжымда тұлғааралық қанағаттанарлық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Білім беру процесінің әр кезеңінде педагогтардың, арнайы педагогтардың, психологтардың, т.б. қажет етілетін мамандардың координациясын қамтамасыз ету үшін тьютор арада байланыстырушы көпір болады.
Тьютордың жұмысы іске асырылуда келесі құжаттарды жүргізу бағыттары
-мүмкіндігі шектелген балалармен түзете-дамыту жұмысын жүргізуде арнайы мамандардың ұсыныстары;
-мүмкіндігі шектелген баланың дамуына бақылау күнделігін жүргізу; Күнделік – бақылауды және даму динамикасын зерделеу,бақылау. Бақылау күнделігінің түрлері:
1.Мүмкіндігі шектелген баланың тәртібін, оқу және әлеуметтік өмірін бақылайтын; Баланың тәртібінің ерекшеліктері мен қоса, тьютор өзінің және мұғалімдердің іс- әрекетін, қандай да болса ситуацияларға эмоционалдық әсерін ескереді, бақылау жүргізеді.

58

2.Жоғары психологиялық-педагогикалық мекемелеріне есеп беру қосымшасы ретіндегі күнделігі. Бұл есеп беруші күнделік түрі жоғары инстанциялығының міндеттеріне сәйкес болуы қажет.


3.Мүмкіндігі шектелген баланың өмірі туралы, оқуы туралы, жетістіктері туралы мәліметермен ата-аналарды ақпараттандыру.
Тьюторлық жұмыстың мазмұны мен спецификасы көптеген факторлармен негізделеді:
-мүмкіндігі шектелген баланың бұзылымдарының спецификасы; -белсенділік деңгейімен;
-мекеменің инклюзивтік білім беруге дайындық деңгейімен;
-педагогикалық ұжымның инклюзивті білімге дайындығымен және қосымша білім берудің мүмкіндігімен;
-ата-аналардың түзете-дамыту үрдісіне қызығушылық деңгейімен; -мамандардың кәсіптік құзыреттілігінің деңгейімен.
МШБ-ға қазіргі заманда арнайы мекемелерде оқу қажетті емес, керісінше, жалпы білім беру ортасында ең сапалы білім алады және өмірге жақсы бейімделеді. Сау балалар толеранттылыққа және жауапкершілікке тәрбиеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет