Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаcындағы мемлекеттік


Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата06.04.2017
өлшемі162,27 Kb.
#11171
1   2   3   4   5   6

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле

отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін 

жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған орындықтар, құжаттар толтыру орындары стенділермен 

және қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілерімен жарақтандырылады), сондай-ақ 

мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар қарастырылады

.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.minagri.gov.kz



ғаламтор-ресурсында орналастырылған, «Қолдау және қызметтер» бөлімі, «Мемлекеттік қызметтер» 

кіші бөлімі.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі 

туралы ақпаратты қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы 



қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. 

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс 

телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай

: (1414).

байланыс орталығы

Қазақстан Республикасы   

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы  

№ 18-1/415 бұйрығына   

3-қосымша         



«Ағаш кесу және орман билетін беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік 

қызмет).

      2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (

бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті мемлекеттік орман иеленушілер (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті 

беруші) көрсетеді.

      Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті 

берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Берілген рұқсаттар туралы мәліметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» 

ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) 

жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін барынша шекті уақыты –

30 минут;

      3) қызмет көрсетудің жол берілетін барынша шекті уақыты – 30 минут.

      Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен сүрек дайындау 

көлемінің, Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-

тармағының 

 сәйкес орман иеленушімен келісімделген кеспеағаштарды игерудің 

18-20) тармақшасына

технологиялық карталарының болмауы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті 

қараудан дәлелді бас тарту береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2016 

270



 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе 

қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз түрінде ағаш кесу және (немесе) орман 

билетін беру.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан 

әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек 



заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса 

алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30

-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту 

тәртібімен көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2016 

№ 270


(алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет 

көрсету үшін жүгінген жағдайда еркін нысандағы өтініш береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде құжаттар топтамасын 

қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу туралы 

оның көшірмесіндегі белгі қағаз түрінде өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Жеке басты куәландыру туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер 

ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар бойынша мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші «

электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті жүйелерден алады. 

      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден 

бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған 

құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс 

еместігі белгіленуі;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, 

ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 

 (Нормативтік құқықтық 

бұйрығымен

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10676 болып тіркелген) бекітілген Ағаш кесу билеті 

мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларында белгіленген талаптарға 

сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін 

қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне 

енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен 

байланысты арнаулы құқығынан айрылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне

енген шешімінің болуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 

23.06.2016 

№ 270


 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі) бұйрығымен.



3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе)

олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет

көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне

(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік

қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 

 көрсетілген мекенжай бойынша 

13-тармағында

көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй,

қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 55-58-03 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына 

беріледі.

      Шағым жазбаша түрде пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе 

Министрліктің кеңсесі арқылы қолмен апарып беру арқылы қабылданады.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны

көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (


мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін

қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы 

жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті 

алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға 

шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі 

 

уәкілетті органның



мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап он 

бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлға – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы

;

      2) заңды тұлға – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. 



Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметті алушының

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-

 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

тармағының

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле

отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін 

жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған орындықтар, құжаттар толтыру орындары стенділермен 

және қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілерімен жарақтандырылады), сондай-ақ 

мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар қарастырылады.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.minagri.gov.kz

ғаламтор-ресурсында орналастырылған, «Қолдау және қызметтер» бөлімі, «Мемлекеттік қызметтер» 

кіші бөлімі. 

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі 

туралы ақпаратты қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы 

қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. 

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс 

телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай

: (1414).

байланыс орталығы

«Ағаш кесу және орман билетін беру»

мемлекеттік қызмет стандартына 

қосымша             

Нысан

_____________________________________________________________________



               (мемлекеттік органның толық атауы)

_____________________________________________________________________

             (жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)

Өтініш берушінің мекенжайы __________________________________________

                  (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй, №, телефон)


Өтініш берушінің деректемелері ______________________________________

                 (жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін - БСН



ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________

                       (өтініштің мақсаты)

_____________________________________________________________________

___________________________________________________________ сұраймын.

               (учаскенің атауы)

      Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер

беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық

жайында хабардармын.

Өтініш беруші

_____________________________________________________________________

           (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Мөр орны (болса)

20 жылғы « »

Қазақстан Республикасы   

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы  

№ 18-1/415 бұйрығына   

4-қосымша         

«Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени,

туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының

мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман

пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде

учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат

беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін; 

аңшылық шаруашылығы; қосымша орман пайдалану қажеттілігіне ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін 

орман ресурстары берілетін мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін 

салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

      2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (

бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті орман шаруашылығы саласында функцияларды жүзеге асыратын 

облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:



      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.еgov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) 

арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ 

порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін барынша шекті уақыты –

30 минут;

      3) қызмет көрсетудің жол берілетін барынша шекті уақыты – 30 минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап, 

екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті 

беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (

немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, 

тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін, аңшылық шаруашылығының мұқтажы, жанама 

орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде

учаскелерді құрылыс объектілері үшін пайдалануға арналған рұқсат.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны:  электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті 

тұлғасының электрондық цифрлы қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында 

көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға қағаз түрінде 

жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, қағазға 

басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және оның басшысының қолтаңбасымен 

куәландырылады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден

бастап, жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 

18.30-ге дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30

-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту 

тәртібімен көрсетіледі.

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде

, тәулік бойы (қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мерекелік күндері 

жүгінген кезде өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс

күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде 

мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) сәулет және қала құрылысы саласында функцияны жүзеге асыратын тиісті жергілікті 

атқарушы органның құрылымдық бөлімшесімен келісілген құрылыс объектісінің эскизі (эскиздік 

жобасы;

      порталға:



      1) осы мемлекеттік қызмет стандартына 

 сәйкес қызметті алушының ЭЦҚ-ымен 

қосымшаға

куәландырылған электронды құжат нысанындағы сұрау салу;



      2) сәулет және қала құрылысы саласында функцияны жүзеге асыратын тиісті жергілікті 

атқарушы органның құрылымдық бөлімшесімен келісілген құрылыс объектісінің эскизінің (эскиздік 

жобасының) электронды көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны 

тіркеу (қайта тіркеу) туралы, эскизге (эскиздік жобаға) мемлекеттік экологиялық және 

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары туралы мәліметтерді 

көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден

алады.


      Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,

мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны 

құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп,

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі қағазға 

басылған түрінде өтініштің қабылдануының дәлелі болып табылады;

      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсету 

үшін сұранымды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе)

олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет

көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне

(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік

қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 

 көрсетілген мекенжай бойынша 

13-тармағында

көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй,

қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 55-58-03 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына 

беріледі.

      Шағым жазбаша түрде пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе 

Министрліктің кеңсесі арқылы қолмен апарып беру арқылы қабылданады.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны

көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (

мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. 

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс 

орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. 

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» 

көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны 

туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып тұратын өтініш туралы 

ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін

қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы 

жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті 

алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға 

шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі 

 

уәкілетті органның



мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап, он 

бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлға – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы

;


      2) заңды тұлға – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. 

Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін 

қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық

нысанда көрсетілетін қызметтер ерекшеліктері ескеріле

отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін 

жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған орындықтар, құжаттар толтыру орындары стенділермен 

және қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілерімен жарақтандырылады), сондай-ақ 

мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар қарастырылады

.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.minagri.gov.kz



ғаламтор-ресурсында орналастырылған, «Қолдау және қызметтер» бөлімі, «Мемлекеттік қызметтер» 

кіші бөлімі.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі 

туралы ақпаратты қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы 

қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс 

телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай

: (1414).

байланыс орталығы

«Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық,  

тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар;

аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама 

орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман    

пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры  

жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін  

салуға пайдалануға рұқсат беру»        

мемлекеттік қызмет стандартына         

қосымша                     

Нысан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет