Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет77/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   111
Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы



«Уақытша отбасы»

ШЖМ  ауыл  мектептерінің  жартысын  құрайды,  1-сыныптан  бастап  балалар  аудан 

орталықтарының  мектептерінде  оқуға  және  интернаттық  жағдайда  тұруға  мәжбүр. 

Мұндай  интернаттардың  пайдасыздығы  балаларды  жабдықтауға,  тұруға,  тамақтандыруға, 

штатты  ұстауға  және  т.б.  шығындар  есептеулерімен  дәлелденді,  кейде  мұғалімдер  мен 

тәрбиешілер  штаты  интернаттағы  тәрбиеленушілердің  өздеріне  қарағанда  көп.  Сонымен 

қатар,  интернатта  тәрбиелеу  –  бұл  балаларды  отбасынан  ажырату,  отбасылық  тәрбие 

құндылықтарының жоғалуы деп қарастыруға да болады.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 485 мектептің 380-і ШЖМ. Оның жартысына жуығы 

(180  ШЖМ)  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкес  келмейді.  Оқу  жүктемесінің  төмендігіне 

байланысты  ауылдық  ШЖМ-де  214  қосымша  мұғалім  жұмыс  істейді.  229  ауылдық  елді 

мекенде  мектептер  жоқ,  сондықтан  балалар  жақын  маңдағы  ауылдардағы  мектептерге 

оқуға  тасымалданады.  1  360  бала  мектеп  жанындағы  55  интернаттарда  тәрбиеленуде. 

Мұндай  интернаттар  ауыл  мектептерінің  ғимараттары  ішіндегі  бейімсіз  үй-жайларда 

орналасқан, әрі балалардың тұруы үшін қажетті жағдайлар жасалмаған

132


.

Солтүстік  Қазақстан  облысында  2019  жылдың  қаңтарынан  бастап  «уақытша  отбасы» 

әлеуметтік пилоттық жобасы енгізілді және іске асырылуда, ол елді мекендердегі балаларға 

толық  жинақты  мектептерде  оқуға  және  бұл  ретте  интернатта  емес,  отбасында  тұруға 

мүмкіндік береді

133


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет