Орта білім беру



бет123/241
Дата31.12.2021
өлшемі1,4 Mb.
#21245
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   241
Жоспарлаужұмысы (I тоқсанның II аптасында)

3

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау. Егер бағдарламада оқу мақсаттары, оқу сағаттарының саны бойынша өзгерістер болса, бұл жағдайды оқушылардың

біліміндегі олқылықтарды жою үшін жұмысты жоспарлау кезінде ескеру қажет.



4

Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімді сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу. Шағын жобаларды, презентацияларды, пікірталас түрінде өткізуге, ғылыми эссе жазуға және т. б

қосуға болады.



5

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттарын анықтау. Мысалы, «метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру», «аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау» оқу

мақсаттары



6

Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылықтары бар

оқушылардың тізімін жасау және топтастыру

7

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін

консультациялардың кестесін жасау

8

Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңес беруді сәйкес келетін

жаңа тақырып пен оқу мақсатына сабақ жоспарлаудан бұрын өткізу

9

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру




кестелерін жоспарлау принциптері:

  • жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;

  • жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;

  • II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;

  • жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер

10

Жаңа сабақтан бұрын кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

11

Сенбілік немесе жексенбілік кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

12

Каникул күндеріндегі кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

13

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау

14

Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтары да көрінеді):

  • қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау);

  • бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі;

  • тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.

Жүзеге асыру және талдау жұмысы (оқу жылы бойы)

15

Химия бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ жоспарымен сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі

олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу



16

Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол

жеткізу


17

Жаңа сабақтан бұрын сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол

жеткізу


18

Каникул күндерінде кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын

толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу



19

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы

оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру



20

Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін:

  • диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебін;

  • тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін

әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте;

  • бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін

әдістемелік бірлестікте;

  • оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалақ есепті әдістемелік бірлестікте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау.


«Химия» пәнінен 8-9-сыныптарда кіріктіріп оқытуға болатын оқу мақсаттары

7-сынып

8-сынып

9-сынып

7.1.2.2 – әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және

белгілі атом түрі екенін білу



8.1.3.4 – алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және

электронды – графикалық формулаларын жаза білу



9.1.4.6 – аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формулаларын түсіндіру

7.1.2.4 – заттарды

құрамына қарай жай



8.1.4.3 – заттар

қасиеттерінің кристалдық



9.1.4.8 – кремний, оның

диоксиді мен карбидіндегі



және күрделіге жіктеу

тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру

химиялық байланыс түрін және кристалдық тор типін

сипаттау





8.2.1.3 – топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру

заңдылығын түсіндіру



9.2.1.8 – топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау


Ұсыныстар:

          1. ҚМЖ әзірлеу үшін кестеге сәйкес алдын ала кеңес беру үшін оқушылардың олқылықтары туралы ақпарат болуы керек.

          2. Сабақтар барысында оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толықтыру үшін сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын кіріктіру (ішкі және сыныпаралық интеграция).

          3. Оқытудың жеке мақсаттары бойынша сенбі және жексенбі күндері кеңес беру кестесіне сәйкес сабақ-экскурсиялар ұйымдастыру. Мысалы, «кеннен металл алу процесін сипаттау», «синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру»).

          4. Зерттеушілік сипаттағы зертханалық және практикалық жұмыстарды каникул және жазғы мектеп күндерінде консультация кестесіне сәйкес жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   241




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет