Абай мектептері желісінде білім беру және оқу процесін ұйымдастыру туралы
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында рухани жаңғырудың басты шарты деп білім беруде тек полиглот, цифрлы қаруланған, бәсекеге қабілетті тұлғаны емес, өз тілі мен әдебиетін сүйетін, туған жерінің тарихын білетін, ұлттық коды сақталған, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді атап көрсеткен.
Осыған орай, бүгінгі таңда ұлттық сананы жаңғырту негізінде қазақша ойлай алатын, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінетін, тілдік нормасын сақтап жаза алатын, лингвоэтика, сөйлеу мәдениеті заңдылықтарын білетін және қазақ тілін функционалды-коммуникативті аспектіде талдап, ұлттық тіл деңгейінде қолдана алатын тұлғаны қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысында Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етуде:
«Мемлекеттік тілді басым дамыту білім беруді әдіснамалық және ғылыми-
әдістемелік сүйемелдеу, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту есебінен күшейтілетін болады. Ол үшін гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектептер мен мектеп-интернаттарының желісі құрылатын болады», – деп атап көрсетілген.
Абай мектептері желісінде білім беру және оқыту процесі қазақ тілінде жүргізіледі. Қазақ тілі мен әдебиеті ҚР БҒМ 2020 жылғы «27» қарашадағы
№ 496 бұйрығының 7-қосымшасы негізінде «Негізгі және жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған Абай мектептері желісінің 5-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Абайтану» пәндерінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқытылады.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
8-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;
9-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.
«Абай мектептеріне» арналған жаңартылған оқу бағдарламасындағы грамматиканың берілуі: лексика-грамматикалық бөлім, грамматикалық материал, сөйлеу әрекетінің түрлері және оқыту мақсаттарынан тұрады. Мысалы: лексика-грамматикалық бөлім: 1. Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер.
Грамматикалық материал: Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері.
Сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормаларынан тұрады.
«Абай мектептерінде» грамматиканы оқытуда мәтінтануға үйрететін міндеттер:
Мазмұнын тану. ҰМЖ-дағы мәтіндегі негізгі ойды тап, сұрақ құрастыр деген сияқты мазмұнды түсінуге бағытталған жаттығулар құрастырудан тұрады (бағдарламада нақты көрсетілген).
Стилі мен жанрын тануда әр стильге, әр жанрға тән тілдік қолданыстарды ажырату үшін мәтін ішіндегі тіл құралдарын түстеп таныту арқылы орта мектепке сай лингвистикалық білім беру (тілдік талдаулар).
Мәтін тудыру дағдысын қалыптастырудағы айтылым бөлімінде: айтылым кезінде ерін үндестігі мен буын үндестігін сақтау, сөйлеу техникасын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін сақтау арқылы шешендік өнердің қырларын меңгерту (5-11).
Жазылым бөлімінде: емле мен тыныс белгі нормаларын сақтай отырып, қарапайым диктант, мазмұндама жазудан бастап түрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндерді (эссе) жазу дағдыларын жетік меңгеру. Мәтіндерді типтей білу (5-11-сыныптар) берілген.
«Абай мектептері» желісіндегі оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете
оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.
«Абай мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты – сөз өнерін мәдени мұра, ұлттық құндылық ретінде түсініп, бағалай алатын, интелектуалдық эстетикалық деңгейі, адамгершілік ұстанымы жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру.
«Абай мектептері» желісінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы шиыршық әдісімен қатар хронологиялық жүйені сақтай отырып, қарапайымнан күрделіге қарай оқыту принципіне негізделген.
Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
5-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
6-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
7-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
8-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
9-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:
оқу және түсіну;
талдау және жинақтау;
бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім).
«Оқу және түсіну» бөлімінде: көркем шығарманы пайымдап, мәнерлеп, талдап оқиды, мәтіндегі қолданысын түсінеді; шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды; шығармадағы өзекті мәселе мен идеялық мазмұнын ашады және көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігін ажырата алады; көркем шығарма желісі бойынша ауызша, жазбаша интерпретация жасайды.
«Талдау және жинақтау» бөлімінде: әдеби шығарманың композициялық құрылымын анықтайды; көркем шығарманың образдар жүйесі мен типтік кейіпкерлерді ажыратады; көркем шығарманың тілі мен стилін біледі; көркемдік тәсілдерді талдап, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтарды айқындайды.
1) «Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімінде: көркем шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешімді ажыратады; рухани және көркемдік құндылығын табады; әдеби шығармашылықпен айналысады; әдеби эссе мен әдеби сын жаза алады.
«Абай мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында оқытылатын шығармалар тізімінде: ауыз әдебиетінің үлгілері, ертегілер, батырлар жыры, аңыз-әңгімелер, ежелгі дәуір әдебиеті, шешендік сөздер, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, соның ішінде халық ақындары, айтыс өнері, би-шешендер, сал-серілер, әнші-ақындар; ХХ ғасыр әдебиеті, соның ішінде балалар әдібиетінің өкілдері, қазіргі заман әдебиетінің авторлары мен шығармалары және әдеби жанрлар (сатира, фантастика, детектив) қамтылды.
Білім алушылар оқу мақсаттары жүйесі бойынша шығарма мәтініндегі жекелеген ұғымдардың концептілік, символдық қызметін түсініп, образдар мен мотивтердің туынды идеясымен байланысын анықтай алатын болады. Сонымен қатар туынды желісі бойынша көркем шығарманы автор ізімен баяндап жазу, шығармадағы көріністі әңгімелеп жазу, ойтолғау, хат, ертегі, өтірік өлең, әңгіме жазу, кейіпкер монологі мен диалогін жазу, әдеби эссе, блог, миниатюра, ғылыми жоба және рецензия мен әдеби сын жазумен айналыса алады. Көркем шығарманы өзге жанрда ауызша, жазбаша интерпретациялап, киносценарий, инсценировка сияқты шығармашылық жұмыстар жасай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |