«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»


Исина С.С. ЖЕТІМДІК ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ



бет135/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   153
Исина С.С.


ЖЕТІМДІК ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда.


Балалардың, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында осы санаттағы балалардың құқықтарын қорғау саласына қажетті нормативтік-құқықтық база жасалынды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір бала отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқылы.
Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Жетім ұғымымен қатар кейінгі кезде «Әлеуметтік жетім» ұғымы қолданыста бар. «Әлеуметтік жетімдер» дегеніміз белгілі бір себептерге байланысты ата-аналары құқығынан айырылғандардың балалары және тастанды балалар. Әлеуметтік жетімдер - балалардың ерекше категориясы. Олардың рухани және адамгершілік құндылықтары, тәртіп мәдениеті жайлы түсініктері толық жанұялық тәрбие көрмегендіктен теріс. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Аталып отырған мәселе қоғамда кеңінен орын алуда, сондықтан да одан сырт айналу мүмкін емес. Бұл мәселе жөнінде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларды жүздеген мектеп-интернаттардың, балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелердің және т.б. ұйымдардың жұмысынан байқай аламыз. Жетім балалар мәселесіне байланысты қабылдаған бірқатар нормативтік құжаттарда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың уақытша, түпкілікті отбасында тәрбиеленулері, рухани-адамгершілік, еңбек тұрғысынан жан-жақты дамуы, білім алуы және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуі қадағаланады [1, б. 22].
Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, соңғы жылдары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны қарқынды өсуде, әсіресе әлеуметтік жетімдер саны көбейіп келеді. Жетімдер үйіндегі балалардың 95%-ы әлеуметтік жетімдерді құрайды. Бұл мекемелерде балаларға бірдей талап қойылып, нәтижелері де бірдей болуы көзделуімен, әрқилы көрсеткіштерге ие. Сонымен қатар, көбіне белгілі бір жасқа дейін сол мекемелер көлемінде ғана қарым-қатынасқа түсетіндіктерінен қоғаммен бетпе-бет тікелей келгенде көпшілігі тығырыққа тіреледі. Олардың әлеуметтенулері де осы тұрғысынан ерекшеленеді.
Қазіргідей елімізде экономикалық жағдай жақсарып, елдің тұрмысы түзеле бастаған тұста бала мен отбасылық мүдделер ескеріліп, интернат типтес балалар үйлерінен басқа да қамқорлықтың баламалы түрлері көбейе бастады. Мысалы, патронаттық тәрбие. Патронат-ата-анасыз қалған баланы өз отбасына аламын деген адам мен мемлекеттік ұйым арасындағы келісім-шарт арқылы жүзеге асырылатын тәрбие формасы. Содан кейін патронаттық келісім-шарттарға көрсетілген уақыт бойында баланы патронаттық ата-анасы тәрбиелейді. Патронаттық тәрбие - балалар үйіндегі жетім балаларды әлеуметтендірудің және оларға отбасы жағдайында тәрбие берудің бірден-бір көзі.
Жасөспірімдер үйіндегі тәрбиеленушілермен жұмыс жасау барысында мынадай шаралар ескерілу тиіс: жұмыс барысында қолданылатын педагогикалық бағыттың мазмұнын, түрін, тәсілдерін қамтамасыз етуді; жеке тұлғаға әсер ететін медициналық-психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік жағдайларды зерттеуді; балалар мен үлкендердің қарым-қатынастарының дұрыстығына бағытталған әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттілікті ұйымдастыруды; бұзақылық жасаған жасөспірімдерге көмек беруге, қайта қалпына келтіруге жағдай жасауды; әлеуметтік жетімдердің отбасы жағдайын анықтап, мүмкіндігінше жасөспірімдердің отбасына немесе балалар үйіне оралуына жағдай жасауды; деңгейінің жоғарылауына көмектесу, балалардың мүддесін қорғау олардың отбасымен, әр түрлі қоғамдық инстанцияларымен қарым-қатынасын ұйымдастыруды. Мұның барлығы әлеуметтік-жұмыскердің міндеті болып есептеледі.
Әлеуметтік жұмыскердің қызметінде әлеуметтік-тұрмыстық қызметте негізгі орын алады, олардың бойында шыншылдық, жанашырлық, адамгершілік пен мейірімділік, ұйымдастырушылық қасиеттер басым болған жағдайда жетім баланың әлеуметтенуіне қойылатын педагогикалық шарттардың орындалуы толық қамтамасыз етіледі.
Дегенмен, қоғамның дамуы әрбір тұлғаның бойындағы ізгі қасиеттерінің сапасына, әлеуметтенуі мен оның жалпы адамзаттық құндылықтарды игеру және қоғам игілігі үшін пайдалану қабілетіне байланысты болады.
Сондықтан, жас ұрпақты қоғамға әлеуметтендіру барысында олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре отырып, олардың ар-намысына тимеуге, абыройларын, ар-ождандарын құрметтеуге рухани-адамгершілік пен әдептілікке баулу, адамды сүйе, сыйлай, құрметтей, қадірлей білуге үйрету, қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру қажет. Балалар үйінде оларды әлеуметтендіру және тәрбиелеуде оның ең тиімді жолдарын, құралдары мен тәсілдерін саралауға ең алдымен ұстаздар мен тәрбиешілердің әрбір жас жеткіншек ұрпақтың жас мөлшерін, мінез-құлқын, тұлғалық қалыптасатын кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктерін үнемі ескеріп, зерттеп отыруы әрбір ұстаздың, тәрбиешінің кәсіби міндеттеріне айналуы тиіс.
Соңғы жылдардағы көптеген әлеуметтік зерттеулер балалар үйіне орналасқан балалар мен бітірушілердің әлеуметтік бейімделуінің күрделі мәселелері барын көрсетті. Бұл мәселелерді шешу бүгінгі таңдағы кезек күттірмес міндеттердің бірі.
Сондықтан да педагогикалық тұрғыдан бұл мәселе қазіргі уақытта әр-түрлі себептермен отбасынсыз қалған, жетім балалардың қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуі үшін өзекті болып саналады.
Балалық шақтың бал дәмінен ерте айырылатын осындай балалармен жұмыс қиын да күрделі, жауапты іс болмақ.
Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығысыз қалған балаларды мемлекеттік қорғауға алған мекемелер қатарына жетім балалар мен, ата-ана қамқорысыз қалған балалар, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету мекемесі, оған: ақыл-ой және физикалық жетіспеушілігі бар мүгедек балаларға арналған интернат-балалар үйі, қамқорсыз қалған балаларға көмек көрсететін әлеуметтік-реабилитациялық орталықтар жатады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау мекемесі және тағы басқа заң бойынша бекітіліп құрылған мекемелер.
Сонымен қатар осындай категориядағы балаларға арналған «отбасылық балалар үйі» жұмыс істейді. Мұнда кішкене күнінен бастап кәмелет жасқа толғанға дейін бала барлық ыңғайлы жағдайларда өмір сүре алады. Балаларды осындай формада қорғау ата-аналық құқықтарынан айрылған ата-аналардың балаларына арналған.
Біздің қоғамда алда тұрған өзекті және әлеуметтік-мәнді міндеттердің бірі кәмілетке толмағандардың қараусыз қалуының әлеуметтік жетімдердің азаю жолдарын іздеу және олардың профилатикасының тиімділігін жоғарлату.
Профилактиканы тұрғындардың барлығы қажет етеді, әсіресе тәуекел топтары: жас балалар, жасөспірімдер, қарттар және асоциалды өмір сүретіндер.
Профилактика әлеуметтік жұмыста әлеуметтік жетімдікті жоюдағы перспективті және маңызды бағыт болып табылады.
Әбедиеттерде Р.Н. Войтлев, О.Н.Чалов зерттеушілер әлеуметтік жетімдікке қатынасында профилактикалық қызметтің бірнеше деңгейін бөледі:

  • жалпы әлеуметтік деңгей (жалпы профилактика)- мемлекет, қоғам, оның институттарының қызметін, экономикасын, әлеуметтік өмір, адамгершілік-рухани аймақтарында шешуге бағытталған.

  • Арнайы деңгей (әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық) мақсатты түрде жекеленген ауытқулар немесе мәселелермен байланысты негативті факторларға әсер ету.

  • Индивидуалды деңгей (индивидуалды профилактика) нақты бір адамның жүріс-тұрысындағы ауытқуларға байланысты профилактикалық қызмет[2, б.12].

Л.С. Стракулин бұдан басқа профилактикалық қызметтің келесі түрлерін бөледі: алғашқылық, екіншілік, үшіншілік.
Алғашқылық профилактика- биологиялық және әлеуметтік – психологиялық фактордың негативті әсерін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Алғашқылық профилактика (оның уақытылы жүзеге асуы, толықтылығы және тұрақтылығы) превентивті шаралардың маңызды түрі болып табылады.
Екіншілік профилактика- медициналық, әлеуметтік-психологиялық, құқықтық және басқа шаралар кешені. Кәмілетке толмағандармен, девиантты және асоцалды жүріс-тұрысы барлармен жұмыс істеуге бағытталған.
Екіншілік профилактиканың негізгі міндеттері жасөспірімдердің қылмыс, құқықбұзушылық әрекеттерінің алдын алу.
Үшіншілік профилактика деп әлеуметтік – психологиялық және құқықтық сипаттағы кешенді шараларды айтамыз. Арнайы мекемелерден шыққан жасөспірімдердің қайталап қылмыстық әрекетерге бармауына арналған жұмыс[2, б.23].
Әлеуметтік жұмыстағы профилактикалық қызметтің негізгі мақсаты әлеуметтік объекттердің жүріс-тұрысындағы ауытқушылықтарды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық-тәрбиелік, психологиялық-педагогикалық шаралар көмегімен алдын алу және төмендету.
Профилактикалық жұмыста әлеуметтік жұмыс маманы үшін дұрыс және икемді түрде әрбір нақты жағдайларға объективті, ғылыми дәлдік негізінде материалдарды жалпылау қажет.
Профилактика мақсаты- негативті әлеуметтік мәселелерді және адамдар өміріндегі ауытқулардың алдын-алу, оны көре алу болып табылады.
Жетімдіктің әлеуметтік профилактикасының технологиясының құрылымы келесі кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең. Әлеуметтік жетімдік мәселесін диагностикалау және анықтау. Профилактикалық қызметте әлеуметтік жұмыскер үшін маңызды болатыны негативті жағдайды анықтау және бағалау, сол сияқты оның болмауы үшін шаралар қолдану.
Әлеуметтік жетімдік профилактикасында маңыздысы әлеуметтік жетімдіктің себептерін анықтау, жетімдікті азайту әдістері мен жолдарын негіздеу, әлеуметтік қорғау және бейімделудің әлеуметтік аспекттерін зерттеу.
Әлеуметтік диагностика – бұл әлеуметтік объеттер мен процесстердің жағдайын талдау, олардың қызмет ету мәселесін анықтау. Әлеуметтік диагностиканың мәні зерттелетін объект жайлы дәл білім алу.
Әлеуметтік диганостиканың мақсаты – клиент жайлы толық және объективті ақпарат алу, алынған ақпаратты жүйелеу және әрі қарайғы қолдауға бағыттау.
Әлеуметтік диагностика технологиясы әлеуметтік жұмыс маманы клиенттің тұлғалық ресурстарын анықтап, әлеуметтік қоршаған орта мүмкіндіктерін анықтап, олардың өз бетінше табысқа жетуін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік жетімдік профилактикасының объектісі ретінде баланы емес, оның отбасын есептеу қажет. Осылайша, отбасына диагностика жүргізу барысында әлеуметтік тәуекел факторларын есепке алу қажет:

  1. Әлеуметтік-демографиялық: толық емес немесе көп балалы отбасы, ата-аналары қарт адамдар отбасы, екінші рет некеге отырған отбасылар.

  2. Медициналық-әлеуметтік: ата-аналарының хроникалық аурулары, мүгедектік, еңбек және тұрмыс жағдайларының зиянды жағдайда болуы;

  3. Әлеуметтік-психологиялық: ата-аналар арасындағы деструктивті қатынас, ата-ана мен бала арасындағы, ата-аналардың педагогикалық дайындықсыздығы мен білім деңгейінің төмендігі.

  4. Қылмыстық: ішімдік, нашақорлық, аморалды өмір бейнесі, отбасында сотталған мүшелердің болуы және т.б.

Диагностика кезеңінде отбасының қандай да бір мәселесін айту ғана емес, оның пайда болу себептерін анықтау да маңызды.
Кәсіби, арнайы әдістерді қолдана отырып, әлеумеік жұмыскерлер ақпаратты басқа да құрылым, органдардан алуы керек.
Екінші кезең. Профилакткалық жұмыстың мақсат құру. Жеке бір адамның отбасының, тұрғындар категориясының мәселесін диагностикалау жұмыстың технологиясын анықтап, оларға әсер ету, бағыттау, тиімді әдістерді қолдану, нәтижені болжауға мүмкіндік береді. Егер профилатика мақсаты негативті әлеуметтік құбылыстың алдын алу немесе ескерту болса, әлеуметтік жұмыскер жалпы профилактикалық әсер ету шараларын қолданады.
Үшінші кезең. Әлеуметтік профилатиканың технологиясының функционалдық кезеңі.
Жалпы профилактикалық шаралар:

  1. экономикалық, тұрғындардың өмірлік деңгейін жоғалту, еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету.

  2. әлеуметтік-мәдени шаралар мәдени тапсырыстар, рухани және физикалық даму.

  3. тәрбиелік, адамгершілік, еңбек, құқық тәрбиесін қамтамасыз ету, қоғамдық белсенділікті дамыту.

  4. ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар- жаңа профилактикалық қызметтер құру.

Аталған шараларға сәйкес әлеуметтік жұмыстың жалпы профилактикасы анықталған:

  • әлеуметтік саясатты қалыптастыру және тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін дамыту жұмыстарына қатысу.

  • Отбасы өмірінің әлеуметтік ауытқуларын заңнамалық негізде алдын алу.

  • Девиантты жүріс-тұрысы барларды анықтау (әртүрлі ақпараттарды қолдану: білім мәсеесі, денсаулық сақтау, тұрғындармен құқық тәртіп органдары және т.б.)

  • әлеуметтік мәселесін дамыту бойынша болжам құрау

  • әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдауда ұсыныстар жасау

  • кәмілетке толмағандармен және отбасымен мәдени-бос уақытын ұйымдастыру жұмысы (кружок, клуб, байқау, фестиваль және т.б.)

  • үйсіз қалу профилактикасы (жатахқана алу, уақытша тұрғын үй, өз тұрғын үйін алу)

  • балалардың қараусыз қалуының профилактикасы (демалу және сауығу ұйымдастыру, бала мен ата-анасына қатынастарын коррекциялау және т.б.)

  • экономикалық өз бетінше өмір сүру, өзін-өзі қамтамасыз етуге жетуге көмек

  • отбасы кірісінің жоғарлауына көмектесу

  • негізгі және қосымша жұмыс алуға әсер ету

  • өз ісін ашуға көмек көрсету

  • еңбек, жұмыспен қамтылу және кәсіби бағдар сұрақтары бойынша кеңес беру

  • отбасына психологиялық кеңес жүргізу

  • кәсіби даярлық және қайта дайындықтан өтуге көмек

  • отбасының өзекті әлеуметтік мәселелерінің аспекттері бойынша қоғамдық ойларды дайындау және қалыпастыру (мысалы, жасөспірімдік қылмыс, ерте жаста ана болу, отбасы институттарының статусын жоғарлату, отбасылық зорлық және т.б. )

  • отбасына салауатты өмір салты, отбасылық қатынастар, балаларды тәрбиелеу сұрақтары бойынша лекторийлер, конференциялар, семинар- практикумдар, дөңгелек столдар, БАҚ және т.б. арқылы ағарту жұмыстарын жүргізу.

  • Профилактикалық бағдарламалар және шараларды жүзеге асыру.

Төртінші кезең. Әлеуметтік жетімдік профилактикасының технологиясының басқарушы- талдаушылық кезеңі.
Профилактиканың тиімділігін бағалау. Алғашқылық әлеуметтік профилактика тиімділігі әлеуметтік мәселенің және оны шарттайтын факторлардың өзгеруін бағалау мүмкіндігінің болуы.
Әлеуметтік жетімдік профилактикасын бағалауды, талдау қажет:

  • статистикалық көрсеткіштер динамикасы.

  • Функцияны бөлу және міндеттерді анықтау қызметін құру.

  • Профилактикалық жұмысқа қатысушылардың бірлігін қамтамасыз ету деңгейі.

  • Мемлекеттік орган және тұрғындар профилактикалық қызметпен қамтамасыз етуін ақпараттандыру деңгейі

  • Отбасымен профилактикалық жұмыс жасаудағы белсенділік деңгейі[3, б. 24].

Профилактикалық жұмыстың бағытына қарай отбасы мәселесінің санының азаюуы мүмкін деп есептеуге болады.
Тиімділіктің қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік көрсеткіштерін айыра білу керек. Біріншіге шара өткізгеннен кейін бірден алынған нәтижелер жатады. Ұзақмерзімді көрсеткіштерге бір жылдан үш жылға немесе одан да ұзақ мерзімде алынған нәтижелер жатады.
Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы.
Қоғамда қалыптасқан дағдарыстық жағдай мемлекеттік саясаттың алға қойған бағыттарының бірі ретінде алға қойылып отыр, ол әлеуметтік жетімдік профилактикасы және оны жеңу, әлеуметтік- педагогикалық және психологиялық қолдау жүйесін жетілдіру. Осыған сәйкес мемлекеттік билік органдарының негізгі бағыты әлеуметтік жетімдік профилактикасы бойынша біріккенәрекет жасау.
Әлеуметтік жетімдік біздің қоғамның өте маңызды, қайғылы жағдайының бірі. Көптеген адамдар осы өзекті мәселеге байланысты жұмыстар жасауда. Алайда әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу тек қана отбасы саясаты бойынша департаменттің немесе қоғамдық бірлестіктердің ғана жұмыс емес. Бұл біздің әрқайсымызды ойландыруы тиіс. Балалардың сүйікті ата-анасы қасында болуы, қамқорлықта өсуі біздің өзімізге байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет