«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет136/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   153
Әдебиеттер:

  1. Қазақстандағы жетім балаларды қамқорлыққа алу мәселелері: тарихы мен болжамы. // Ұлт тағылымы. – Алматы, 2008. -№4. - 21-25 бб.

  2. Дети социального риска и их воспитание./ Под науч. ред. Л.М.Шипицыной. СПБ.: Речь, 2003.-144 с.

  3. Новикова Г. А. Проблемы социального сиротства / Теория и практика социальной работы. Актуальные проблемы социального сиротства. Пермь, 2005. С. 22–26.



Кайникенова Г.К., Кусаинова Г.Т.


ҚАРТТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖҮЙЕЛЕРІ


Қарт адамдар - жасы келген, өздеріне тән өмір тәжірибесі бар ұрпақ. Қарт адамдар өзіне әрқашан ықылас пен қамқорлық тілейтін елеулі әлеуметтік топтардың бірі. Атап айтқанда үшінші ұрпақ адамдарының мәселелері көпке ортақ. Жасы алпыстан асқандардың бәріне қоғам тарапынан да, отбасы тарапынан да қамқорлық қажет. Ал біздің елімізде қатары соңғы жылдары ғана қалыптасып келе жатқан әлеуметтік қызметкерлер үшін қарттарға деген қамқорлық кәсіби міндет болып табылады. Әлеуметтік қызметкерлер қарттардың күнделікті тіршілігіне көмектесіп қана қоймай, олардың осынау бір өмірдің қиын кезеңінен кайыспай өтуіне үйретуге тиіс. Қарт адамдар үшін дәрі-дәрмек, зейнетақы мөлшері тағы да сол сияқты маңызды мәселелер болғанымен, олардың өмірі әлдеқайда күрделірек. Қарттар қалған өмірін қызықты және алаңсыз өткізгісі келеді. Қарттыққа байланысты проблемалар өзара түсіністік біріне бірі қамкорлық жағдайында және ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін кең қолдана отырып кана дұрыс шешіледі[1, 101 б].
Зерттеушілер арасында қарттық және кәрілік деп қай жастарға есептеу керек екендігі жөнінде кесімді пікір жоқ. Адам өмірін кезеңге бөлуде қашанда субъективті көзқарастар басым болды. Өйткені нақты тарихи жағдайлар белгілі бір дәуірлердегі адам өмірінің орташа ұзактығы түрлі пайымдауларға бастады.
Әйгілі ойшыл, әрі дәрігер Әбу Әли ибн Сина, мысалы 50-60 жасты кәріліктің басы деп есептеді. Гиппократ адамның жасын туғаннан бастап әрқайсысын жеті жылдан бастап он кезеңге бөлді. Неміс физиологы М.Губнер былайша жіктейді: 9 айға дейін сәбилік, 13-14 жасқа дейін балалық, 19-21 жаска дейін бозбалалық, 41-50-ге дейін кемелдік, қарттық 50 жастан бастап, кәрілік 70 жастан. Қазіргі ағылшын физиологтары адам өмірін бес кезеңге бөліп қарастырады: балдырған балалық 7 жасқа дейін, балалық 14 жасқа дейін, жастық шағы 25-дейін бұдан дейінгі ширек ғасыр бойы адам кемелденген кезеңінде, ал 50-ден кәрілік басталады.
Халықаралық тұрғыда салыстыра келгенде 8 кезеңге толғанған: сәбилік - бір жасқа дейін, мектепке дейін 1-4 жас, шәкірттік жылдар 5-14, жас өспірім 15-24, шабытты шақ 24-44, орта жас 44-64, қарттық 65-74 жас, кәрілік 75 жастан басталады.
Қарттардың өзі әр түрлі болып келеді. Олардың ішінде: 1)Ширақ дені сау; 2) Ауру -сырқаулы ; 3) Отбасында тұратын ; 4) Жеке жалғыз басты; 5) Зейнеткерлікке шықканына разы; 6)Жұмыс істеп жүрген және сол жұмысын ұнататын; 7) Жұмыс істеп жүрген, бірақ қиналатын; 8) Өмірден қиындықты көп көрген, бақытсыз; 9)Көп жүрмейтін, үйде отырып қалған; 10)Жүріп туруға бейім, басқалармен араласқыш (қонаққа барады, ойын сауыққа барады, достарымен кездеседі тағы басқа).
Адамның қарттыққа қарай бет алуы адаммен қоғам арасында қарым-қатынастары өзгертеді, дүниеге деген көзқарас, өмірдің мақсаты мен мәні, игілікпен бақыт туралы түсініктер басқадай сипат алады, бір сөзбен айтқанда, адамдардың өмір салты өзгере бастайды. Бұрын олар коғаммен, өндіріспен тікелей байланыста болды, қоғамдық қызметтерге араласты. Ал зейнеткерлікке шыққаннан кейін көбінесе өндірістен қол үзді. Бірақ қоғамның мүшесі ретінде қоғам өмірі әр түрлі салаларынан тыс қалмайды.
Қарт адамдардың әлеуметтік мәселелері-қартаю процесінде және зейнеткерлікке шығу барысында пайда болатын хылықтың белгілі әлеуметтік- демографиялык тобының арнайы мәселелері[2, 78 б].
Қарт адамдардың әлеуметтік мәселелері денсаулық жағдайымен, жұмыс қамтумен, сонымен қатар медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру сапасымен, әлеуметтік инфроқұрылымның дамуымен анықталады.
Қарт адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлері:

  • Әлеуметік- құқықтық қызметтер

  • Әлеуметтік психологиялық қызметтер

  • Әлеуметтік педагогикалық қызметтер

  • Әлеуметтік- тұрмыстық қызметтер

  • Әлеуметтік медициналық қызметтер

Қарт адамдардың маңызды мәселелердің бірі - жалғыздық. Жалғыздық-әлеуметтік қатынастардың жетіспеушілігінен немесе болмауымен сипатталадын әлеуметтік психологиялық жағдай. Бұл өзіндік сана-сезім формасы. Жалғыздық адамның басындағы қиын жағдай, менінін дағдарысы [3, 189 б].
Бұрын қолданылып келген жүйе бойынша жұмыс істейтіндер өздерінің жалақысынан міндетті түрде зейнетақы төлемдерін төлейтін еді, сондықтан да жүйенің аты мүдде ортақтастығы деп алды. Оның негізгі сипаттары мынадай болған:
1.Зейнетақымен жабдықтаудың тек мемлекет құзырында болуы, яғни, зейнетақыны мемлекет ғана төлейді және оны басқа да мекемелер төлей алмайтын болады.
2.Міндетті зейнетақы төлемдерінің жалпыға бірдейлігі (ортақ қорға барлығы бірдей үлес төлейді, ал зейнетақыға шығу мерзімі әртүрлі);
3.Зейнетақы жүйесінің өз ішінде қаржының қайта бөлінуі (зейнетақы қорынан басқа да әлеуметтік төлемдер - балаларға жәрдем, мүгедектер мен кедейлерге материалдық көмек).
Осылайша, нарықтық қатынасқа өту кезінде бұрынғы зейнетақы жүйесінің мынадай негізгі кемшіліктері айқындала түсті.

  1. Зейнетақы қорына қосылған үлестің жалпыға бірдейлігі және зейнетақы мөлшерінің әртүрлілігі, осы екеуінің арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетті;

  2. Онсыз да нашар дамып отырған экономикаға ауыртпалық түсіретін зейнетақы төлемдерінің көптігі;

  3. Зейнетақы төлемдеріінң толық жиналмауы. Көсіпорындардың қаржы жағдайы қиын болғандықтан, олар зейнетақы төлемдерінің уақытында аударып отырмайды;

  4. Жеңілдікті зейнетақылардың саны көп болғандықтан, көптеген адамдар зейнеткерлікке ерте шығады.Іс жүзінде: бір саланың еңбеккелер зейнеткерлікке бұрын шығу үшін төлемдер төлейді, яғни, әлеуметтік ,әділдік принципі бұзылады:

  5. Зейнетақымен қамтамасыз етуді басқару жүйесіні әлсіздігі, зейнетақы қорларын жинау және жұмсау әртүрлі ұйымдық құрылымдарға жүктелегендіктен, қаржы өз мақсатына жұмсалмайды, тіпті талан-таражға ұшырайды.

Біздің мемлекетіміз өзінің негізгі мақсаты етіп егде жастағы адамдарға экономикалық және әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдіктерін беруді қояды. Оның алдыңғы кезектегі міндеті елдің мүмкіндіктері кеңейгенде халықтың қартаюымен байланысты проблемаларды шешуден, ерекше проблемаларды шешуден және егде адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырудан тұрады. Бұл жоспар елдердің егде адамдарды әлеуметтік және экономикалық қамтамасыз етуге кепілдік беруге бағытталған практикалық сипаттағы саясат пен бағдарламаларды әзірлеуді, сондай-ақ оларға дамуға қатысу мүмкіндігін беруді ынталандыруы керек.
Соңғы кездерде, әлеуметтік қорғау саласында бұрынғы қалыптасқан қоғамдық жүйенің өзгеруіне байланысты тек зейнетақы тағайындап, оны төлеу ғана емес, сонымен бірге, қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жағы да дамып келеді. Қазақстан Республикасының заң көздерінде азаматтарға әлеуметтік қорғауда материалдық қамсыздандыру құқығымен қатар тұрмыстық қызмет ұсынылады, әлеуметтік тұрмыстық қызмет алуға құқықтық мәртебе заңмен реттелінеді.
Адамзат қауымы қай кезде болса да қарттарды қорғау мәселесіне немқұрайды қараған емес. Отбасы тәрбиесінде балаға өмірінің алғашқы кезеңінен бастап үлкенді құрмет тұту, тілін алу, алдынан кесе көлденең өтпеу туралы тәрбие берген.
Бұл мәселе – қазір де қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында болашақ ұрпақты, мамандарды тәрбиелеу, ынталандырудағы маңызды мәселе болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет