«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет60/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   153
Байланысты:
thesis33895

Әдебиеттер:
1. Индекс воспрития коррупции Трансперенси Интернешнл // [Электронды ресурс] // : Қолжетімділік тəртібі: http://www.transparency.org.ru/indeks-vospriiatiia-korruptcii/blog
2. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 Қаулысы (2012.28.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) // [Электронды ресурс] // Қолжетімділік тəртібі: http:// adilet.zan.kz/kaz/docs/P1100000308
3. Шулембаева Р. С учетом мирового опыта // Казахстанская Правда – 2014. – №3. – С.2.
4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. // [Электронды ресурс] // Қолжетімділік тəртібі: http://www.akorda.kz/kz/category/gos_programmi_razvitiya
5. Селина М., Борьба с коррупцией с оглядкой на зарубежный опыт //Новое поколение. – 2011. – №45 – С. 4-5.
6. Шимшиков Ж.Е. Мировой опыт деятельности специализированных антикоррупционных органов и вероятность его применения в Казахстане // Транзитная экономика. –2013. –№4. –С. 77
7. Невейкин В. Уроки китайского //Новая газета. –2011. –№ 4. –С.5


Жұмасұлтанова Ғ.Ә.


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН

Әлемдегі саяси тәжірибе көрсеткендей, жергілікті өзін-өзі басқару институты іс жүзінде қоғам мен мемлекет қызығушылықтарын келістіру механизмі ретінде танылады. Сонымен қатар, ол мемлекеттілікті сақтау мен нығайтуда шешуші рольге ие және оның қоғам мен мемлекет дамуына ықпалының зор болуы қазіргі демократиялық мемлекеттерді құру жолында айқын көрініс тапты десек қателеспейміз.


Бүгінгі күнде тұрғындардың күнделікті мәселелерін тиімді шешу үшін жергілікті биліктердің дербес болу шарты көпшілік елдердің саяси өмірінің ажырамас бөлшегіне айналады. Осы тұрғыдан алғанда тәуелсіздік күніне осыдан жиырма төрт жылдан бұрын қол жеткізіп, мемлекеттілікті қайта қалпына келтіру бағытында әрекет етіп жатқан Қазақстан үшін жергілікті өзін-өзі басқару институтын орнату әлі де болса күн тәртібінде тұр. Бұл жөнінде Елбасшымыз Н.Назарбаев өзінің жылдағы Халық Жолдауларында да айта жатады. Мысалы, «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында Президентіміз: «Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуміз керек» - деп нұсқау берді[1].
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу ұмтылыстары тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жасалынды. Оған дәлел болатын аталмыш институттың Конституциямызда бекітілуі. Себебі ол – сол шаралардың бірден-бір нәтижесі болып табылды. Әрине, жергілікті өзін-өзі басқару институтын ұйымдастыру тек заңнамалық бекітілумен шектеліп қалған жоқ. Әр түрлі формадағы тұрғындардың аумақтық өзін-өзі басқару органдарын құру, әкімдер сайланбалығының тәжірибесі сияқты іс-шаралар жоғарыдағы үдерістің бір бағытына жатты. Алайда, ел дамуының жаңа кезеңінде мүлдем басқа қатынас қажет. Бар тәжірибені саралап, оларды әлемнің аталмыш саладағы озық үлгілерімен ұштастыру – қазіргі күннің басты міндеті.
Ал өз еліміздің тарихына келетін болсақ, онда кеңестік жүйе құрсауынан шыққан еліміз үшін демократияның басты нышандарын енгізуүлкен қиындықтар туғызды деп айтуға болады. Бұл қиындықтар көптеген ғалымдардың айтуына қарағанда Қазақстанда демократиялық бастаулардың, тәжірибенің жоқтығымен түсіндірілсе де, шын мәнінде жағдай соншалықты үміт үзерліктей емес еді. Өйткені қазақтардағы өзін-өзі басқару мәселесі тарихтың терең қойнауында жаттыдеп белгілейді сол ғалымдар [2, 115].
Көптеген халықтар сияқты қазақтарда өзін-өзі басқару тамыры көшпенді өмір салты қалыптаса бастаған рулық және тайпалық қауымдардың пайда болу кезеңіне барып тіреледі деп тарих арқылыдәлелдеуге болады. Ру басшылары мен тайпа көсемдері көшпенділердің құрылтайларында және жиналыстарында сайланды. Олар дауларды шешу, жауынгерлер жасақтарын құру және басқару өкілеттіктерін иеленді. Ал ру қауымдары кең автономияға, үлкен беделге ие болды.
Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінен кейін патша әкімшілігі аймақты өздері үшін тиімді басқару мақсатымен ақсүйектер өкілдері аға сұлтандарды, округтік приказдар мен облыс басқарушыларын, ауыл старшындарын, сондай-ақ шектеулі юрисдикцияға ие билер сотын сайлау түрінде өзін-өзі басқару элементтерін енгізбек болды. Кейбір жергілікті мәселелерді шешу үшін ауылдық және болыстық жиналыстарға рұқсат етілді. Ал Қазақстанда 1867-1868 жылдары жүргізілген реформалар нәтижесінде ауылдар, болыстар, округтер Ресей империясының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне айналып, жергілікті әкімшілік басқарушылық вертикаліне қатаң түрде ендірілді.
1936 жылы Қазақ КСР-ның құрылуымен одақтас республика мәртебесі іс жүзінде орталықтанған әміршіл-әкімшіл басқаруды өзгерте алмады. 1937 жылғы Қазақ КСР-ның Конституциясында жергілікті басқару органдары туралы былай делінді: «Облыстарда, аудандарда, қалаларда, поселкелер мен ауылдарда мемлекеттік билік органдары болып Халық депутаттарының кеңесі табылады» [3, 207].
1978 жылы қабылданған Қазақ КСР-ның Конституциясы да жергілікті өзін-өзі басқарудың болуын қарастырмады. Тоталитарлық мемлекет билік өкілеттіктері мен қызметтерін мемлекеттік емес институттармен бөлісуге жол бере алмады.
Ал 1991 жылы 15 ақпанда қабылданған «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы» Қазақ КСР заңы Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды бекіткен алғашқы ресми мемлекеттік акт болды. Алайда, онда мемлекеттік құрылыстың кеңестік тәжірибесі көрініс тауып, жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ара-жігі ашылмады, тіпті ұғымдар орындарымен ауысып жатты.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихына жүгінсек, 1993 жылы қабылданған алғашқы Конституциямызда жергілікті өзін-өзі басқару сияқты қоғамның демократиялық институты мүлдем қарастырылмады. Елдегі саяси-экономикалық ахуал, билік басындағы әр түрлі топтар арасындағы күрес жалпы демократиялық құндылықтардың өздерін кей жағдайларда саяси сахнадан тысқары қалдырып отырды. Бұл жағдай 1995 жылы жаңа Конституциямыздың қабылдануымен бірсыпыра өзгерді. Конституцияның 89-бабында Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғындардың дербес шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқарудың мойындалатыны атап көрсетілген [4, 15].
Жергілікті жерлерде туындайтын мәселелерді реттейтін арнайы заңның болмауына қарамастан, жергілікті өзін-өзі басқару элементтері еліміздің көптеген қалаларында енгізіле бастады. Бұл үрдіс әсіресе Алматыда қарқындырақ жүріп, 3 негізгі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең (1991-1993 жж.) қоғамдық өзін-өзі басқару комитеттерінің құрылуы және қалыптасуы бағытындағы белсенді жұмыстармен сипатталды. Бұл тұрғыда заңнамалық негізге Қазақ КСР-ның Конституциясы және жергілікті өзін-өзі басқару мен ҚазКСР-ның халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы заң жатты.
1993 жылға қарай Алматыда өз әсерімен бүкіл қаланы қамтыған 64 қоғамдық өзін-өзі басқару комитеті жұмыс атқарды. Олармен өзара байланыс орнату үшін қалалық және барлық аудандық әкімшіліктерде, сондай-ақ халық депутаттарының қалалық Кеңесінде бөлімшелер құрылды. Аумақтарды басқару және кешенді дамыту мәселелері жөніндегі «Орта» координациялық-әдістемелік орталығы жергілікті өзін-өзі басқару бойынша нормативті құжаттарды маңызды ғылыми тұрғыдан қарастырып жатты. Қоғамдық өзін-өзі басқару комитеттері қызметінің мысалында нарыққа өту жағдайындағы комитеттердің шаруашылық-әлеуметтік қызметін айқындайтын құжаттар әзірленді.
1992 жылы маусымда қалада республикада бірінші болып муниципалды басқару және менеджмент институты құрылды. Бір жылдан соң «Алматы қаласында аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамыту туралы» шешім қабылданды. Бұл органдарға сол кездегі астананы өмірлік қамтамасыз ету бойынша құқықтардың, өкілеттіктер мен қызметтердің бір бөлігі берілді. Аталмыш іс-шаралармен Алматының мәртебесі туралы заң жобасы қатар жасалып жатты.
Келесі кезең 1993 жылы 10 желтоқсанда өзін-өзі басқару мәселелері көрініс таппаған Қазақстан Республикасының жергілікті өкілдік және атқарушы органдары туралы заңның қабылдануымен қызықты. Бұл жағдай қалада жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуын айтарлықтай баяулатты. Алайда, жинақталған тәжірибе, сондай-ақ аталмыш басқару формасының қажеттілігі, өкілдік және атқарушы билік органдарының қолдауы, өзін-өзі басқару органдары басшылары мен мүшелерінің энтузиазмы оларды сақтауға мүмкіндік берді.
Үшінші кезеңнің өзіндік ерекшелігі жергілікті өзін-өзі басқарудың заңнамалық негізінің қалыптасуымен байланысты дейді отандық ғалымдар. Олар: «1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстанның Конституциясы, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар туралы заң жергілікті өзін-өзі басқарудың заң жүзінде бекітілуіне әкелді. Қоғамдық өзін-өзі басқару комитеттері тұрғындардың аумақтық өзін-өзі басқару комитеттері болып өзгертілді. Қалада олардың саны 47-ге жетті. Олардың басшылары болып тәжірибелі, өз ісін білетін, тұрғындардың күтімдері мен мәселелеріне сергек адамдар жұмыс атқарды. Сонымен қатар олармен байланыс үйлер мен подъездердің үлкендері, көше комитеттері арқылы жүзеге асты» деп сипаттады [5, 169].
Тұрғындардың аумақтық өзін-өзі басқару комитеттері тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыруға, денсаулық сақтауға, ардагерлерге, соғыс және еңбек мүгедектеріне, жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсетуге, тұрмыстық мәселелерге (тұрғын үйлерді энергиямен қамту, газдандыру және сумен қамту) басты назар аударды. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, милицияға жәрдемдесу, қиын жасөспірімдермен жұмыс жасау, тұрғындардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру, өз аумағында сауданы, коммерциялық қызметті бақылау олардың назарынан тыс қалмады.
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы мәселенің тарихына назар аудара отырып, 1996 жылы үкіметтің шешімімен тұрғын үй қорын ұстау мен пайдалану мәселелерін шешуге тиіс пәтер иелері кооперативтерінің (ПЕК) құрылғандығын еске алу қажет. ПЕК-те жергілікті өзін-өзі басқару элементтерінің бірі ретінде қарастырылғанымен, олардың құзыреті жоғарыдағы тар мәселелермен ғана шектелді. Соған қарамастан, азаматтардың үлкен бұқарасына басқару негіздерін үйрету контекстінде пәтер иелері кооперативі түріндегі іс-әрекет формасы сол кезеңде үлкен қызығушылық тудырды.
Жергілікті мәселелерді шешудегі келесі қадамға 2001 және 2005 жылдары ауыл әкімдерін, ал 2006 жылы аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау тәжірибесі жатты. Әкімдерді азаматтардың тікелей дауыс беруі жолымен сайлау туралы идеяны 1996 жылы «Азамат» қоғамдық қозғалысы ұсынған болатын [6, 18].
Содан бері әкімдердің сайланбалығының қажеттілігі немесе қажетсіздігі туралы дискуссиялар қазақстандық саяси өмірдің ұзақ талқыланып жатқан тақырыптарының біріне айналды. Аталмыш кезеңде әкімдердің сайланбалығы тақырыбының көпшілік назарының деңгейі бойынша тек жерге меншік туралы мәселенің талқылануына ғана жол бергендігін атап өтуге болады. Саяси көзқарастарға әкімдердің сайланбалығына қатысты бірін-бірі жоққа шығаратын екі позиция сәйкес келді.
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізудегі келесі жағдай оның заңнамалық бекітілуімен байланысты болды. 1995 жылы тамызда қабылданған әрекеттегі Конституциямыз жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жергілікті өкілдік және атқарушы органдарды жатқызып, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды құрудың мүмкіндігін мойындады. Осыған байланысты бүкіл заңнаманы Конституцияның қабылдануынан кейінгі екі жыл көлемінде оған сәйкестендіру қажет болды. Бұл өз кезегінде жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңның қабылдануын талап етті. Сол кезден бері азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруды құру мен дамытудағы конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың заңнамалық негізін жасауда бірнеше қадамдар жасалғанымен, олар сәтсіздікке ұшырап отырды.
Парламентке бірнеше рет енгізілген заң жобаларын Үкімет қайтарып алуға мәжбүр болды. Соңғы ұмтылыс 2006 жылы жасалынды. Ол кезде «Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасы Нұр-Отан партиясы төрағасының орынбасары Б. Жұмағұлов басшылық ететін Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының Жұмыс тобымен дайындалып, Үкіметке берілді. Заң жобасы Парламентке 2006 жылдың маусымында енгізілді. Парламент Мәжілісінің Жұмыс тобы заң жобасын талқылап, сыни ескертпелер жасады.
Үкімет 2007 жылы наурызда заң жобасын кері қайтаруға мәжбүр болды. Заң жобасының басты кемшілігі жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге жауапты, өз атқарушы және өкілдік органы, өз бюджеті мен меншігі бар көпшілік билігінің органы емес, волонтерлық қозғалыс немесе қоғамдық ұйым ретінде құрудың көзделуінде жатты. Жоғарыдағыдай қатынас, яғни үкіметтік емес ұйым мәртебесіндегі жергілікті өзін-өзі басқаруды құру 2000 жылы да Әділет министрлігінің заң жобасының бірінші нұсқасын дайындау барысында ұсынылған болатын. Аталмыш жобаны да Парламент Үкіметке жетілдіру үшін кері қайтарды.
2006 жылы ресми заң жобасымен қатар Парламент Мәжілісінде Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Әбдірахмановтың бастамасымен енгізілген альтернативті заң жобасы қарастырылды. Заң жобасына негіз ретінде 2004 жылы Қоғамдық мәселелерді сараптау орталығының эксперттері дайындаған заң жобасының идеялары алынды. Алайда, ресми заң жобасының кері қайтарылуы екінші заң жобасының да қаралымнан алып тасталуына әкелді.
2007 жылы Конституцияның 89-бабына өзгерістердің енгізілуі, яғни «жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады» деген жағдай жергілікті өзін-өзі басқаруды құруға деген азаматтардың конституциялық құқығының жүзеге асырылуын заңнамалық қамтамасыз ету мәселесін күн тәртібіне қайта қойды[7, 20].
Мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың органдары болу қажет деген идея ақыр соңында Конституциядан көрініс тапқанын атап өту қажет. Дегенмен, әлі де болса Конституцияда толыққанды жергілікті өзін-өзі басқарудың жүзеге асуын шектейтін кейбір қарама-қайшылықтар сақталып қалды. Мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып мойындалғанымен, оларды жергілікті мемлекеттік басқару органдары ретінде бекітетін Конституцияның 86-бабы өзгеріссіз қалды. Осылайша Қазақстан Республикасының Конституциясы жергілікті өзін-өзі басқару туралы мәселеде толық айқындылықты қамтамасыз ете алмады.
Шын мәнінде Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың әрі қарай дамуы үшін Қазақстанның Негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі әлі де сақталып тұрды.Оған қарамастан, Конституцияның жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 2009 жылдың ақпаныда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды. Алайда, жергілікті өзін-өзі басқару туралы арнайы заңды қабылдамайынша мәселенің оң шешілуі күмән тудырады. Өйткені косметикалық жөндеудіқаншалықты көп жүргізгенімізбен, үйдің фундаменті бұрынғысынша жоқ күйінде қала береді.
Сонымен, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізудің тарихы айтарлықтай ұзақ әрі кешенді болмаса да, біздің қызығушылығымызды тудырған сала бойынша бірсыпыра іс-шаралардың орын алғандығын көрсетті. Біреулері жергілікті мәселелерді шешуде оң нәтиже берсе, басқалары сәтсіздікке ұшырады. Жоғарыда аталған қадамдарды саралай отырып, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институтын орнатудағы іс-шаралар ретінде танылған жайттарды келесі түрде сипаттауға болар еді деп есептейміз:
1-ші іс-шаралар - ол елімізде жергілікті өзін-өзі басқару институтының заңнамалық негіздерін бекіту. Бұл шаралардың іске асу формасы мен мазмұны келесі кезеңдермен қамтылған:

  • 1991 жылы 15 ақпанда қабылданған «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы» Қазақ КСР заңы; Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды бекіткен алғашқы ресми мемлекеттік акт болды. Алайда, онда мемлекеттік құрылыстың кеңестік тәжірибесі көрініс тауып, жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ара-жігі ашылмады;

  • 1995 жылы тамызда қабылданған жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның 89-бабында Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғындардың дербес шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару мойындалды;

  • 2009 жылдың ақпаныда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.«Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады». Облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.

2-ші іс-шаралар - ол еліміздежергілікті өзін-өзі басқарудың кейбір элементтерін ұйымдастыру болып табылады. Оның іске асу формасы мен мазмұны келесі қадамдармен қамтылған:

  • 1991 жылдан құрыла бастаған жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері. Кейінірек тұрғындардың аумақтық өзін-өзі басқару комитеттері болып өзгертілді. Тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыруға, денсаулық сақтауға, ардагерлерге, соғыс және еңбек мүгедектеріне, жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсетуге, тұрмыстық мәселелерге (тұрғын үйлерді энергиямен қамту, газдандыру және сумен қамту) басты назар аударды. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, милицияға жәрдемдесу, қиын жасөспірімдермен жұмыс жасау, тұрғындардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру, өз аумағында сауданы, коммерциялық қызметті бақылау мәселелерімен айналысты;

  • 1996 жылы үкіметтің шешімімен құрылған пәтер иелері кооперативтері (ПЕК). Тұрғын үй қорын ұстау мен пайдалану мәселелерін шешуге тиіс болды. Кооперативтер өзіндік ұйымдасу мен өзін-өзі басқару құрылымының көрінісін берді.

3-ші іс-шаралар - ол еліміздеәкімдердің сайланбалығы жөніндегі іс-әрекеттер болып табылады. Олардың іске асу формасы мен мазмұны келесі іс-шаралармен қамтылған:

  • 2001 және 2005 жылдары ауыл әкімдерін, ал 2006 жылы аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау тәжірибесі. Саяси көзқарастарға әкімдердің сайланбалығына қатысты бірін-бірі жоққа шығаратын екі позиция сәйкес келді. Оппозициялық көзқарастағы саясаткерлер әкімдердің сайланбалығын енгізу қажеттілігін ұстанды. Ал лоялды позиция жақтаушылары болса, керісінше, Қазақстанның Конституциясының 87-бабының тиісті тармағында көрініс тапқан қатынасты жеткілікті деп есептеді. Уақытша шара болып қалуда.

Сөйтіп, қорыта айтатын болсақ, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институтын енгізу тәжірибесі бірнеше бағытта жүрді. Бұл үдеріс заңнамалық түрде бекітуден бастау алып, әкімдердің сайланбалығы, өзге өзін-өзі басқару органдарын құру секілді қадамдармен жалғасты. Ал аталмыш іс-шаралардың қаншалықты тиімді болғандығын жергілікті өзін-өзі басқарудың еліміздегі қазіргі түрінен байқауымызға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет