«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет11/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   153
Байланысты:
thesis33895

Литература:

  1. Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова / Авт. кол.Караганда: Изд-во КарГУ, 1997. – 325 с.



Дагарова Ж.У.


ЭКСТРЕМИЗМ – ДІН ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ

Келісім мен тұрақтылық Қазақсанның ішкі саясатының басымдылығы болып саналады және азаматтардың игілігін жақсарту мен біздің республикамызды дамытудың қажетті шарты болып саналады, сондықтан мемлекетімізде оларды қамтамасыз ететін біртұтас органдар жүйесі қалыптасқан. Агенттіктің осы жүйеде өзінің орны бар. Діндер ісі бойынша агенттік орталықтан атқарушы орган болып саналады, оның қызметі діни бірлестіктермен өзара қарым қатынас пен дін еркіндігіне деген азаматтардың құқықтарын, конфессия аралық келісімді қамтамасыз етуге және осы салада сала аралық координацияны қаматамасыз етуге бағытталған.


Діндер ісі бойынша Агенттік Басшысы лауазымындағы Қайрат Лама Шарифтің берген сұхбаттарында: экстремизмге қарсы бағытталған әрекеттер – бұл азаматтар мен адамдардың құқығы мен бостандығын қорғауға, конституциялық құрылыстың негіздерін қорғауға бағытталған әрекеттер; біздің көп конфессиональды елімізді экстремизмнен қорғауда ұлттық қауіпсіздік пен тұтастықты қамтамасыз етуге бағытталған; экстремизмді айқындауға, оның алдын алуға және оның салдарын жоюға және сонымен бірге экстремизмнің жүзеге асырылуына мүмкіндіктер беретін жағдайлар мен себептерді айқындауға және жоюға бағытталған деп түйіндейді. Яғни, заңнамалық деңгейде басымдылық – экстремизмнің пайда болу кезеңінде оны алдын алуға беріледі.
Осының шеңберінде халықтар арасында діни экстремизмді алдын алу мен діни наным бостандығын қамтамасыз ету бойынша ақпараттық үгіт-насихат топтары құрылады, мұндағы агенттіктің ұйымдастырушы ролі мен оның аймақтық департаменттері бүкіл Қазақстан бойынша жұмыстарын жүргізеді. Мұндай топтардың құрамына дінтанушы-мамандар, теологтар, ғалымдар, діндер ісі бойынша жергілікті және орталықтан атқарушы органдардың қызметкерлері кіреді.
Өздерінің жұмыстарының барысында ақпараттық-үгі насихаттау топтары кең көлемдегі әлеуметтік қабаттарды қамтуға, және ең алдымен жастарды қамтуға тырысады, осыған байланысты, жастардың әділеттілік, патриоттық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік беру, төтенше әрекеттерге барудан, терроршылдық пен экстремизмге қатысты әрекеттерге деген негативті көзқарасты қалыптастыруға, оларға дәстүрлі рухани құндылықтарды үйретуге, радикальды діни жамағаттарға қатысты қауіптер туралы баяндап, оларға діннің шынайы гуманистік бастауларын жеткізеді.
«Діни экстремизм» дегеніміз – қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын енгізу.
Жалпы, экстремизм деген сөз төтенше, ақырғы деген мағынада — билікті зорлықпен ұстап тұру немесе билікті зорлықпен жаулап алуға бағытталған белгілі бір әрекеттер.
Экстремизм — адамдардың немесе топтың белгілі бір төтенше, ақырғы көзқарастарды немесе әрекеттерді жақтауы. Экстремизм адамның өзінің «Мен» деген ұғымын көрсетуінен, жағдайдың мәнін толық түсінбегендігінен туындайды. Экстремизм қоғамдағы қалыптасқан нормаға мойынсұнбай, өзінің қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру үшін зорлық көрсету шараларын пайдалануға дайындығымен сипатталады. Экстремизм халықаралық саясатта, бір елдегі әртүрлі партиялар арасындағы билік үшін күресте кездеседі.
Экстремизм — елдің тұтастығын бұзуға, конституциялық құрылыстың негіздерін мәжбүрлікпен өзгертуге ат салысу;
Діни ахуалға байланысты экстремизм өзінің бастауын ХХІ ғасырдан алады. Экстремизмнің пайда болуы, оның алғашқы белгісі – бұл сауатсыздыққа негізделген соқыр сенім және соған мойынсұнып, оның орындалуын талап ету. Мұндағы адамдар басқалардың немесе жалпы қоғамның қажеттіліктерін түсінбейді және түсінгісі келмейді. Олар өздеріне дұрыс жолды көрсеткісі келген адамдардың да ешқайсысын мойындамайды. Өз өзіне сынмен қарау деген сезім оларда тіпті болмайды, олардың пікірінше тек олардың өздерінің ойлары ғана дұрыс, ал қалғандары – адасқандар. Сондықтан, олар өздерін пайғамбардың орнын басушылармыз деп санап, әділетсіздіктер мен зұлымдықтар үшін өзгелерді кінәлап, айыптауды өздерінің парызы мен міндеті санайды.
Олар конституция мен шариғаттың заңдарына қарсы келетін әрекеттер жасап, өздерінің пікірлерінің дұрыстығын елге мәжбүрлікпен мойындату арқылы адамдар арасында алауыздықтар тудырып, жалған ақпараттар тарату үшін барлығына баруы мүмкін. Экстремизмнің пайда болуының екінші себебі – олардың шамадан тыс белсенділік көрсетуі және белгілі бір әрекеттер жасау кезінде нормалардан ауытқуы. Ақыр соңында олар адамдар арасындағы қатынастардың бұзылуына, қоғамдағы тыныштықтың бұзылып, әлеуметтік толқулардың пайда болуына апаруы мүмкін.
Осы мәселеге байланысты, 2006 жылдың 8 сентябрь айында БҰҰ Бас Ассамблеясы «Терроршылдықпен дүниежүзілік күрес» стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта БҰҰ мүшелері бір ауыздан экстремизм мен терроризмнің барлық түрлерін талқылайды, және бірігіп оларға қарсы келуге шақырады. Және әрбір мемлекет осылай бірігіп стратегияны орындаса, онда діни экстремизммен күрес өз нәтижелерін беруші еді дейді мұнда.
2005 жылдың 18 ақпан айында ҚР «Экстремизмге қарсы әрекеттер туралы» заң қабылданды.
Қазақстан өзінің жағынан өз аймағының тыныштығы мен қауіпсізідгін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жасады, осыған дәлел ретінде Қазақстан Шанхай ұйымына кірген болатын. Бұл Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан көшбасшыларымен 2001 ж құрылған аймақтық халықаралық ұйым. Осы ұйымның негізгі мақсаты әскери салада сенімділікті нығайту мен шекара аймағындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге келу болатын. Басты мақсаты – елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау, терроршылдықпен, сепаратизммен, экстремизммен, наркотрафикпен күресу, экономикалық, энергетикалық серіктестікті дамыту және ғылыми мен мәдени өзара қарым қатынастар жүргізу.
1997 жылы мемлекет билігі «Миссионерлік қызметпен айналысатын, азаматтығы жоқ шет елдік адамдар мен азаматтарды аккредитациялау туралы» ережені бекіткен болатын. Ал 2005 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасында миссионерлік қызмет (миссионер-дегеніміз халықтар арасында діни үгіт насихат жүргізу үшін жіберілетін тұлға, өзге дін өкілдерін немесе құдайға сенбеушілерді жұмылдыру мақсатын көздейтін діни ұйым қызметі формаларының бірі. Бұл көбінесе дүние жүзілік діндерде кездеседі және дәстүрлі діндерде кездеспейді. Бұл «Діни бірлестіктер мен діни сенім бостандығы туралы» заңымен реттелетін болды.
Экстремист – міндетті түрде идеологиялық, әлеуметтік, қаржылық, тіпті психологиялық болсын бір мәселеге душар болған адам. Тіпті кейде адамда барлығы болса да, мысалы білімі, қызметі отбасы болса да, тіпті таланттардың өзі радикализмге кетіп жатады. Мұның себебі – психологиялық тұрақсыздық.
Ең бастысы, бейбітшілік пен келісім патшалық құрған біздің тәуелсіз елімізде жек көрушілік пен зұлымдықтарға орын болмауы керек. Жалпы Ислам діні толеранттылық пен ғылымды үйренуге шақырады. Ал, Ислам атын жамылып жірген экстремистік топтар – халықаралық алауыздықты қоздыратын ынтымақтастық пен келісімді бұзатын саяси топтар. Ол үшін жастарға зор ағартушылық жұмыстар өткізу керек. Ол үшін мұсылмандардың рухани басқаруы жауапкершілік танытуда.
Ең бастысы жастарды осындай теріс көзқарастағы ойлардан қорғай білу керек. Террористік әрекеттерге барып, құқық қорғау өкілдеріне оқ атып, өз өздерін жарып жіберіп жатқан экстремистік әрекеттер қазір жан түршігерлік қорқыныш тудырып жатыр. Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беріп отыру керек. Мұндай жағдайда күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Дегенмен, жастар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Соңғы кездері экстремистер түрлі ғаламторда өздерінің теріс дінді насихаттайтұғын видеороликтерді түсіріп, жастарды адастыруда. Бұл роликтерді көрген сайтты пайдаланушы діндар мен көрермедер түрлі психологиялық ойларға салынып, қауіптерге барып жатады.
Ақпарат тарату бойынша интернет әлемде ең алдыңғы орынға шықты. Бүгінде елімізде ғаламторды пайдаланушылар 7 миллионнан асады екен. Осындай ең үлкен ақпарат желісі өкінішке орай мемлекет тарапынан жеткілікті дәрежеде бақыланбайды. Соны пайдаланған арам ниеттілер теріс ойларын ғаламтор арқылы таратып, жақтаушылары қатарын көбейтіп жатыр.
Бүгінде әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашып, ой-пікірін білдіру сәнге айналды.
Ол үшін барлық мектептерде, жоғарғы оқу орындарында «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.
Экстремизм термині XX ғасырдың екінші жартысында халықаралық қатынас құжаттарында айналымға енгенімен, оның түрлі формалары әр елде ежелден белгілі болып келді. Теңізге шығатын елдерде теңіз қарақшылығы (пиратство), континенттік елдерде, таулы мекендерде жол бойын торыған үлкен баукеспе ұрылар, Жібек жолының бойында керуен тонаушылар, Еуропа елдерінде Робин Гудтар, өшпенділікпен ауыл-қыстақтарға өрт қоюшылар, қазақ тұрмысында барымташылар, өрістен не қорадан мал ұрлаушылар және басқа заңсыз күш қолдану, халыққа зиян келтіретін зұлымдықтар орын алды. Оның кейбір сарқыншақтары әлі де бар. Олар бұл күнде басқаша сипат алып, жаңаша мазмұнға ие болуда. Солардың осы заманғы көрінісі экстремизм болып табылады. Оның негізіне күш қолдану, мәселені дәстүрлі, заңды жолмен емес, ең оңай қарақшылық жолымен,шектен шыққан төтенше амалмен, адамгершілік, мораль, ар-ұят, әдепті ысырып тастап, адам баласына қатыгездікпен қастандық жасау тәсілімен жүзеге асырылатын болды. Оның мақсаты елдің зәресін алу, қоғамда қорқыныш пен үрей тұғызу, өмірдің қалыпты жағдайын өз ырғағынан айыру болып табылады. Бұл жолда экстремистер өз өмірлерін де кияды, жанкештілік жасап, тікелей өлімге тәуекел етеді. Мұны олар өздерінше идея­ларына берілгендік, берген серттеріне адалдық деп түсінеді. Бұлар – негізінен өмірден түңілген, алдау мен арбаудың шармауына ілігіп, жалған сенімнің құлына айналған пенделер.
Шындығына келсек, күш қолданудың (насилие) екі түрі бар. Бірі – легитимді (заңды) түрі, екіншісі – заңсыз түрі. Бүл екінші топқа экстремизм жатады. Ал бірінші топқа легитимді түрде күш қолданатын мемлекет жатады. Оның күш қолдану институттары бар: әскер, полиция, қаржы, жол, көлік полициялары, қауіпсіздік органдары бар. Олар Конституцияға сай қоғамдық тәртіпті сақтау үшін заңды түрде, легитимді жолмен күш қолдануға, жазалау шараларын жүргізуге, адам құқықтарын шектеуге, бостандықтан айыруға заңды құзыретін пайдаланады. Экстремизм болса күш қолдануға заңды аттап өз бетінше барады. Олардың әрекеті легитимді емес. Заңды аяққа басу, қоғамда қалыптасқан дәстүрлі тәртіп нормалары мен ережелерін бұзу қылмысқа жатады. Экстремистердің ісі – ауыр қылмыс болып табылады.
Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады.
Терроризмнің төркінін бұл күнде Шығыстан, мұсылман елдерінен іздеу кең өріс алып отыр. Оған шығыстық, діни сипат беріп, оны варварлық, орта ғасырлық құбылыс ретінде бағалау басымырақ күйде.

Шын мәніне келгенде, терроризмді белгілі бір ұлтпен немесе дінмен байланыстырудың ешбір негізі жоқ. Террорлық қимылдарға кез келген ұлт­тың, діннің өкілі бара алады. Мәселен, жуырда АҚШ заң орындары Мұхаммед Пайғамбардың каррикатуралық суретін салған суретшіні өлтіру үшін киллерге тапсырыс берген бір әйелді тұтқынға алды. Ол өзі Ислам дінін қабылдаған, мұсылман әйелдерінше киініп, Швецияға барған. Мұнда ол киллер жалдап, суретшіні өлтіруді мақсат еткен. АҚШ қауіпсіздік органдары бақылауға алып, әйелді тұтқындаған. Тексере келгенде, ол АҚШ-тың өз азаматшасы екен, келімсек емес, осында туып-өскен англо-саксондық болып шыққан. Террорист біткенді Шығыстан іздеген АҚШ қауіпсіздік қызметкерлері оны өз тумаларынан тапқан – деп түйіндеді өзінің «Қатер қайдан демеңіз немесе экстремизм, терроризм және радикализм туралы пайымдау» деген мақаласында философия ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Қалмырзаев.


Қазіргі уақытта такфиризм мен джихад туралы көп айтылып жүр. Белгілі дінтанушы Мұхитдин Исаұлының өзінің «Тәкпіршілер ешқашан бейбіт өмірді қаламайды» деген мақаласындағы такфиризм туралы пікірлеріне сүйенсек: тәкпіршілер кеше мен бүгінгі ғасырларда шыға қалған бір жамағат емес. Мұның негізі сонау алғашқы халифалар заманында бой көтерген. Өйткені бұлар қай ғасырда және қай елде шықса да бәрінің көксегені мемлекеттің жүйесі мен билік басындағыларға дұшпандық ету. Билікті құлатуға, ел ішінде бүлік шығаруға мақсат қою. Олар ең әуелі елден оғаш қылықтары арқылы білінеді. Мысалы, діндегі әсірешілдігі, билікке қарсылығы. Біздің елдегі қазақ харижиттерге жолыққан адамға Діни басқарманың ісі дұрыс еместігі мен биліктің саясатының бұрыстығы мен зайырлылығын айта жөнеледі. Әрі мемлекеттік қызметте жұмыс істеу күпірлік екендігін айтады. Қазақ дәстүрімен ханафи мәзһабын жоққа шығарады. Арабша киіну, қара киінуді олар парыз етіп алған. Әрі олардың бір белгісі неге мәселесін су ішу тәрізді мүбаһ іс санайды (Мүбаһ дегеніміз – істелуінде рұқсат бар, яғни діни тұрғыдан ешқандай тосқауыл қойылмаған іс-әрекеттер. Мысалы: жеп-ішу, ұйықтау, т.б. Мұндай іс-әрекеттердің орындалуы сауап, орындалмауы күнә емес. Бірақ бұл іс-әрекеттерді жасаған кезде сүннет ниетімен жасайтын болса, сауап алады). Яғни ай сайын ажырасу оларда табиғи мәселе. Бұлар бүгінгі таңда мына Ирак пен Сирия жеріндегі ойран салуымен әлемде танымал болған «ИГИЛ» ұйымы арқылы белсенділігін көрсетуде. Бұлардың тигізер залалы шаш етектен деуге болады. Әуелі оған кіргендер Сирияға барып жарылып жатыр, ал, елде қалғаны іштей билік пен сунниттік бағыттағы мұсылмандарға қарсы іштей жиһад жариялап жатыр. Еліміз бұған ең қырағы көзімен қарағаны жөн. Өйткені, бұлар белгілі топтанған мыңдаған ұйым емес. Он адам бірігіп араларынан бір «әмір» сайлап алып істерін жалғастыра береді. Яғни он шақты болып бөлініп кете береді. Бір елде жүздеген ондықтар болады. Бірақ бір-бірлерін танымайды. Бірін әшкерелеп екінші ондықты анықтай алмайсыз. Осындай бір-бірлерін әшкерелемеу үшін осындай мықты стратегиялық тәсілдер жасаған. Әрине олар жасаған жоқ. Құрушылар жасап берген. Олардың тоқсан пайызы, тіпті одан да көбі жастар. Неге? Өйткені олардың бұл ұйымға кіруінің негізі діни сауатсыздықтан болуда. Бұл ретте дәстүрлі исламның негіздерін мектептен бастап үйретіп, Діни басқарманың құзыреті мен қаржы жағын күшейтпей мәселені шешу мүмкін емес. Сол үшін де бізге ең бастысы қандай ұлт, қандай ру болмасын қандай дін өкілі болмасын бір елдің азаматтары болған соң бірлік пен татулық керек. «Бірлігі болмаған елдің тірілігі болмайды» - деп түйіндеді.
Сонымен, қазіргі қоғамымыз осы дін мен қоғмның модернизациясын үйлестіру керектігі туралы мәселелерді қойып жатыр. Өйткені біздің еліміздің модернизациясы әділеттілік, адалдық, руханилық, білім, еңбек, сенім мен құқықты қорғау сияқты құндылықтарды қоғамымызда қалыптастырумен байланысты болып отыр. Осы құндылықтардың барлығы исламның құндылықтарына жатады. Жастарды рухани тұрғыдан дамытуға, білім алуына, өз өзін жетілдіруіне, қоғам үшін еңбек етіп игілікке кенелуге шақыру міндетіміз болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет