Литература:
1. Минзарипов Р.Г. Социализация личности молодого специалиста в условиях трансформации гуманитарной среды классического университета (социологическая модель): автореф. … доктора социол. наук:. 22.00.04. - Казань: КГУ, 2006. - С. 21.
2. Чередниченко В.С. Системы высшего образования развитых стран мира: концепция, история и логика развития. - Алматы: Қазақ университеті, 2001. - С.154.
3. Әбдірайымова Г.С. Жастар жаңарып жатқан қоғамда: кеше, бүгін, ертең // Саясат. – 2004. - № 9. - С. 38.
Абдиманова Қ.К.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру жүйесінде жаңа технологиялық әдістер мен жаңа технологиялық қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Себебі, электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігін өркениетті елдердің іс-тәжірибелері айқын көрсетіп отыр. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуымен дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қоюға ықпал етеді. Студенттерге білім берумен ғана шектелмейді. Бірге олардың бойында танымдық қызығушылықпен қабілеттің шығармашылық ойлаудың дербес ақыл – ой еңбегімен айналысу шеберлігімен дағдыларының қалыптасуымен дамуына ықпал жасайды.
Ұстаз пән мұғалімі ретінде осынау жаһандану заманында қай технологияны, қандай әдіс - тәсілдерді таңдаса да өзеркі. Ал қоғам бізге тап қазір, жаһандану заманында, жан – жақты жетілген, рухани бай жаңа заман адамдарын тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қазіргі заманауи ұстаздардың алдында өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүстірін, тарихын, өнерін сүю арқылы, басқа халықтардың да тілі мен әдебиетіне, салт - дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам тәрбиелеу міндеті тұр.[2]
Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушының болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілеп, саралай білуі үшін оларға берілетін білім өзегінде, өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыруда, сондай - ақ, қай ортаға болсын тез бейімделіп, жаңа ақпараттарды тез түсініп, қабылдау қабілеттілігін, іскерлік қасиетін дамытып, жеке тұлға етіп тәрбиелеудің орные рекше.
Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ заңында білім беру жүйесінің міндеттері баяндалған. Солардың бірі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктер және де тұлғаның қалыптасуына дербес дамуына және кәсіпкерлікті меңгеруіне бағытталған. Шығармашылықты рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, білім алуға қажетті жағдайлар туғызу болып табылды.
Бұл тапсырмаларды жүзеге асырудың қаншалықты тиімді болуы оқытудың сапасына оқушының дайындығын қажет ететін түрлер мен әдістердің таңдалуына байланысты болады. Қазіргі мектептегі білім берудегі өзекті және негізгі міндеттерінің бірі оқушыларды қарқынды даму үстіндегі шынайы әлемде өмір сүру жағдайына дайындау мәселесі болып отыр.
Білім беру жүйесінің құзіреттілігін енгізуге байланысты мектептің алдында қарапайым емес міндеттер тұр – бұл балаларды жаңаша ойлауға үйрету, олардың алдында кездескен кез- келген мәселені шешуде әрекет ету тәсілдеріне үйрету, яғни кез –келген жаста оқушыға пассивті білім алушы ретінде, сондай-ақ белсенді субьект- танымдық үрдісін тасымалдаушы ретінде назар аудару керек[3, 2].
Адамның танымдық әрекеті сыртқы және ішкі жағдайлардың өзара әсерінің анағұрлым күрделі үрдісін ұсынады.
Тұлға белсенділігінің дамуына сыртқы әсер анықтаушы болып табылады, бірақ адамның санасының дамуына қарай тұлғалық бағыттылығының бекітілуінде оның іс –әрекетінің ішкі жағдайы ретінде: тәжірибе, өмірлік көзқарас, қызығушылықтар және қажеттіліктер үлкен роль атқарады.
Мектеп оқушысының тұлғалық бағыттылығына орай оның барлық танымдық әрекеті таңдамалы сипатта және таным құралына тұрақты зейін шоғырландыра алады. Тұрақты зейіннің әсерінде таным обьектісіне танымдық психикалық үрдістердің динамикалық жүйесі жүзеге асады, тұлғаның өзіндік белсенділігі және белсенді танымдық әрекеттің дамуы қамтамасыз етіледі.
Шын мәнінде адамның қоршаған ортаның құбылыстарына және оның заңдылықтарына зейіні тұрақты болмаса, онда адамның белсенді танымдық әрекеті болуы мүмкін емес. Тұлғаның танымдық іс- әрекеті қашанда қандай-да бір обьектімен, міндеттермен әрқашан мақсатқа бағытталған, бірінші кезекте тұлға үшін қызықты өмірде белгілі бір мәнге ие обьектілермен құбылыстарға бағытталады.
Тұлғаның обьектілерге қызығушылығының әр түрлі дәрежесі немесе құбылыс әрекетке әр -түрлі қатынас, ал бірізділік және танымдық белсенділік деңгейі өзбастақтықты туғызады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетімен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үрдісінде жаңа құралдар мен әдістемелерді енгізуді қажет етеді. Оқытудағы болатын мұндай өзгерістер педагог еңбегін жетілдіруді және әрдайым психологиялық – педагогикалық талдауды талап етіп отырады.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай мұғалімдердің алдында тұрған оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде, оқушының өзіндік, шығармашыл ойлауын дамыту және білім деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету міндеттерін маңызды күрделендірді. Көп уақытқа дейін барлық оқыту және тәрбие әдістемесі оқушының орташа деңгейіне бағытталды. Онда оқушылар сыныбы жекелеген тұлғалардан тұрады, яғни олардың әрқайсысының өзіне тән психологиялық және адамгершілік ерекшеліктері, өзінің қызығушылығы және бейімділігі, шындықты көруі болды. Мұндай құбылыстың себебі тәрбиелей және дамыта отырып оқыту тұлғаға тікелей емес, оның дамуында "ішкі жағдай" арқылы әсер етті.
Ішкі әлемнің әр түрлілігі әр баланың ерекшелігін анықтайды. Оқушылардың оқуын ұйымдастыруда, мұндай факторларды жеткіліксіз есептеу "орташа оқушының " пайда болуына әкелді. Әрбір оқушының ішкі дүниесінің бірегейлігі, оның ерекше дүниетануы оқушының танымдық мүмкіндіктерінің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Мектепте мұндай ерекшеліктерді ескеру оқытудың қызметтік және мотивациялық аспектілерін жоғарылатуда көрінетін әрбір оқушының дұрыс нәтижелерге жетуінде басты роль атқарды. Оқытуда, оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыратын құрал -дифференциация болып табылады. Дифференциацияның мәні – оқушыларды бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.
Тиімділігі – мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап қана қоймай, осы уақытта жеке оқушылармен жекеше жұмыс жасайды
Ақпараттық технологиялар ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары екендігі белгілі. Ақпараттық технологияларды білім беру ісінде пайдаланудың мақсаты оқу процесіне қатынасушылардың дер кезінде тиянақты білім алуын қамтамасыз ету және оқытудың жоспарланған сапасына қол жеткізу болып табылады. Өз ісіне шексіз берілген ұстаз ғана өз оқу үрдісінде қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін ұйымдастырып, оқушыларға саналы білім және сапалы тәрбие беруде тиімді стратегияларды пайдалана білуі тиіс. Стратегияларды сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр ұстаз өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады[1].
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың мынадай артықшылықтарын атап өтуге болады:
-Ақпаратпен жұмыс істей алубілімін қалыптастырады және қатынас жасау қабылетін дамытады;
-Әрбір адамның өздігінен білім алуын меншікті траекториясын қамтамасыз ететін білім берудің ашық жүйесін құрайды;
-Таным процесін ұйымдастыруды оны жүйелі ойлау жағына жылжыту жолымен түбегейлі өзгертеді;
-Оқу процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қолайлы ұйымдастыруға мүмкіндік тугызады;
-Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды;
-Білім беру ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етеді; (1)
Сондықтан жалпы білім беретін мектепте ақпараттық технологияларды пайдалану елеулі мәселеге айналуда. Бұл мәселенің тиімді шешілуіне республикамызда ерекше көңіл қойылып отыр. Барлық орта мектептердің компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын дәлелі болып табылады.
Мектепте ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі ретінде мынадай мәселелерді атап өтуге болады:
-оқушылар өздеріне қажетті ақпаратты жедел түрде алады;
-білім сапасын арттыруға септігін тигізеді;
-көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың түрлі құбылыстары мен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп сезінуге мүмкіндік береді;
-оқушылардың танымдық қызығушылыған арттырады, танымдық іс-әрекетін белсендіреді;
-оқушылардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтуге ықпал етеді; т.б.
Жаңа ақпараттық технологиялар дәстүрлі түрде оқытуға жаңаша сипат беріп, оқу материалын түсіндіру процесін оңтайландырады және балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға ерекше ықпал етеді. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек.
Компьютер оқушылардың өзіндік жұмысын тез және қарқынды түрде ұйымдастыруға көмектеседі. Мәселен Microsoft Word мәтін редакторында оқушыларға әртүрлі жазбаша тапсырмаларды өз бетінше орындатуға болады. Оқушылар компьютерде жетекші сөзбен мәтіндерді бөліп алу мүмкіндігін пайдалана отырып, мәтінен ең негізгілерін тауып алуға үйренеді және осы жинақталған ақпараттарды пайдалану арқылы қысқа жинақталған конспект жазып щыға алады. Мұндағы мұғалімнің негізгі мақсаты қазаі тілі сабақтарында оқушылардың қатесіз, сауатты жазуын қадағалау болып табылады.
Жұмыстың бұл түрі оқушылардың жазба жұмыстарын орындауға қызығушылықтарын арттырады, себебі олар қаламның көмегімен дәптерлерде жазуға аса ынта танытпайды және өте баяу жазады. Бірақ бұл жазба жұмыстарын толық компьютерде орындату дегенді білдірмейді, тек баланы ынталандырудың бір түрі ретінде пайдалану дегенді меңзейді.
Ақпараттық технологиялар, балалардың шығармашылығын арттырудада ең қуатты ынталандыру құралы болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының әдеби шығармашылықтарын арттыру мақсатында «Менің алғашқы қол жазбам», «Менің жанұям», т.б. жобаларға қатынасуды ұсынуға болады, балалар мектепке дейінгі өмірі, отбасы туралы әңгімелер жазады, әртүрлі жұмбақтар құрастырады. Бұл технология оқыту үрдісінде іс-әрекетте маңызды орын алады. Және кез келген ұстазға сапалы білім беруге мүмкіндік береді.
Жаңа технологияда «кубизм» «венн диаграммасы» «бес жолды өлең» «рифт» «еркін жазу» «елес жетелеу» «әлемді шарлау» т.б. стратегиялар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығырмашылыққа бағыт береді.
Қызығушылық болған кезде белсенділікте артады. Сонымен бірге оқушыларға шығармашылық ойын түрлерін құруға тапсырма беруге болады. Оған бір шама уақыт беру қажет, себебі оқушы алдына қойылған мәселені шешу үшін жанжақты ізденеді, отбасымен ақылдасады, әртүрлі әдебиеттерді қарастырады, сыныптастарымен мұғаліммен ақылдасады.
Сонымен бірге оқыту үрдісінде жаңа технологияның өзге де түрлері кеңінен қолданылуда.
Инновация білім берудегі (мектептегі) құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады. Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және үдеріс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық үдерісте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалықты енгізуді білдіреді.
Модель деп (латынның сөзінен аударғанда - өлшем, үлгі) зерттеуде қиындық тудыратын немесе мүлдем мүмкін емес құбылыстар (заттарды, үдерістерді, жағдайларды және т.б.) зерттеу үшін басқа ұқсас құбылыстарды (затты, үдерісті, жағдайды және т.б.) жасанды құрастыру түсіндіріледі. Модель (лат. modulus -үлгі, өлшем) нысан және оған қатынастық мәндерді көрсететін көрнекілік құралдардың бірі (шартты бейне, схема, т.б.) болып табылады. Бұлар негізінен нобайдың сандық сипатын анықтайды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің негізінде зерттеу жұмысымыздың ерекшелігіне сәйкес “Жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы болашақ мұғалімдерінің даярлығы деп, даярлықты мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық құраушылардың мектеп оқушыларын шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге білімдері мен іскерліктерінің жиынтығын, оларды практикада қолдана білуімен анықталатын кәсіби мәнді тұлғалық қасиетінің қалыптасуын құрайтын күрделі біртұтас білім” - деп білеміз. Бұл жалпы білім беретін орта мектептердегі мұғалімдерге же ерекше жауапкершілік жүктейді.
Н.Ф. Талызина және т.б. инновация өзінің дамуы барысында белгілі бір өмірлік сатыдан тұрады: жаңа идеяның пайда болуы; мақсат қоюшылық: тарату және жойылу – деп айта келе, инновациялық технологияға жататындар: компьютерлік технология, ойын технологиясы, жоба әдісі-деп топтастырып көрсетеді. Келтірілген талдаулардан ұғатынымыз “жаңа педагогикалық технология дегеніміз оқу және тәрбие үдерісін мақсатқа сәйкес жоғары нәтижеге қол жеткізу барысында және оқыту мазмұнын, сапалық қасиеттерді әдіс-тәсілдер мен құралдар жүйесін үйлесімді пайдаланатын педагог іс-әрекетінің өзгерісті (жаңалықты) алгоритмі” – деп тұжырымдауға болады.
Қазіргі жағдайда ең өзекті болып отырған жағдай педагогикалық мақсатқа бағыттылық пен компьютерлік оқытудың функциялық мүмкіндіктерін шешу мәселесі болып отыр. Осыған байланысты оқытудың нақты құралдары ғана емес сондай-ақ оны оқыту үрдісінде қолдану тәсілдеріне ерекше назар аударылады. Ескі «машинасыз» оқыту моделінен «мұғалім – оқушы» мұғалім оқулықтан білімді оқушыға, үш элементті тасымалдаушы моделіне «мұғалім – компьютер – оқушы» өту жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланумен байланысты. Оның негізінде оқушыларға оқу топтарына өзбастақ жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігін беретін бағдарламалап оқыту идеясы яғни жатуы мүмкін және белгілі аяда дифференциялауға болады. Оқытуда компьютерді қолданудың көмегімен мақсатты түрде дәстүрлі оқыту құралдарын толықтыра түсуге болады.
Оқу үрдісін автоматтандыру жағдайындағы мұғалімнің іс- әрекеті оқу –танымдық іс- әрекеттің дәстүрлі құрылымын қайталауы керек. Ал мұғалім тұлғасы машинаның ролін тұтастай атқара алмайды. Мұғалім белгілі бір дайындықтан өту арқылы өзінің атқаратын қызметінің бөлшегін ғана оқытудың техникалық құралдарын арқылы жүзеге асыруы мүмкін. Оның роінің өзгеруі ақпараттардың қайнар көздері ретінде субьект- субьект жағдайының пайда болуына ікеледі, онда мұғалім оқушының кеңес берушісі және оның әріптесі ретінде қызмет атқарады[5].
Жалпы орта білім беретін мектептерде ақпараттық технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктері жанжақты. Оқушылардың жасаған жұмыстарын оқушылардың қазақ тілі пәнінен Paint бағдарламасында сабақ тақырыбына орай әртүрлі суреттер де салғызуға және оқу процесінде әртүрлі танымдық, логикалық сипаттағы ойындарды пайдалануға болады.
Сонымен бірге мектептерде әрбір пәнді оқытуды ақпараттық технологияларға негіздеуге болады. Электрондық байланыс жүйелерінде оқыту мынадай сұрақтардың шешімін табуды көздейді.
Нені оқыту керек?, яғни компьютерлік жүйеге енгізілетін тақырыптарды саралау қажет.
Оның қандай ретпен, тәртіппен оқыту керек, яғни тақырып арасындағы байланыс, сабақтастық қатаң ескерілуі қажет.
Қалай оқыту керек?, яғни тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алған жөн.
Осы үш сұрақтың шешімін табу ақпараттық технологиялар арқылы оқыту әдістемесінің негізін құрайды.
Сонымен бірге бастауыш мектепте компьютерді оқушылардың іс-әрекетін жедел бақылауды ұйымдастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Оның мынадай артықшылықтары бар:
-әрбір оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді.
-тексерушілерге жеке тест беру мүмкіндігі бар.
-компьютер нәтижелерді бағалаудың шынайылығын қамтамасыз етеді.
-уақытты үнемдейді.
-қолайлы интерфейспен қамтамасыз етеді.
-ақпараттың аздығымен ерекшеленеді.
-тест нәтижесін автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді.
-мұғалімнің ролі өзгереді, енді ол бақылаушыдан кеңес берушіге ауысады. Атақты қытай ойшылы Конфуциий; «Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тәжірибе, ең мәртебелісі - ойлау» - деген екен. Ендеше өзіңді тиімді әдіс тәсілдерді ойлап табу – өте қиын мәселе. Педагогика мен дидактика саласында ізденіп, жұмыс жасап жатқан әрбір ұстаздың арманы жаңашыл технологияны меңгеріп, практика жүзінеде қолдану.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде заман талабына сай жаңа технологияларды кеңінен қолдану оқушылардың заман талабын сай іскерлік пен дағдысын қалыптастыруға ерекше ықпал етеді.
Заманауи жаңа технологияларды оқу үрдісінде тиімді қолдану қазіргі білім беру жүйесіндегі туындап отырған қажеттілік. Оқудың нәтижелілігінің кепілі. Сондықтан осы білім беру саласындағы әрбір мұғалім ұдайы біліктілігін жетілдіріп отыруы абзал.
Ұстаздық ұдайы ізденумен, қажырлы еңбекті талап ететін, зман талабына сай жаңа талаптар ұсынатын көп қырлы күрделі қызмет.
Достарыңызбен бөлісу: |