Пайдаланылған әдебиеттер: Сейтенова, С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / С.С. Сейтенова.- Алматы: ТОО "Лантар Трейд", 2018.- 273б.-
Ысқақ, Б.Бастауыш сыныпта сауат ашу теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / Б. Ысқақ, Ж.О. Аманжолова.- Шымкент, 2020.- 90 б.-2экз
Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
Намазбаева Ж.И. Психология. Оқулық.-Алматы,2015ж.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 3
Тақырып: Сауат ашу кезеңдерінде оқушылардың оқу іс-әрекетінде жазу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум Аудиториялық жұмыс: Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1.Жазу жұмысының шығу тарихы
2.Жазу жұмысының түрлері
Қысқаша теориялық мәліметтер: Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрінде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазуды мыңдаған жыл бойы дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды. Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді не ызыңды, немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбалық графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарлы, не жеке сөзді, не буынды, не дыбыстық белгілеуіне қарай бөлінеді. Жазу–адамның ой-пікірін, сөзін қашыққа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сызба таңбалардың жүйесі. Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Мыңдаған жылдар бойы дамып жетілумен қатар, оның принциптері де өзгеріп отырды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланған. Алғашқы адамдар жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, тағы да басқаларын пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады.
Жазуға үйретудің маңызы. Балабақшада жазу сабақтарының мақсаты балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру. Жазу дағдысының психалогиялық негізі мидың үлекн жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ауызша сөйлеу есіту – кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауызша тілге сүйеніп отырады.
Ең алғашқы ерте дәуірде адамдар қандай, да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең– идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру ролін атқарады.
Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген. Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.
Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография (еміле) енеді. Алфавит – тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы. Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу. Алфавитпен графиканы меңгеру – оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы ең арапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияның (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.