Тапсырма № 1.
1. Жазуға үйретудің маңыздылығын қалай түсінесіз?
2. Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі дегеніміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Сейтенова, С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / С.С. Сейтенова.- Алматы: ТОО "Лантар Трейд", 2018.- 273б.-
Ысқақ, Б.Бастауыш сыныпта сауат ашу теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / Б. Ысқақ, Ж.О. Аманжолова.- Шымкент, 2020.- 90 б.
Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу құралы/ А.К. Ахметова – Шымкент:ХГТУ, 2014ж.
Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
Намазбаева Ж.И. Психология. Оқулық.-Алматы,2015ж.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 4
Тақырып: Сауат ашу кезеңіндегі грамматика және тіл дамыту
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум
Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Жазу дағдысын қалыптастыру
2. Қазақ тілі орфографиясының негізгі принциптері Қысқаша теориялық мәліметтер:
Балабақша тәрбиеленушілері орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым – қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады , яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды. Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі . Ал кейін әріп бөліктері аса күш салмай-ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, сонан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады. Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде-ақ дағдыланады деудің жөні жоқ. Себебі олардың кейбіреулері бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет - сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады. Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі - морфологиялық принцип, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (басшы, башшы емес), сөз шекарасында да (боз құнан, бозғұнан емес) біріккен сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай емес) сақталып жазылады. Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград, клуб, педагог т/б ) бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады: Ленинградқа, педагогке, клубтан т. с .с . Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі. Қысқасы жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.
Тапсырма № 1.
1. Сауатты жазуға үйрету дегенімізді қалай түсінесіз?
2. Жазуға үйрету әдістемесі неге негізделеді?
Достарыңызбен бөлісу: |