Тапсырма № 1. 1. Шамғали Сарыбаев – қазақ тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі.
2. Арғынов Хасен Қуандықұлының еңбектері
Пайдаланылған әдебиеттер: Сейтенова, С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі : Оқу құралы / С.С. Сейтенова.- Алматы: ТОО "Лантар Трейд", 2018.- 273б.-
Ысқақ, Б.Бастауыш сыныпта сауат ашу теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / Б. Ысқақ, Ж.О. Аманжолова.- Шымкент, 2020.- 90 б.
Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 7
Тақырып: Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум Аудиториялық жұмыс: Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер: Балабақшада сауат ашу тілін оқытуың психологиямен байланысы.
Сауат ашу сабақтарында тәрбиленушілердің ойлау процесін дамыту.
Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі.
Тілдік жаттығулар ой дамытудың негізі
Қысқаша теориялық мәліметтер: Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез бейімделіп қана қоймай, оларды керекті бағытын шығармашылықпен бұра білу қабілетін қажет етеді. Міне, сондықтан халыққа білім беру саласындағы басты мақсат: ақыл-ойы жетілген, жасампаздықпен еңбек етуге қабілетті, өз тағдырын өзі шеше алатын, өз бетінше бiлiмiн толықтырып, өздiгiнен кәсiби шеберлiгiн арттыру мүмкiндiгi бар жеке тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада балаға білім беру мәселесі теориялық ғалымдар жетістіктеріне сүйенгенде ғана нәтиже болмақ. Сондықтан дамыта оқыту әдістемесі негіздері лингвистика, педагогика және психология болып табылады. Өкінішке орай мектептер білім беру жүйесі күні бүгінге дейін теориялық білімдердің соңғы нәтижелеріне негіздей жүргізу өз деңгейінде емес. Әсіресе, қазақ тілін оқыту әдістемесі психологиядан оқшау қалды десек қателеспейміз. Олай дейтініміз тіл материалдарын меңгертуде психологиялық тұрғыдан зерттеу жоқтың қасы. Ғалымдардың «Психология әдістеме ғылымысыз-ақ өмір сүріп, дами береді, ал әдістеме ғылымы психологиясыз күнелте алмақ емес және дами да алмайды. Толыққанды ғылыми пән болу үшін әдістеме психологиялық негізде құрылуы тиіс», (1) – деген тұжырымын ескере бермейміз.
Ана тілін оқыту әдістемесі тіл білімі мен психологияның теориялық қағидаларының соңғы жетістіктеріне табиғи байланысы негізінде атап айтқанда, тәрбиеленушілерді неге үйретеміз, қалай оқытамыз деген екі күрделі мәселені шешеді.
Көрнекті ғалым А.А.Леонтьевтің ана тілін меңгерту әдістемесі біріншіден, «оқыту мен мазмұнын; екіншіден, жалпы адам психикасының табиғаты мен сөйлеу механизмін; үшіншіден, тілдің маңызы мен ерекшелігін түсінуге тиіс» (1) – деген пікірі тіл материалдарын меңгертуде лингвистика мен психологияның соңғы жаңалықтарын басшылыққа алғанда ғана нәтижеге жетуге болатынын ашық айтады.
Өздігінен білімін толықтыру үшін жеткіншек танымдық әрекетінің мәнін жете түсініп, оны іс жүзіне асырудың әдіс-тәсілдерін игеруіне тура келеді. Осынау алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде тәрбиеленушілерді жаңа білімдерді меңгертудің жаңа технологиясымен таныстыру қажеттігі туындайды.
Балабақшада дәстүрлі оқытуда тәрбиеленушілердің бар назары негізінен білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға аударылады да, ал ғылыми – білімдердің логика-операциялық жағынан көңіл бөлінбейді. Нәтижеде және тұлғаға ең қажетті қасиеттер: байқампаздық пен ойлау заңдылықтарын талап деңгейінде меңгермейді.