Орталық азия



бет18/19
Дата14.09.2023
өлшемі315 Kb.
#107109
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Практикалық сабақ

Тапсырма № 1.
1.Ана тілін сабағын қазақ тілі пәнімен байланыстыра оқытудың маңызы.
2.Қазақ тілін оқытудағы пәнаралық байланыстың мақсаты.
3.Әдебиеттік оқу пәнінің басқа пәндермен байланысы қандай? (математика, дүниетану, бейнелеу, музыка, еңбек т.б.)
4.Пәнаралық байланыс негізінде тәрбиеленушілердің біліктілігін жетілдіру.
5.Бастауыш сыныпта пәнаралық байланысты жүргізуге байланысты интерактивті әдістер
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сейтенова, С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / С.С. Сейтенова.- Алматы: ТОО "Лантар Трейд", 2018.- 273б.-

  1. Ысқақ, Б.Бастауыш сыныпта сауат ашу теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / Б. Ысқақ, Ж.О. Аманжолова.- Шымкент, 2020.- 90 б.-2экз

  2. Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу құралы/ А.К. Ахметова – Шымкент:ХГТУ, 2014ж.

  3. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Оқулық.-Алматы,2015ж.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 15


Тақырып: Жаңартылған білім беру мазмұны қиындықтары мен мүмкіндіктері
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум
Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Сауат ашуды оқытуда қандай принциптерді басшылыққа аламыз.
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Грамматика ойлаудың, ұзақ абстракциялық жұмыстың нәтижесі болғандықтан, онда дерексіз жалпы ұғымдар көбірек кездеседі. Ондай дерексіз ұғымдар оқушылар санасына бірден қона қоймайды. Сондықтан оқыту ісінде грамматикадағы дерексіз ұғымдарға, дерексіз категорияларға деректілік, нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты міндеті болып саналады.
Технология тарихы туралы Б.Әбдікәрімұлы, М.Мәлібековалар былай дейді: «Алғаш рет «педагогикалық технология» 20жылдары И .Павлов, В.М.Бехтерев, А.А.Ухтомский, С.Г. Шацкий еңбектерінде кезекті. 40-50 жылдары оқыту процесіне техникалық құралдарды енгізе бастағанда , «білім технологиясы» термині пайда болды да, кейінірек әр түрлі техникалық оқыту құралдары, соның ішінде кино, радио, бақылау құралдары енгізіле бастағаннан кейін «педагогикалық технология» түсінігіне ауысты».
Ғалым – педагог, психологтардың пайымдауына жүгінсек, В.П. Беспалько өзінің «Слагаемые педгогической технологий» деген еңбегінде оны «Оқу –тәрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни, белгілі педагогикалық жүйенін тәжірибеде жүзеге асатын жобасы» деп қарастырады. В.П. Беспалько педагогикалық жүйені педагогикалық технология негізі деп тұжырымдайды. Педагогикалық жүйеде берілетін білім балалардың таңдайтын мамандығына бағытталуы тиіс. Кәсіпке дайындық-тұлға дамуын жүзеге асырады. Мақсатты білім беру технологияның басты балгіларі. Ғалым диагностикалық методикаға арқа сүйейді. Оны мақсатты білім берудің көзі деп тұжырымдайды. Ол оқу-тәрбие мақсатын, бүкіл іс-әрекетті диагностикалық талаппен қоюға ерекше көңіл бөледі. Педагогикалық жүйе ретінде бір-бірімен байланысқан әдістер мен тәсілдерді, іс-әрекеттердің жеке тұлғаға бағытталуын, мақсатты, бағытты педагогикалық әсерді алады. Орыс ғалымы С.А.Смирнов өзінің «Технология ака средства обучения второго поколения» еңбегінде ол сөздің өндірістен кергенін, яғни шикізатты өңдеу, жасаудың амалдары екеніне тоқталады да, оған мынадай анықтама береді: «Технология әдістер жиынтығы ғана емес, әдістер кездейсоқ таңдалынып алынған жоқ, олардың барлығы нақты өнім алудағы бергілі бір мақсатқа бағытталған»-дейді.
Технология оқытуды іздендіруге, жеке тұлғаның еркіндігі мен таңдауы , қалауына жол ашады. Дәстүрлі оқытуда тәрбиеші-тәрбиеленуші, яғни алдыңғы орында мұғалім іс-әрекеті жетекшілік етсе, технологияда тәрбиеленушітәрбиеші яғни оқушының білімді өз іс-әрекетімен, белсенділігімен алу жүзеге асады.
Технологиялық сабақтардың айырмашылығы мен ерекшелігін былай саралауға болады.

  1. Технологияның ең негізгі-мақсаттар жүйесі, оның қорытынды нәтижесі. Мақсат-ең негізгі компонент. Ол нәтижеге жетуді айқындайды.

  2. Диагностикаға негізделген болжамды мақсаттар нақты түрде белгіленеді. Сол арқылы әдіс-тәсілдер сұрыпталынып алынады, бақылау жүргізіледі.

  3. Жоспар емес, оқу үрдісінің жобасы талап етіледі. Жоба дегеніміз- технологиялық карта бағдарлама...

  4. Тәрбиеші іс-әрекеті емес, тәрбиеленуші іс-әрекеті алдында қатарда тұрады, сол арқылы нәтижеге жету жоспарланады.

  5. Тәрбиеленушімен субьект ретінде қарым-қатынас жасайды.

Оның моделін төменгі кескіннен көруге болады:
Технологиялық сабақтарда сабақ құрылымы, оның негізгі элементтері оқушы мен мұғалім іс-әрекетін алгоритимдеуге құрылады, сабақтың кезеңдерінде негізгі мақсаттар жүзеге асуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет