Дұрыс оқу Оқушыны қандай болмасын мәтінді дұрыс буындап оқуға қалыптаспайынша оның білімдік және тәрбиелік мәні іске аспайды. Сондықтан мәтінді буындап оқығанда , әрбір сөзді дұрыс айтуын, дұрыс оқуын мұғалім қадағалап отыруы керек. Мұғалімнің оқылатын шығарманы, я мәтінді дұрыс тыңдауы оқуы мына талаптардың орындалуын қажет етеді:
1) сөз ішінен әріпті, жеке буынды не жеке бір сөзді қалдырмай оқу;
2) кейбір буынды не жеке сөзді қайталамай оқу;
3) кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай оқу;
4) орфоэпиялық талаптарға сай оқу;
5) мәтіндегі сөздердің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқу;
Оқушы мәтінді тыңдап оқуында осы қойылған талаптардың бірде-бірі орындалмай бұзылса, мәтіннің сөзін дұрыс қабылдай алмайды, онда тәрбиеленуші сол сөздің бір бөлегін, әлде өзін түгелдей бұрмалап, шамалап оқи салады.
Тапсырма № 1. 1. Белгілі бір мәтін бойынша ішінара және толық талдау жасап көрсетіңдер.
2. Шағын комплектілі мектепте өтілетін сабаққа жоспар түз. (1-3 сынып)
3. «Сөздер мен дыбыстар»тақырыбына дайындап келген сабақ жоспарына анализ жасау.
Пайдаланылған әдебиеттер: Сейтенова, С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / С.С. Сейтенова.- Алматы: ТОО "Лантар Трейд", 2018.- 273б.-
Ысқақ, Б.Бастауыш сыныпта сауат ашу теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / Б. Ысқақ, Ж.О. Аманжолова.- Шымкент, 2020.- 90 б.-2экз