оқу дағдыларын қалыптастыру.
Ауызекі сөйлеудің әсерлілігі және мәнерлеп оқу.
Қысқаша теориялық мәліметтер: Кейс технологиясын пайдалануда мұғалім мына мәселелерді:
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруде алдын-ала дайындалған мәтіндер немесе тапсырмалар беруі;
Микротоптардың спикерлерімен өздерінің ойларын бөлісуі, бірге талдау, спикердің оқушылар түсінбегенге сабақтар өтуі;
Мұғалім - бағыт-бағдар беруші, бақылаушы ролінде ойнауы ескерілуі керек:
Сонымен қатар кейстік технологияда тәрбиеші жағдаяттарға байланысты түрлі пікір-сайыс түрін ұйымдастыруы мүмкін:
Мұғалім оқушыға қарсы сұрақ береді;
Кейс біріңғай ақпараттық кешен болғандықтан ол үш кезеңнен тұрады:
Кейс дайындау бөлімі.
Нақты жағдаяттар бөлімі.
Кейске кіретін қосымша тапсырмалар.
Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс мынадай кезеңдер бойынша дайындалады:
Оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптастырудың мақсатын айқындау.
Кейсті түзетуге материалдар жинау.
Оқушылардың мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар жинақтау.
Сабақтың қай кезеңінде кіргізуге болатынын болжау.
Оқушылардан күтетін нәтижені болжау.
Нәтижеге қол жеткізу үшін кейсте кеткен кемшіліктерді жою.
Оқушылардың мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды қазақ тіліне енгізу.
Кейс технологиясы қолданылған сабақтарда тәрбиеші топты 8 адамнан тұратын микротоптарға бөледі. Олар:
Эксперт-әрбір топтың өзінің эксперті болады. Эксперттің міндеті микротоптарға қатысып отырған тәрбиеленушілердің жауаптарын туралау, жөн сілтеу. Керек болса микросабақтар өту. Жол сілтеуші-бұл оқушы тапсырманы басқалардан ерте шығаратын, әдетте жақсы оқитын оқушы. Ол оқушылардан жауап таба алмай жатқанда дұрыс жолды айтады.
Образға енуші-бұл оқушы тапсырмада берілген мәтін не басқа жағдаяттарға еніп, басқа оқушыларға түсіндіреді. Өзі ойнап тұрған образдың қимылын айнытпай салу арқылы дұрыс жол сілтейді. Мысалы, доп жайлы жұмбақ жасырғанда доптың келбетін салуы керек.