Орталық ЖҮйке жүйесінің физиологиясы



бет6/30
Дата07.05.2023
өлшемі406 Kb.
#90894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Физиология эталон толык

6. Ретикулярлық формация: орталық жүйке жүйесіндегі орналасуы және маңызы. Оның өрлеуші және төмендеуші әсерлері. Ретикулярлық формацияның үлкен ми жарты шарларымен байланысы.
Торлы құрылым (ретикулярлык формация) пішіні әртүрлі, үлкенді-кішiлi, көптеген қысқа тармақты (дендритті) жасушалар тобы. Олардың арасында көптеген түйіспелер құрылады. Мәселен, екi нейрон дендриттерi ара сында 30 000-ға жақын түйіспелер болуы мүмкін. Сондықтан торлы құрылымның гистологиялык препаратын жай микроскоппен қарағанда ол тор тәрiздi болып көрінеді. Осыдан 150 жылдай бұрын торлы кұрылымға бірінші сипаттама берген Дейтерс болатын. Торлы құрылым ми бағанында орналасқан. Онын нобайы ортанғы мида, біразы көпірде, үлкен нейрондылары сопакша мида топтаскан, шеткей орналасқан ағзалармен тікелей байланыспаған. Ағзалардағы қабылдағыштардан акпараттык мағлұматтар торлы кұрылымға жұлынның жоғары ми сыңарлары қыртысына қарай өрлеушi жолдарынан коллатераль (жалғама) байланыстар арқылы келедi. Оған серпiнiстер көлденең бұтакшалар арқылы тiптi көру, дыбыс жүйкелерінен де келiп түседi. Торлы құрылым кейде бейарнамалы жүйке жүйесi деп те аталады. Өйткені ол орталык жүйке жүйесiнiн барлық бөлімдерінін (ми қыр тысынан бастап жулынга дейiн) қызметiн белсендiредi. Жалпы алганда торлы құрылым ми бөлімдерімен қарама-қарсы екi бағытта байланысқан.
Ұйқыдағы жануарлың торлы құрылымын тiтiркендiрсе, ол оянып кетеді. Бұл кезде электроэнцефалограммадағы тежелудi көрсететін үлкен және сирек толқындардың орнына кiшi және жиi (альфа, бета) толқындар пайда болады. Торлы құрылым мен ми қыртысы ми қыртысы сыңарларын қосатын жолын кесiп жiберсе, жануар қатты ұйқыға кетеді. Бұл айтылғандар торлы бөлімнiң ми қыртысын ширатып, оның кызметін түгелдей күшейтетінін көрсетеді. Осыған орай торлы құрылымды ми қыртысы қызметiн түгелдей күшейтетін бейарнамалы жүйке жүйесi деп те атайды. Ол ми қыртысына әсер еткенмен де өзi ми қыртысына тәуелдi. Ми қыртысы торлы құрылым арқылы өзiнiң қызметiн өзі реттейдi, яғни кері байланыс арқылы ми қыртысы торлы құрылымдағы қозуды күшейте немесе бәсендете алады. Мұнымен қатар торлы құрылым орталық жүйке жүйесiнде козу мен тежелу үрдiстерiнiн жайылуын және бір орталыққа жиналуын реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет