Қош келдің, 2023 жыл! Жануарлар күшті көңіл күймен ойнап күліп кіріп келеді



бет6/8
Дата20.12.2023
өлшемі36,7 Kb.
#141228
1   2   3   4   5   6   7   8
2-жүргізуші:
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа бақыт достарым!...
1-жүргізуші:
Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын.Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныштық,тоқшылық жыл болсын.Жаңа жылдарыңыз құттты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

5 сынып
1 жүргізуші:
Жарқылда жаңа жыыыыл
Сәлеееем құрметті достар, қалайсыңдар?
2 жүргізуші
Келе жатқан қоян жылы құтты берекелі жыл болсын!
1 жүргізуші:
Бүгін Қосынов атындағы орта мектебінің төрінде сіздерді жаңа жылдық әсем әндер, тамаша би және жақсы көңіл күй күтуде.
Жарылқа жаңа жыл деген тілекпен бүгінгі әдемі кешімізді бастаймыыыыыз!
2 жүргізуші
Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Қоян жылы келіп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
1 жүргізуші:
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары
12 ні күтер қалмай тағаттары
Ғасырдың 23 ші жылы келді, құстай ұшып
Қырау шалған қанаттары
Жаңа жыл құтты болсын! Дей отырып жаңа жылдық кешімізді бастаймыз!
2 жүргізуші
Қанекей достар жаңа жылдық мерекемізді бастамас бұрын ортаға ең басты кейіпкерлерімізді шақырайық!
Ең басты кейіпкерлерімізді кім деп ойлайсыздар?
2 жүргізуші
Дұрыс айтасыңдар. Аяз ата мен ақшақарды ортамызға бәріміз бірге шақырайық.
Аяз ата, ақшақар деп бәрі бірге шақырады.
Аяз ата сөз сөйлейді.
Аяз ата сізге біздің оқушыларымыз өз өнерлерін дайындап келіпті қанекей төрге шығып тамашалаңыз!
Ендеше жаңа жылдық әсем кешімізді қыздардың әдемі үнді биімен бастаймыз!
Мирамғали Каусар қыздарыңыздың қыз бала гүл әні тамашалаңыздар!
5 «Е» сынып қыздарының жаңа жылдық тик ток биін тамашалаңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет