Осы мақсатты жүзеге асыруда келесі міндеттер туындады



бет14/16
Дата29.07.2022
өлшемі264,5 Kb.
#37976
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Кіріспе негізгі бөлім қорытынды

Қорытынды

Курстық жұмыстың бірінші тарауында оқушы жетістігін бақылау мен бағалаудың тарихына шолу жасадық. Тарихқа көз жүгіртсек, алғаш рет білімді бағалау жүйесі Германияда үштік бағалау жүйесінен тұрған екен. Қазіргі таңда он балдық шкала бойынша есептеледі. Мектептегі оқыту барысында күнделікті оқушылардың еңбегі 1-3 балл – «нашар»; 4-5 балл – «қанағаттанарлық»; 6-7 балл – «жақсы»; 8-10 балл – «үздік» баға деп танылу қалыптасқан.


Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалаудың психологиялық аспектілеріне оқушының сабақтағы мінез құлқын, қойылған бағаға өз ойын айтуын, келісіп не болмаса келіспеуін жатқызуға болады. Баға кейде оқушының сабақты меңгеруге ықылас танытпауына деген жаза ретінде де қолданылуы мүмкін. Сондықтан бірінші сыныпта оқушыға баға қойылмайды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің 2021 – 2022 жылдарға арналған нұсқау хатында жазылған болатын. Баланың сабаққа деген ынтасын жоғалтып алмас үшін баға қоюда жарайсың немесе тағы да тырысып көр, қолыңнан келеді деген сөздер оқушының сабаққа деген қызығушылығын көтереді. Оқушыны бағалағанда оқушының психологиялық деңгейімен де санасқан жөн. Себебі қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен тараған. Жеңіл немесе орташа ақыл ой кемістігі бар балаларға арнайы тапсырмалар ұсынып, жиынтық бағалауда оқушының деңгейіне қарай бағалау керек деп ойлаймын.
Критериалды бағалау дегеніміз – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Критериалды бағалаудың қағидаттары мыналар:
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы;
Шынайылық, анықтық және валидтілік;
Ашықтық және нақтылық;
Үздіксіздік;
Дамытуға бағыттылық.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
Ортақ тақырып – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Осы курстық жұмыста қосымшалар берілген. Қосымшада жиынтық бағалау жұмыстары екі түрде беріледі. Біріншісі бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстары болса, екіншісі тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстары ұсынылған. Бұл жиынтық бағалау жұмыстары Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрімен бекітілген.
Мониторинг дегеніміз – «мұғалім – оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрде үздіксіз бақылау әрекеті, басқаша айтқанда мониторинг – оқушы мен мұғалім іс – әрекетінің нәтижесін талдау мен мектептің даму болашағын болжаудың динамикалық жүйесі.
Мониторингтің түрлері өте көп:
Өткізу жиілігі бойынша (бір рет, мерзімді, жүйелі);
Ұйымдастыру формалары бойынша (сырттай байқау, бірін – бірі бақылау, өзіндік талдау);
Оқыту кезеңдері бойынша (кіріспе, аралық, қорытынды).
Мониторингтің құрылымы:
1. бақылау.
2. бағалау.
3. талдау.
4. нәтижені болжау.
5. коррекция.
Қорыта айтқанда, білім беру мекемесінің оқу жетістіктерін бағалау және монитоирнг жасау – ұстаз шеберлігін шыңдау және оқушы мен мұғалім біліктілігін арттыру деген сөз. Жетістікке жеткізетін бірден – бір жол – ізденіс, талапты еңбек екенін уақыт дәлелдеді. Олай болса, білім беру мекемелерінде оқу жетістіктерді бағалау, педагогикалық мониторинг жүргізу арқылы жеткен жемісті жолдар жалғасын табатынына сенімдіміз.
3 сынып оқушыларының білім сапасын тексеруде 3 тосқанда білім сапасы түскенін байқауға болады. 4 тоқсанда білім сапасына өзгерістер енгізіліп, көтерілгенін байқадық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет