Осы мақсатты жүзеге асыруда келесі міндеттер туындады


Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі ретінде



бет13/16
Дата29.07.2022
өлшемі264,5 Kb.
#37976
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Кіріспе негізгі бөлім қорытынды

2.2 Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі ретінде

Мониторинг дегеніміз – «мұғалім – оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрде үздіксіз бақылау әрекеті, басқаша айтқанда мониторинг – оқушы мен мұғалім іс – әрекетінің нәтижесін талдау мен мектептің даму болашағын болжаудың динамикалық жүйесі.


Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылау түрлерінен оқушының оқу деңгейі мен оқыту жағдайына үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін өзінің ұйымдастыру түрі, жинақтау, сақтау, мәліметті өңдеу және тарату қызметтері бойынша ерекшеленеді [31].
Мониторингтің түрлері өте көп:
Өткізу жиілігі бойынша (бір рет, мерзімді, жүйелі);
Ұйымдастыру формалары бойынша (сырттай байқау, бірін – бірі бақылау, өзіндік талдау);
Оқыту кезеңдері бойынша (кіріспе, аралық, қорытынды).
Мониторингтің құрылымы:
1. бақылау.
2. бағалау.
3. талдау.
4. нәтижені болжау.
5. коррекция.
Зерттеудің мақсаттарына байланысты мониторингтің жетістікке жеткізетін оқу – тәрбие үрдісі мен құрылымының нәтижесін анықтау бағытын ең маңызды деп айтуға болады.
Диагностика көмегімен оқушылардың білім деңгейі анықталады, білім беру нәтижелерінің жетістігі қорытындыланады, білім беру үрдісінің кезеңдері жоспарланады.
Мониторинг арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуын, мұғалімнің іс – әрекетін зерттеу үлкен нәтиже береді.
Сондай – ақ, мониторинг нәтижесінде оқу және оқыту, білімді игеру дәрежесі, оқушының танымдық қызығуын, нашар үлгерімнің дидактикалық себептерін анықтау мүмкіндіктерін қадағалауға болады.
Білім беру үрдісін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық, қозғаушы және ынталандырушы, қалыптастырушы, түзеушілік қызметтер атқарады. Енді соның әрқайсысына тоқталайық.
Мониторингтің қалыптастырушы қызметінің нәтижесінде оқушының «дамуға жақын аймағына» ықпал ете отырып оқушы тұлғасының әлсіз және күшті жақтарын анықтайды. Әрбір оқушыға қозғау салу әрекетінің әдістері мен тәсілдерін жеке талдауға оқушының педагог назарына түсіп қалу мүмкіндігін шығарып тастауға көмектеседі.
Оқу үрдісінде болжанбаған, кездейсоқ нәтижелерді табу және белгілеу, оқушылардың жат әрекеттеріне әсерді күшейту жөнінде шар қабылдау мониторингтің түзетушілік қызметі арқылы жүзеге асады.
Алғашқы кезеңде мониторингтің мақсаты мен міндетін анықтаудан бастаймыз.
Келесі кезектегі кезең негізгі көрсеткіштер мен критерийлерін анықтау, диагностика әдістерін таңдаумен жалғасады.
Диагностика әдістерін дәстүрлі (тестілер, сауалнамалар, сұрақтар, бақылау жұмысы, диктант, т.б.) және дәстүрлі емес әдістер (бақылау, пікірлесу, т.б.) деп бөлуге болады. Педагогикалық мониторингтің екінші талдау – диагностикалық кезеңінде ақпараттар жиналып, мәліметтер сандық және сапалық өңдеуден өткізіледі. Өңдеу кезінде алынған нәтижелерді салыстыру барысында педагогикалық диагноз қою, себеп – салдарға тәуелділікті дәлелдеу және талдау жүзеге асырылады.
Алдағы негізгі ой – мақсатты даму мүмкіндіктерін болжай отырып жоспар жасау, болжау кезеңінің әрекеті болып табылады.
Әрекеттік – технологиялық кезеңінде педагогикалық үрдісті түзету іске асырылп, баланың дамуын тежейтін немесе оның ынтасын әлсірететін себептерді және кемшіліктерді жою қажет [32].
Аралық – диагностикалық кезеңде нормативті көрсеткіштермен салыстыру және логикалық талдауға негізделген нормативті көрсеткіштерден ауытқу себептері анықталып, түзету – даму жұмыстарының стратегиясы жасалады.
Соңғы қорытынды – диагностикалық (аяқтаушы) кезеңінде мониторинг нысаны жағдайына баға беріліп, алынған нәтиже алғашқысымен салыстырылады. Мониторингтен алынған мақсат және міндеттер сәйкестігі, логикалық талдауға негізделіп жүргізілген жұмыс нәтижесі анықталады.
Мұғалім өз мақсатына жеткен, жетпегеніне көзін жеткізетін тек сенімді әдісі бар болса ғана өзінің әдістерінің дұрыстығына, өз еңбегінің нәтижелігіне сенімді бола алады, ал керісінше жағдайда өз жұмысын жөндеуді қажет ететін анық мәлімет ала алмайды.
Мониторингтік зерттеуді әдісі: әуелі зерттеуге бағытталған оқу пәндері таңдап алынып, монитоирнг жүргізу мерзімі анықталады. Оқушыларға берілетін тесттер мен бақылау қималары мектептің әдістемелік бірлестік жетекшісімен бірлесіп таңдап алынады. Бұл жұмысты жүргізу кестесі алдына ала ілінеді.
Сыныптың білімді игеру дәрежесі арнайы технолоиялық карталарға толтырылады. Мониторинг қорытындысы бойынша мұғалімдерге осы элементтер негізінде оқушылардың білім, дағды, іскерлігінде кемшіліктерді түзеуге уақыт беріледі.
Білім сапасы көп айтылып жүрген шақта оқу – тәрбие үрдсінің әртүрлі қырларын талдауда мониторингтік зерттеу жақсы құрал болып табылады. Мониторингтік зерттеу нәтижесінде өткен оқу жылындағы оқу – тәрбие үрдісі туралы дәл, әділ, тез ақпарат аламыз. Ол ақпарат оқушылардың оқу әрекеті мен мұғалімдердің іс – әрекетіне түзету жүргізу жайлы уақытылы басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Мониторингтік зерттеу жүргізуге педагогтер мен мектеп әкімшілігінің қатысуы дидактикалық құралдарды жаңарту нәтижесі және сапасы жөнінде дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді, теорияның мектеп өмірімен толық байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мониторингтік зерттеу жүргізуге педагогтер мен мектеп әкімшілігнің қатысуы дидактикалық құралдарды жаңарту нәтижесі және сапасы жөнінде дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді, теорияның мектеп өмірімен толық байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нысандары мен істі атқару тәртібін анықтауға жол ашады. Монитрингтің нәтижесі мұғалімдерді аттестаттауда, сабаққа қатысу кезінде мұғалімнің іс – әрекетін және оқушылардың білім, білік дағдыларын түзетуде қажет [33].
Қорыта айтқанда, білім беру мекемесінің оқу жетістіктерін бағалау және монитоирнг жасау – ұстаз шеберлігін шыңдау және оқушы мен мұғалім біліктілігін арттыру деген сөз. Жетістікке жеткізетін бірден – бір жол – ізденіс, талапты еңбек екенін уақыт дәлелдеді. Олай болса, білім беру мекемелерінде оқу жетістіктерді бағалау, педагогикалық мониторинг жүргізу арқылы жеткен жемісті жолдар жалғасын табатынына сенімдіміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет