Осы саннан оқитындарыңыз: Құрылыс калейдоскопы: екінші жарты жылдық қоры- тындысы



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата27.03.2017
өлшемі3,4 Mb.
#10473
1   2   3   4   5   6   7   8

Адамдарға қызмет етуге арналған 

ерекше нысан 

Қала басшысы Универсиада–2017 нысан-

дарының  құрылысына  «БАЗИС»  компания-

сының  үлкен  үлес  қосып  жатқанын  айтып, 

«Базис»  холдингтік  компаниясы»  ЖШС  ди-

ректорлар кеңесінің Төрағасы Александр Бе-

ловичке  алғысын  білдірді.  «Александр  Яку-

бовичке алғыс айтқым келеді. Өзіміз мақтан 

тұтатын бұл компания еліміздегі өте сапалы 

да  айшықты  нысан  –  «он  екі  мыңдықты» 

(12 000 орынға арналған Мұзды арена – авт.) 

мерзімінен бұрын салуда. Нысанның қазірдің 

өзінде 76% дайын. Құрылыс өте жақсы жүріп 

жатыр,  ол  жерде  Универсиада–2017  дирек-

циясы  орналасатын  болады.  Жақында  жа-

зылып,  жиналатын  алаң,  бассейн  пайда  бо-

лады,  оларға  ерекше  жағдайды  қажет  ететін 

адамдар келе алады. Қаламызда бұрын-соңды 

мұндай  бассейн  болған  емес.  Біз  Александр 

Якубовичпен  осы  бассейнде  жеке  көмекті 

қажет ететін адамдар шомыла алуы үшін ар-

найы  көтергіштер  қажеттігін  талқыладық. 

«БАЗИС»  компаниясының  қолдауы  мен  де-

меушілігінің арқасында бір жарым миллиард 

теңгеге  ең  соңғы  үлгідегі  жарық  дыбысты 

қондырғы сатып алынуда, ол қазіргі заманға 

сай концерттер мен шараларды өткізуге мүм-

кіндік береді. Бұған қоса, баскетбол, волейбол 

жарыстарын өткізуге мүмкіндік туғызу үшін 

мұз  арнайы  жабынмен  жабылады.  Қаламы-

здың  жастары  үшін  бұл  жыл  бойы  үнемді 

бюджетпен түрлі шараларды ұйымдастыруға 

болатын ең танымал нысан болады», – деген 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек сөзін: «Сон-

дай-ақ,  «БАЗИС»  компаниясымен  біз  5  000 

тұрғынға  арналған  тұрғын  үй  кешенін  салу 

мүмкіндігін талқыладық, ондағы бір шаршы 

метрдің бағасы 600 – 650 доллар болады. Егер 

«БАЗИС»  компаниясы  әдемі  әрі  қолжетімді, 

ыңғайлы нысан салатын болса нарық та дами-

ды», – деп жалғады. 

 «Мұзды стадион үш блоктан тұрады: 12 

000 орынға арналған мұзды арена, ол тесттік 

сынақтар  мен  барлық  инфрақұрылымы  мен 

атрибутикасын  –  орындықтар,  табло,  дыбыс 

және  жарығын  пайдалана  отырып  жарыстар 

өткізу  үшін  2016  жылдың  қыркүйегінде  іске 

қосылады;  желтоқсанда  бассейні  бар  блокты 

іске қосамыз, онда әкімшілік жайлар орнала-

сады;  ақпанда  спорт  залдары  мен  жазылма-

лы-жиналмалы мұз айдыны бар блокты сынап 

көруге болады», – дейді «БАЗИС» Холдингтік 

компаниясының  басшысы  Александр  Бело-

вич.  Ол  барлық  жұмыстардың  кестеге  сай 

атқарылып жатқанын атап өтті. 

Дағдарыс бізге бөгет бола алмайды 

Дағдарыстардың  дүркін-дүркін  және 

қашанда  күтпеген  жерден  келетіні  белгілі. 

Алайда,  егер  мемлекет  пен  кәсіпорындар 

аяқтарынан нық тұратын болса, әлемдік және 

ұлттық валюталардың қандай да бір құбылуы 

болмасын бізге зиянын тигізе алмақ емес. 

«Жақында  девальвация  болғанын  бар-

лығыңыз  білесіздер.  Жағдай  күрделі  болды. 

Алайда, бюджеттен қосымша шығын шықпас 

үшін 1–1,5 айдың ішінде нысандар бойынша 

19,5  миллиард  теңгеге  оңтайландыру  жаса-

дық,  сөйте  тұра  қазақстандық  мазмұнды  кө-

бейту мүмкіндігі пайда болды, қондырғы алу 

2,8 миллиард теңгеге, импортты қондырғыны 

анағұрлым  үнемді  аналогтарына  алмасты-

ру  8,1  миллиард  теңгеге  оңтайландырылды, 

құрылыс  материалдары  мен  конструкцияла-

рына жұмсалатын шығын 7,9 миллиардқа, ны-

сандарды  абаттандыру  700  миллион  теңгеге 

оңтайландырылды», – деп атап өтті өз сөзінде 

әкім орынбасары  Болат Сауранбаев. 

«БАЗИС»  құрылыс  компаниясы  Белович 

Александр Якубовичтің жетекшілігімен жеке 

қаражат есебінен дыбыстық, жарық дыбыстық 

қондырғыларға  қатысты  жобалық  шешімнің 

ұлғаюын  өтеп  отыр,  компания  осының  бар-

лығына  1,5  миллиард  теңгені  жеткізіп,  ха-

лықаралық  стандарттардың  ең  жоғарғы  дең-

гейіне сай жасап отыр. Бұл үлкен шаруа. Бұдан 

бөлек,  «БАЗИС»  компаниясы  12  000  орынға 

арналған Мұзды аренаға қарсы бетте тұрғын 

үйлер салатын болады. Айта кететін маңызды 

жайт – компания дәл осы ауданда тұратын қа-

лалықтар үшін балабақша салады, оған бюд-

жеттен бір тиын да жұмсалмайды», – деп атап 

өтті Болат Оспанұлы. 

Нысандарда өмір қайнап жатуы тиіс 

Салынған нысандарды ұтымды пайдалану 

үшін  2017  жылғы  Универсиада  нысандарын 

басқару  жөніндегі  дирекция  құрылған  бола-

тын. 

«Жарқын мысал – Шымбұлақ пен Медеуді 



салу  кезінде  басқарушы  компания  дер  кезін-

де құрылмады да бұл нысандардың жай-күйі 

нашарлап  кетті.  Кейін  құрылыстың  алғашқы 

сәтінен бастап тек құрылыс барысымен ғана 

емес,  оны  пайдаланудың  бүкіл  қыр-сырына 

қанығатын  компания  құру  қажеттігін  түсін-

дік»,  –  деді  Сауранбаев.  Арнайы  басқарушы 

компанияның құрылуы да сондықтан.

«Оңтайландыру  кезінде  көптеген  дүние-

лер – хореография залы, бокс залы, бассейн, 

фитнесс-орталықтар, емханалар, дәріханалар, 

сауда орындары, мейрамханалар, көрме залда-

ры аутсорсингке берілді. Бұл жайларда әрлеу 

жұмыстарын  жүргіземіз,  ал,  оларды  басқа-

рушы  компания  пайдаланады,  сол  орындар-

ды қолданатындарды табатын болады», – деп 

сөзін жалғады әкімнің орынбасары Болат Са-

уранбаев.

Болат  Оспанұлының  айтуынша,  барлық 

нысанның  құрылысы  өзінің  жоспарланған 

мерзімінде  –  2016  жылдың  қыркүйегінде 

аяқталады,  одан  кейін  жарты  жыл  бейімдеу 

мен тесттік жарыстарға арналады. 

«Нысандар тек жарыс өтіп жатқанда ғана 

емес, барлық уақытта жұмыс істеп тұруы тиіс. 

Нысандарды ұстау, жылу мен жарыққа жұмса-

латын шығынды есептеу қажет», – деді Алма-

ты әкімі орыбасарын қолдап. Шахар басшы-

сының  айтуынша,  дамыған  инфрақұрылым 

Алатау  ауданының  тұрғындары  үшін  өте 

тиімді  –  қаланың  орталығына  барып  қажеті 

жоқ. Бүкіл қажеттінің барлығы жақын маңда 

болады.  «Алатау  ауданында  өмір  қайнап  жа-

туы тиіс. Осында облыс орталықтарынан ке-

летіндер үшін қолжетімді бағаға тамақтанып, 

балаларын балалар ойнайтын алаңға, жұбай-

ын фитнеске жіберіп, өзі, айталық, боксқа бара 

алатындай жағдай болуы тиіс.», – деді Байбек. 



Отандық өндірушілер жайында бірер 

ауыз сөз 

Қала  әкімі  Универсиада  нысандарының 

ССХФ-ның  барлық  стандарттарына  сай  ке-

летіндігін  және  қала  үшін  маңызы  үлкен 

екендігін  талай  мәрте  атап  көрсеткен  бола-

тын.  Мемлекет  экономиканың  даму  қарқы-

нының  бәсеңдеуіне  жол  бермеу  үшін  ин-

фрақұрылымға  жұмсалатын  инвестиция 

көлемін  арттыруды  ұйғарып  отыр.  «Егер 

мемлекет инвестиция салуды доғаратын бол-

са, экономика төмендейді. Әр теңгеге 2, 3, 4 

теңгеге  дейін  тартуымыз  керек.  Универсиада 

нысандарында осылай болып та жатыр. Уни-

версиада нысандарының құрылысы мен олар-

ды ұстап тұруға кететін қаражат елде қалып, 

ішкі  экономикаға  жұмыс  істеуі  тиіс.  Бұл  ме-

гаполистің  ары  қарайғы  әлеуметтік-экономи-

калық дамуына жол ашатын үлкен мүмкіндік, 

сондықтан,  қазақстандық  мазмұнды  арттыру 

Алматының экономикалық саясатының басым 

бағыты  болып  табылады»,  –  деп  атап  өткен 

Байбек  отандық  өндірушілердің  өнімдерін 

тұтынуға шақырды. 

«Біз  бір-бірімізге  көмектесуіміз  керек. 

Біз  алматылықтармыз  және  бізге  осында 

жаңа  жұмыс  орындарының  ашылып,  бюд-

жетке  қаламыздың  дамуына  жұмсалатын 

салықтардың  түскені  маңызды.  Балалары-

мыз мектептерге, ауруханаларға, балабақша-

ларға  барады.  Жолдардың  сапасы,  олардың 

жарықтандырылуы  –  осының  барлығы  са-

лық  төлеушілердің  қаражатынан  құралатын 

бюджеттің  ақшасы.  Қазір  қалада  184  000 

кәсіпкерлік  субъектісі  бар,  олардың  1825-і 

өнеркәсіп  орындары.  Биылғы  жылдың  10 

айында  526,5  миллиард  теңгенің  өнімі  өн-

дірілді.  Біздің  келер  жылдағы  міндетіміз  – 

құрылысқа дем беру. Кәсіпорындар, жұмыс 

орындары,  өсу  орталықтарын  құру.  Келесі 

жылы  индустриалды  аймаққа  алғашқы  жо-

баларға 60 миллиард теңге инвестиция салы-

нады. Қаладағы кәсіпорындар өнімнің 1000-

нан  астам  түрін  өндіреді  және  жыл  сайын 

оның түрлері көбеюде. Өндірістер модерни-

зацияланып,  қазіргі  заманғы  технологиялар 

енгізілуде», – деді әкім.

Форум соңында құрылыс және өндірістік 

компаниялар  ынтымақтастық  туралы  жалпы 

құны  20  миллиард  теңгеден  асатын  бірқатар 

көпжақты  меморандумға  қол  қойды.  «БА-

ЗИС»  құрылыс  компаниясының  басшылығы 

осы меморандум аясында көптеген қазақстан-

дық компаниялар мен кәсіпорындармен бірне-

ше келісім-шарт бекітті.   

7

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016



6

ШАрАлАр. КӨрМЕлЕр. КОНФЕрЕНцИЯлАр



9

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016

8

ҚұрЫлЫС ЖАңАлЫҚТАрЫ



–  Оқу  корпусында  оқушыларға  арналған 

балалар бассейні мен әмбебап спорт залы қа-

растырылған. Далада екі жазғы футбол алаңы 

салынатын  болады.  Олар  әмбебап  спорт 

алаңдары  болмақ  –  футболдан  бөлек  оларды 

баскетбол, волейбол секілді спорттың басқа да 

түрлеріне пайдалануға болады. Тұрғын үй кор-

пусының  ауласына  балалар  алаңы  орнатыла-

ды. Онда хореография академиясында тұратын 

оқытушылардың балалар ойнайтын болады. 

Астананың бас сәулетшісінің тұжырымда-

масы бойынша Қазақ ұлттық хореография ака-

демиясы ЕХрО-дан Бәйтерекке дейін баратын 

қалалық саябақтың осінде орналасқан. 



– аумақта автомобильдерге арналған пар-

кингтер қарастырылған ба? 

– Бас жоспар бойынша бізде автомобиль-

дерге арналған төрт үлкен ашық көлік қоятын 

орын бар. Олар ғимараттың төрт тұсында ор-

наласқан.  Оған  хореография  академиясының 

төрт бұрышынан кіруге болады. Бұдан бөлек 

тағы  екі  шағын  автотұрақ  бар.  Жобада  көр-

сетілген  барлық  ашық  паркингтер  қазірдің 

өзінде салынып қойылған.  

–  ғимаратты  күзету  жүйесі  қарасты-

рылған ба? 

–  Кешен  қазіргі  заманғы  жүйемен  жаб-

дықталған.  Олардың  ішінде  кіріп-шығуды 

бақылау,  бейнеқабылау  мен  дабылқаққыш 

кіретін ғимаратты күзету жүйесі де бар. 

Хореография  академиясында  қазіргі  за-

манғы  өртке  қарсы  жүйе  орнатылған.  Сон-

дай-ақ,  кешен  ғимараты  барлық  ішкі  инже-

нерлік жүйені бақылайтын басқарудың ортақ 

автоматты жүйесімен жарақталған.  



–  астана  қолайсыз  жер  қыртысымен  та-

нымал.  сондықтан,  ғимараттың  барлығы 

дерлік мұнда бағаналық іргетастарға салына-

ды. Хореография академиясы да солай тұрғы-

зылды ма? 

– Хореография академиясы діңгектерге са-

лынған. Академия астындағы топырақ тығыз 

болып  шықты  да  жерасты  сулары  бізді  аса 

алаңдата қоймайды.

 

Бірегей нысанды 2016-шы жылы іске 



қосады 

– жарқын сейтжапарұлы, жылу, су және 

өркениеттің  басқа  да  игіліктерін  ғимаратқа 

кім тартады? 

– Құрылыс участогы аумағындағы барлық 

сыртқы  инженерлік  жүйелер  толығымен  тар-

деңгейінде бір-бірімен галерея арқылы бірік-

тірілгендігін  айтқым  келеді.  Тұрғын  үй  кор-

пусында  тұратын  оқытушылар  мен  оқушы-

лар,  сондай-ақ,  хореография  академиясына 

келушілер жаяу жүргіншіге арналған галерея 

арқылы  хореография  академиясының  керекті 

бөлігіне  тысқа  шықпай-ақ  бара  алады.  Бұл  - 

әсіресе, қыс кезінде ыңғайлы.  

– жарқын сейтжапарұлы, қазақ ұлттық 

хореография  академиясының  барлық  ғима-

ратының қабатының саны бірдей ме? 

– Әр ғимарат әр түрлі қабаттан тұрады – ба-

лет корпусы төрт қабатты, тұрғын үй корпусы 

тоғыз қабаттан тұрады, оқу корпусы – төрт қабат-

ты, театр - алты қабатты. Алайда, бір қарағанда 

барлық ғимарат бірдей секілді көрінеді. Биіктігі 

жетпей  жатқан  тұстарда  бірыңғай  архитекту-

ралық ансамбль болуы үшін және кешен әдемі 

көрінуі үшін арнайы парапеттер шығардық. 

– ғимараттың сырты немен қапталады? 

– Қасбетті әрлеуге табиғи тас, алюминий 

профильдері,  түрлі-түсті  алюминий  панель-

дері,  қыздырылған  шыны  мен  жабын  эле-

менттері секілді қазіргі заманғы тұтанбайтын 

материалдар  қолданылады.  Плиталар  табиғи 

тастан  бедерлене  отырып  қашап  жасалады. 

Қасбет  бөлігінің  негізгі  материалы  -  витраж. 

Ғимараттың жылу шығынын азайту үшін ішкі 

шыныда энергия үнемдегіш қабат болады. 



– құрылысқа қандай жаңа технологиялар 

немесе материалдар қолданылуда? 

– «БАЗИС» құрылыс компаниясы барлық 

уақытта  қазіргі  заманғы  технологияларды 

пайдаланады.  Мұнда  әлемдік  танымал  және 

өзін дәлелдеген брендтердің барлық қазіргі за-

манғы материалдары қолданылады. «БАЗИС» 

компаниясы  сонымен  қатар,  қазақстандық, 

ресейлік және еуропалық зауыттармен жұмыс 

істейді.  

–  жобаның  архитектурасы  өте  ерекше. 

ғимарат  кешкі  немесе  түнгі  уақыттары  жа-

рықтандырылады ма? 

–  Архитектуралық  жарықтандырылу  мін-

детті түрде болады. Архитекторлардың идеясы 

бойынша  әр  корпус  белгілі-бір  консистенци-

ямен  жарықтандырылатын  болады:  қайсыбір 

детальдарға жарық қатты түсіріледі, қайсыбірі-

не жарық көмескі етіп беріледі. Театрдың әдемі 

колоннадалары мен ғимараттың төбесінің өзіне 

тән жарығы болады. Ғимараттың барлық негіз-

гі кіреберістеріне де арнайы жарық түсірілетін 

болады. Ғимараттың сырты ерекше жарықтан-

дырылады.  Серуендеу  аймағы  үлкендігі  бір 

метрлік, көлік қоятын орындар – бес метрлік, 

жолдар – үш метрлік шамдалдармен жарықтан-

дырылады.  Барлық  жарық  түсіру  аспаптары 

LED  технологиялары  қолданыла  отырып  жа-

салған энергия үнемдейтін құрылғылар.  

Барлығы балалар мен 

оқытушыларға жайлы болуына 

арналған  

– қазақ ұлттық хореография академиясы 

аумағында  денешынықтыру-сауықтыру  ке-

шені болады ма?

2016-шы жылы астанада

бірегей қазақ ұлттық Хореография 

акадеМиясы ашылады 

Әлемдік брендтердің қазіргі заманғы 

қондырғылары 

– жарқын сейтжапарұлы, қазақ ұлттық 

хореография  академиясы  жайында  айтып 

берсеңіз. бұл не нысан? 

–  Қазақ  ұлттық  хореография  академиясы 

9,5 гектар жерді алып жатқан ерекше кешен. 

Мұндай нысандар бір-ақ рет салынады және 

олар ұзақ жылдарға есептеледі. Хореография 

академиясында  бастауыш  жалпы  білімнен 

бастап білім берудің ең жоғарғы сатысы - док-

торантураға  дейін  толық  циклды  білім  және 

тәрбие қызметі жүргізілетін болады. 

Құрылыс  Қазақстан  республикасының 

Мәдениет және спорт Министрлігінің жетек-

шілігімен  жүргізілуде.  Министрлік  жанынан 

Қазақ  ұлттық  хореография  академиясының 

арнайы Мемлекеттік қоры құрылған. Құрылы-

сты осы қор қаржыланыруда. 

Хореография  академиясы  балет  корпусы, 

тұрғын үй корпусы, оқу корпусы, театр ғима-

раты секілді төрт блоктан тұрады. Балет кор-

пусында  төбесінің  биіктігі  6  метрден  асатын 

аумағы әр түрлі 21 балет залы бар. Залдарда 

холлдар  орналасқан.  Оқушылар  сабақтардың 

арасындағы үзілістерде уақытын осында жай-

лы өткізе алады. Ғимараттың функционалдық 

қызметтері  балет  мектебінің  инфрақұрылы-

мына  қойылатын  барлық  қазіргі  заманғы  та-

лаптарға  жауап  береді.  Ғимаратта  медицина-

лық  блок,  киім  ауыстыратын  орындар,  душ 

бөлмелері, арнайы пәндерге арналған сынып-

тар  және  т.б.  бар.  Бұл  жайлардың  барлығы 

оқушылардың серуендеуіне арналған орталық 

ауланы айнала ықшам топтастырылған. 

Екінші блок – тұрғын үй корпусы. Онда 410 

оқушыға арналған жатақхана орналасқан, пе-

дагогтарға арналған 30 қызметтік пәтер, шару-

ашылық және қосымша жайлар бар. Тұрғын үй 

корпусының барлық қабатында демалыс және 

дайындық  бөлмелері,  буфеттер,  тәрбиешілер 

бөлмелері, әкімшілік жайлар және т.б. бар. 

Үшінші блокта оқу корпусы орын тепкен – 

бұл астыңғы және техникалық қабаттары бар 4 

қабатты ғимарат. Академияның негізгі оқу-тәр-

«БАЗИС» құрылыс компаниясы Астанада техникалық шешімдердің күрделілігі, архитектурасы мен функционалдық 

мүмкіндіктері жөнінен баламасы жоқ Қазақ ұлттық хореография академиясын салуда. Қазір құрылыста құрылыс 

саласының 1000-нан астам түрлі мамандары еңбек етуде. Жұмыс күні-түні жүріп жатыр. Нысанды 2016-шы жылдың 

күзінде  тапсыру  жоспарланып  отыр.  Қазақ  ұлттық  хореография  академиясының  құрылысы  мен  функциялары, 

сондай-ақ, осынау ерекше ғимараттың айналасында құрылысшыларымыз тұрғызатын инфрақұрылым жайында 

BN-ге нысанның басқарушы директоры Жарқын Сейтжапарұлы Әлімжанов егжей-тегжейлі айтып берді. 

тылып бітті. Бүгінгі күні уақытша қазандық іске 

қосылған.  Ол  кешенді  жылумен  толығымен 

қамтамасыз етіп отыр. Біз қалалық қызмет су 

құбыры, кәріз бен жылудың сыртқы жүйелерін 

2016-шы жылы салады деп күтіп отырмыз. 



–  бүгінгі  күнге  дейін  не  тындырылды, 

бүкіл  жұмысты  қашан  аяқтауды  жоспарлап 

отырсыздар? 

– Жылдың соңына дейін біз тұрғын үй кор-

пусын  толығымен  салып  бітіруді  жоспарлап 

отырмыз, жиһазды жеткізуші өзі алып келеді. 

Мамыр  айында  оқу  және  балет  корпустары 

бітеді, ғимараттардың қасбетін 2016-шы жыл-

дың қаңтарында аяқтауды ұйғарып отырмыз. 

Желтоқсанда бізде театрдың монолит жұ-

мыстары аяқталды, тағы бір айдан кейін ша-

тырдың металл конструкциялары жұмыстары 

мәресіне  жетеді.  Театр  ғимаратының  қасбет 

жұмыстары сәуірде аяқталады. Театр ғимара-

тындағы әрлеу жұмыстары жылдың бас кезін-

де басталып, тамызға дейін жалғасады. 

2016-шы жылдың мауысымында тапсырыс 

берушіге балет, оқу және тұрғын үй секілді үш 

бірдей  корпусты  тапсырамыз.  Театр  ғимара-

тын қазан айында беру жоспарланып отыр. 

Біз  бір  мезетте  абаттандырумен  де  айна-

лысатын  боламыз.  Маусым  айында  аумақты 

абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын 

бітіреміз. Театрды айналдыра тас төсеуіштер 

төсейміз,  ағаш,  бұта  отырғызамыз,  шағын 

архитектуралық формалар орнатамыз.  Хоре-

ография академиясының аумағына төрт скуль-

птура қойылады. 



– қазір нысанда қанша адам жұмыс істеп 

жатыр?

–  Қазір  нысанда  екі  ауысыммен  барлық 

құрылыс мамандықтарының өкілдері - 1 000-

ға жуық адам жұмыс істеп жатыр. 



– жарқын сейтжапарұлы, егжей-тегжейлі 

жауаптарыңыз  бен  қызықты  сұхбатыңызға 

рахмет! 

BN-нің анықтамасы: 

Жарқын  Сейтжапарұлы  Әлімжанов  – 

Астанадағы Қазақ ұлттық хореография акаде-

миясы құрылысының басқарушы директоры.  

«БАЗИС»  компаниясында  10  жылдан  астам 

уақыт еңбек етіп келеді. Екі бірдей – құрылыс 

және гуманитарлық жоғары білімі бар. 2005-

ші  жылдан  өндірісті  дайындау  бөлімінің 

бастығы  қызметінде  жүріп  компаниямыз 

сол  жылдары  Астанада  салған  барлық  ны-

сандардың  құрылысына  басшылық  жасады. 

Басқарушы  директор  ретінде    фотоэлектрлік 

модульдер  зауытының,  денешынықтыру-са-

уықтыру кешенінің, «КЕГОК» АҚ ғимараты-

ның құрылысымен айналысты. Қазір Жарқын 

Әлімжанов түрлі мақсаттағы төрт ғимараттан 

тұратын  кешенді  -  Қазақ  ұлттық  хореогра-

фия  академиясын  салып  жатыр.  Құрылыс 

аяқталған кезде бұл ғимараттардың барлығы 

ортақ архитектуралық ансамбльге айналады. 

Әлімжановтың  айтуынша,  бұл  нысан  күр-

делілігі жөнінен бір мезетте төрт бірдей КЕ-

ГОКты салғанмен бірдей. 

бие  бағдарламасы  осында  жүргізілетін  бола-

ды. Оқу корпусының құрамына әмбебап спорт 

залы, балалар бассейні, үлкен асхана кіреді. 

Төртінші  корпус  –  театр.  Театр  ғимараты 

жер  телімінің  оңтүстік  бөлігінде  орналасқан. 

Ол академия кешені композияциясын аяқтайды 

және негізгі қасбеті ЭКСПО 2017-ге қарайды. 

Бұл - техникалық жарақтандырылу, безен-

діру,  барлық  жарық  және  дыбыстық  қонды-

рғылар, декорацияға қажетті механизм секілді 

бүкіл  атрибуттары  бар  кәсіби  театр.  Театрға 

көпфункционалды  механикасы,  үш  қабатты 

түсіргіші,  шұңқырлары  бар  кәсіби  сахна  ор-

натылатын болады. Осының барлығы жобада 

қарастырылған.  Құрылысшыларымыз  жарық, 

дыбыс, механика секілді барлық механизмдер 

мен  қондырғыларды  толығымен  орнатады. 

Сахнаның техникасы мен механикасы ең соңғы 

үлгіде болады. Бұл сахнада кәсіби труппалар 

мен  артистер  өнер  көрсететін  болады.  Театр-

дың көрермендер залы 800 орынға есептелген. 



– кешеннің қандай да бір өзгешелігі бар ма? 

–  Барлық  төрт  кешеннің  үшінші  қабат 



жұМысты жақсы көру – 

оны сапалы орындау деген сөз 

«БАЗИС» компаниясына бір келген адам осында ұзақ жылдар тұрақтап қалады. Бір нысаннан кейін бір нысанды 

салып,  жаңа  технологияларды  игереді,  жаңа  құрылыс  материалдарын  қолданады  да  компаниядағы  10,  15,  20 

жылдың қалай өткенін байқамай да қалады. 2-ҚМБ әрлеу участогының бастығы Мұнаждин Мұзапарұлы Кибиров 

«БАЗИСке» осыдан 20 жыл бұрын келген. Бүгінде оның қарамағында 300-ден астам адам бар. 

Кісіге кәсібі ұнаса 

– Мұнаждин Мұзапарұлы, «базис» ком-

паниясында  еңбек  етіп  келе  жатқаныңызға 

жиырма  жыл  болды.  біздің  компаниямы-

здағы еңбек жолыңыз қай нысаннан бастал-

ды? 

–  Менің  жұмыс  істеп  бастаған  алғашқы 

нысаным – Медеуге барар жолда орналасқан 

«Алмалы»  (коттедж  кешені  1997ж.  –  авт.). 

Кейін Фурманов пен Әл-Фараби көшелерінің 

қиылысындағы «Триумф» тұрғын үй кешенін 

салдық.  Шамамен  екі  жылдай  Ыстықкөлде 

жұмыс істедік – компаниямыз президент ши-

пажайын салды. 

Астанаға  жасаған  іссапар  әлі  күнге  дейін 

есімде  –  қаржы  Министрлігінің  ғимаратын 

тұрғыздық,  одан  кейін  Шұбарда  коттедждер 

салдық.  Есілдің  жағалауында  тұрғын  үй  ке-

шенін салдық, Алматыға оралып «Солнечная 

долина»  тұрғын  үй  кешенінің  құрылысына 

кірістік.  Осы  тұрғын  үй  кешенінің  жанынан 

коттеджді  қалашық  тұрғыздық.  Құрманғазы 

көшесінің  бойында  (Бейбітшілік  көшесінің 

қиылысы)  салынған  тұрғын  үй  кешенінің 

құрылысына  атсалыстым,  Абай  мен  Чайков-

ский  көшелерінің  қиылысында  үй  салдық. 

Жақында Сүлейменов көшесінің бойында ор-

наласқан «Мирный» тұрғын үй кешенін пай-

далануға  бердік.  Тамыз  айынан  бері  2-ҚМБ-

нің жігіттерімен бірге 12 000 орындық Мұзды 

аренада жұмыс істеп жатырмыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет