МықтыбекоВтер астананы біліктілігі
һәМ алғырлығыМен бағындырды
Біздің компаниямызда Астанада ағаш ұсталары – ағайынды Мықтыбековтер еңбек етеді. 15 жыл бұрын компани-
ямызға Әлімхан Мықтыбеков жұмысқа орналасқан болатын, оның артынан құрылысқа бауырлары Нұрмахан, Ер-
махан және Қадырхан келді. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін оларға Қадырханның үлкен ұлы Әлихан да келіп
қосылды. Қазір олар барлығы бір бригадада Әлімханның жетекшілігімен жұмыс істеп жатыр – күрделі төбелер
жасайды, «БАЗИС» компаниясы тұрғызған ғимараттарда атриумдар салады. Мықтыбековтер кез-келген күрделі
конструкциялар бойынша мәселелерді шеше алады. Олар кез-келген істе бірін-бірі арқа тұта алады және жұмы-
старын сапалы атқарады. Барлығы да – нағыз біліктілер, отбасы қамын ойлаған қамқор әке.
Өз орнын құрылыстан тапты
Ағайынды Мықтыбековтер Оңтүстік Қа-
зақстан облысы Мақтаарал ауданының ту-
масы. Барлығы да сол жақта жүріп жоғары
білім алды. Әлімхан Астанаға 1999-шы жылы
келді, біраз уақыттан соң «БАЗИСке» ағаш
ұстасы болып орналасты. Кейін Әлімханның
ел ордасында тұрақты жұмыс істеп, қомақты
жалақы алып жүргенін көрген бауырлары да
келе бастады.
«Мен «БАЗИС» компаниясында 2000-шы
жылдан жұмыс істей бастадым. Бастапқыда
мұнда алматылық бригадалар жұмыс істеді,
оларға біз жергілікті адамдар ретінде қосыл-
дық. Алғашқы уақытта Ступченконың бри-
гадасында жұмыс істедік. Кейін компания
үлкейіп, жаңа бригадалар құрыла бастады
да 2003-ші жылдан бері ағаш ұсталарының
бригадирі болып істеймін», – дейді Әлімхан
Мықтыбеков.
«Мен, менің бауырларым мен бізбен бір-
ге жұмыс істейтін немере інім барлығымыз
бесінші дәрежелі ағаш ұсталарымыз және бір
бригадада еңбек етеміз. 2003-ші жылы «БА-
ЗИСке» кіші інім Нұрмахан жұмыс істеуге
келді, 2004-ші жылы бізге Ермахан қосылды,
2005-ші жылы бригадамызға ең үлкен ағамыз
Қадырхан келді, ал, 2010-шы жылы бізге не-
мере інім Әлихан қосылды», – дейді Әлімхан
Мықтыбеков өз отбасының тарихы жайында.
Ағайынды Мықтыбековтердің барлығы-
ның және немере інілерінің білімі жоғары:
екеуі денешынықтыру және спорт факультетін
бітірген, бірінің ауыл шаруашылығы саласы
бойынша білімі бар, немере інісі – заңгер. Тек
Әлімхан Мықтыбеков қана құрылыс бойынша
білім алған.
«Барлығымызды тартқан бір-ақ нәрсе:
«БАЗИС» компаниясындағы тұрақты жұ-
мыс пен уақытында берілетін жалақы. Сон-
дықтан да барлығымыз бірге компанияда
бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жа-
тырмыз. Егер де мұнда тұрақтылық болмаса,
осындай үйлесімді, ұжымдық жұмыс болма-
са барлығы жан-жаққа тарап кететін еді», –
дейді Әлімхан.
Жұмыста отбасы қалай көмектеседі
Қадырхан, Әлімхан, Нұрмахан, Ермахан
ағайынды болса да әрқайсысының мінезі әр
түрлі. «Үлкен ағамыз Қадырханның мінезі
ауыр. Ол көп сөйлегенді жақтырмайды, бірақ,
жұмысын жақсы істейді. Есіктерді, күрделі
МДФ-тарды орнатады, ағаш өнімдерін жасай-
ды. Одан кейін жасы үлкені – мен (Әлімхан),
менен кейін Нұрмахан. Ол күрделі төбелердің
монтажына жауапты. Оған мен ең ауыр жұ-
мысты сеніп тапсыра аламын, ол оны атқа-
рып шыға алады. Ол тез ойлайды, кез-келген
жағдайдан шығудың жолын тез табады және
жұмыс бойынша кез-келген міндеттің дұрыс
шешімін шұғыл ұсына қояды.
Ермахан жұмысты тез істейді. Өте жауапты
адам. Әлихан – біздің немере ініміз, қазір бри-
гадамыздың 10 мүшесімен бірге «Зүбаржат
кварталдың» 44-ші қабатында түнгі ауысым-
ның жетекшісі болып істеп жатыр. Бұған қоса,
ол прорабымыз және участок бастығы Сәуле
Исмағамбетованың көмекшісі. Сәуле – қатал
әрі талапшыл прораб, сондықтан, онымен қа-
тар жұмыс істеу оңай емес әрі қызықты да.
Көп нәрсені үйренуге болады», – дейді Әлім-
хан бауырлары мен немере інісі жайында.
Бастысы – тұрақтылық пен сенім
Ағайынды Мықтыбековтер – өмірден өз
орнын тапқан және тұрақтылықтың бағасын
білетін адамдар. Олар отбасылы және ба-
ла-шаға өсіріп отыр. Қадырханның үш баласы
бар. Үлкен ұлы әкесінің жолын қуып, қазір бір
бригадада бірге ағаш ұстасы болып істеп жа-
тыр. «Негізі оның мамандығы – заңгер, бірақ,
құрылысты таңдады – бригадамызға ағаш
ұстасы болып жұмысқа орналасты», – дейді
Әлімхан немере інісі туралы. Айтпақшы, ол
жақында үйленді.
Әлімхан Мықтыбековтің шаңырағында үш
бала өсіп келеді. Барлығы мектепке барады.
Үлкен ұлы – 18-де.
Ермаханның төрт баласы бар – екі ұл, екі
қыз. Үлкен ұлы 8-де, кіші қызы жақында ғана
дүниеге келді. Ермахан домбыраны жақсы
шертеді. Әрбір отбасылық мереке, барлық
туған күн оның ән-жырынсыз өтпейді.
Нұрмаханның отбасында үш бала бар.
Қызы төртінші сыныпқа барады, үлкен ұлы
екінші сыныпта оқиды, ал, кішісі дайындық
сыныбында.
Айтпақшы, Нұрмахан мен Ермахан «Жас
отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша
Астанадан баспана алды. Бос уақытта ағайын-
дылар жиналып, өздеріне үй салуда.
Олардың арсеналында 25-тен астам
нысан бар
«БАЗИС» компаниясында жұмыс істе-
ген жылдары Мықтыбековтер компаниямыз
Астанада салған нысандарға көп еңбек сіңірді.
Олардың арсеналында 25-тен астам нысан
бар: «ҚазМұнайГаздың», Сбербанктің, цесна-
банктің, «Нұр Отанның» кеңселік ғимараты,
«Зүбаржат квартал», «Азия», КЕГОК, «Су-
лы-жасыл желек жолы» бизнес-орталықтары,
«Астана Жұлдызы», «Престиж», «Жансая»,
«Нұрлы Дала», «Астана триумфы», «Француз
орамы», «Солтүстік шұғыласы», «Салтанат-
ты», 3 ГА тұрғын үй кешендері, «Мега Астана»
СОО, «Шабыт» шығармашылық сарайы, «Ду-
ман» қонақүй кешені, Хилтон қонақүйі, фотоэ-
лектрлік модульдер зауыты, хореография Ака-
демиясы, ЕХрО нысандары және басқалары.
«Біз компаниямыз Астанада тұрғызып
жатқан барлық нысандарда атриумдар жа-
садық. Атриумдардағы барлық күрделі, қа-
шалған өрнектер, күрделі төбелерді біздің
бригада жасаған. Біздің жұмыстарымыздың
бір мысалы – «Астана триумфындағы» атри-
ум», – дейді ағайындылар. Мұндай төбелерді
жасау – көп еңбекті талап ететін ауыр, жауап-
ты да шығармашылық жұмыс.
Қазір Әлімхан Мықтыбековтің бригада-
сында 40 адам еңбек етуде. Ол адамдарды
бригада барлық өзінің жұмысын сапалы әрі
уақытында атқарып үлгеретіндей етіп бөледі
– Әлиханның немере інісі «Зүбаржат кварта-
лында», ағайынды Ермахан мен Нұрмахан
хореография Академиясында, үлкен ағалары
Қадырхан «Қалалық романста», Әлімханның
өзі – «Салтанаттыда» жұмыс істеп жатыр.
Ағайындылардың бір бригадада істеуінің
олардың жұмысына көмегі бар. «Мен брига-
дирмін, бауырларым мен немере інім маған қат-
ты көмектеседі. Мен кез-келген істе оларға арқа
сүйей аламын. Оларды түрлы нысандарға бөліп
тастаймын, себебі, ол жерде менің бауырла-
рымның бірі немесе немере інім болатын болса
– барлығы жоғары дәрежеде жасалатынына се-
немін», – дейді Әлімхан. Қазір оның бригадасы
компаниямыз Астанада салып жатқан барлық
нысандарда дерлік жұмыс істеп жатыр.
Қатал бригадирдің дана шешімдері
Кез-келген істегі секілді құрылыстың да өз
қиындықтары бар. Бригадирдің міндеті – бар-
лығына да тиімді оңтайлы шешім табу.
«Қазір біз «Зүбаржат кварталдың» 42-ші
қабатында жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыстың
күрделілігі сол, 45-ші және 43-ші қабаттарға
адамдар орналасқан – онда адамдар жұмыс
істеп жатқан кеңселер бар. Ешкімге кедергі
келтірмес үшін бригадамыздан 10 адам түн-
гі ауысымда жұмыс істейді. Жұмыстан кейін
бүкіл бригададағы 30 адам осында келіп әріп-
тестерімізге көмектесеміз. Уақыт тақалып,
жұмыс күші жетпей жатқанда тығырықтан
осылай шығамыз», – дейді Әлімхан.
Ағайындылар жеңіл салынатын нысан
болмайды дейді, барлық жерде өзіңнің білік-
тілігіңді, командада жұмыс істей алу, бас-
шылық жасау, тәртіп пен жауапкершілік секіл-
ді қабілеттеріңді іске қосуың керек.
«Салынып біткен нысандардың ішінде
маған ең ұнайтыны әдемі әрі Астанадағы та-
нымал нысан – «Астана триумфы». Біз онда
ішкі жұмыстарды атқардық. Онда 600 кең пә-
тер бар. Кешеннің үлкендігі сондай оған тұтас
бір кеңшарды сыйғызуға болады. Әр пәтердің
төбесі мен атриумдарды жасадық», – дейді
Әлімхан Мықтыбеков.
«2001-шы жылы біз Астанадағы Дөңгелек
алаңда орналасқан «ҚазМұнайГаз» ғимара-
тында дөңгелек төбелерді жасадық. Бәйтерек
енді салынып жатқан – онда дәнекерлеушілер
күні-түні жұмыс істеді. 2003-ші жылы біз
«Жансая» мен «Нұрлы Даланың» үйлерінің
төбесін жасадық. Мен Астанаға 1999-шы
жылы келгенімде мұнда ештеме де жоқ бола-
тын. Қазір Бәйтерек тұрған жерде ескі әуежай
бар еді. ұшақтар ұшатын. Ал, қазір қала таны-
мастай өзгерген. Егер түнде қалаға «Зүбаржат
кварталдың» 44-ші қабатынан көз тастай-
тын болсаңыз, түнгі қаламыздың тіл жетпес
сұлулығын көруге болады», – дейді Әлімхан
Мықтыбеков.
Отбасы алдындағы жауапкершілік
Ағайынды Мықтыбековтер Астанаға алғаш
көшіп келгенде барлығы бірге бір пәтерде тұр-
ды. Кейін жігіттер үйлене бастады да жеке үй
қамын ойластыруға кірісті. Әлімхан барлық
бауырларын қолдауға, қандай да бір мәселелер
бойынша ақыл-кеңесін айтып, шешімін табуға
көмектесуге тырысады. Әлімхан Мықтыбеко-
втің өзі отбасының берік болғанын дұрыс санай-
ды, бауырларының отбасында өзара түсіністік
пен татулық болғанын қалайды. «Мен отбасын-
да үлкеннің қызметін атқарамын. Бала кезімде
бауырларымның ішіндегі ең тентегі болдым,
ата-анамды тыңдамайтынмын. Ал, Астанаға
келгеннен кейін және менің соңымнан бауыр-
ларым келе бастағаннан соң отбасының үлкені-
не айналдым. Ата-анамды түсіне бастадым»,
– дейді Әлімхан Мықтыбеков. Әлімханның
бригадасын отбасылық деп атауға болады. Се-
бебі, онда Әлімхан мен оның бауырлары өскен
ауылдан келген адамдар көп. Барлығы да туы-
стар, оның ел ордасына орналасып, беделді, ірі
компанияда жұмыс істеп жатқанын біліп, оған
өздерінің ержеткен балаларын жібере бастаған.
Әлімхан бұл адамдардың барлығының алдын-
дағы жауапкершілігін сезеді және олардың
құрылыста да, өмірде де өз орындарын табуына
қолұшын беруде. Ол сонымен қатар, «БАЗИС»
компаниясының алдындағы жауапкершілігін де
түсінеді және бауырлары мен немере інісінен
өздерін үнемі жетілдіріп, шеберлігін шыңдап
отыруларын талап етеді. Ол жыл өткен сайын
өмірлік тәжірибең жинақталып қана қоймай-
ды, сонымен қатар, бауырларыңның алдын-
дағы жауапкершілігің де күшейеді дейді. Қазір
ағайындылардың өз отбасылары, өз баспана-
лары бар. Өздерінің жеке көліктерімен жүреді.
Сенімді жұмысы мен тұрақты табысы бар.
Еңбегі үшін ағайындылар «БАЗИС» компани-
ясы басшылығынан алғыс хаттар мен алтын
мақтау қағаздарын алып жүр. Мықтыбековтер
бригадасы жиі айдың үздік бригадасы атанады
және біз олардың фотосын рейтингімізде қуана
шығарамыз. Мықтыбековтер әулеті өздерінің
келешек өмірі мен қызметін әрине, «БАЗИС»
компаниясымен байланыстырады.
25
BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016
24
МЕН ЖӘНЕ МЕНІң ОТБАСЫМ
тұрақтылық пен сеніМділік –
табыстың басты өлшеМі
Компанияда көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан отбасы – жұмыс берушінің сенімді екендігінің ең дәл көр-
сеткіші. Бүгін біз Келдібай Мұхамадиевтің отбасы жайында айтпақпыз. Ол компаниямызда жұбайы Гүлнәзира
Әнуарбек пен інісі Қайрат Мұхамадиев үшеуі жиырма жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді. Бүгінде бұл отбасы
Универсиада 2017-нің билік пен бұқаралық ақпарат құралдарының назары ауып отырған ең маңызды нысаны –
Алматыдағы 12 000 орындық Мұзды аренада еңбек етуде.
«БАЗИС» компаниясымен бірге өсіп
келеміз
Ерлі-зайыпты Келдібай мен Гүлнәзираның
компаниямызда еңбек етіп келе жатқанына
18, Келдібайдың бауыры Қайраттың жұмыс
істеп жатқанына – 11 жыл болды. 1992-ші
жылы Келдібай әскерге кетті. Подмосковье-
де Одинцово қаласында қызмет етті. Әскерде
құрылыс батальонына түсті, ол жерде керекті
білім алып, құрылыс саласын ұнатты. Әскер
қатарынан оралғаннан кейін жұмыс іздеп Ал-
матыға келді. 1995-ші жылы отбасын құрып,
жұбайы екеуі «БАЗИС» құрылыс компаниясы-
на жұмысқа орналасты.
Гүлнәзира Әнуарбек Семей политехни-
калық колледжін бітірді. «Тамақ өнеркәсібін-
де жұмыс істеймін деп ойлағанмын, алайда,
құрылыс компаниясына жұмысқа тұрғаннан
кейін бұл сала мені өзіне баурап алды. Енді
құрылыс саласынан кету ойымда жоқ. Маған
адамдармен жұмыс істеген ұнайды, адамдар-
мен араласқан ұнайды», – дейді Гүлнәзира
ағынан жарылып.
Гүлнәзира құрылысқа 1995-ші жылы бо-
яушы болып келді. Еңбек жолын Тамара цы-
ганкованың бригадасында бастады. 2007-ші
жылы оны бояушылар бригадирі етіп тағай-
ындады, сол жылы ол құрылыс колледжін
сырттай оқып бітірді. 2014-ші жылы ол №4
ҚМБ прорабы болды. Жазда Гүлнәзира компа-
ниямыз рысқұлов даңғылында салып жатқан
айырымда істеді. «Жігіттер айырымда негізі-
нен әрлеу жұмыстарын атқарды – тірек қабы-
рғаларды, бағаналарды бояды», – дейді Гүл-
нәзира Әнуарбек. Қазір оны 2017-ші жылғы
Универсиаданың ең үлкен, күрделі де әдемі
нысаны – Алатау ауданындағы 12 000 орын-
дық Мұзды аренаға ауыстырды.
«БАЗИС» компаниясында жұмыс істей
бастаған алғашқы жылдары Гүлнәзира Пид-
жимге, Ақтауға, Жезқазғанға іссапармен бар-
ды. Прораб болып жүрген кезінде Қоскөл мен
Сексеуілдіде істеді. Табысты мансап жасай
жүріп ол компаниямыз Алматы мен Қазақстан-
ның басқа да қалаларында салып жатқан бар-
лық нысандарында жұмыс істеп үлгерді.
«Маған Пиджим мен 29-шы орамда жұмыс
істеген қатты ұнады. Қазіргі ең қызықты да
күрделі нысан – Мұзды арена. Біздер, прора-
бтар, бригадалардың нысандардағы жұмыста-
рын ұйымдастырамыз. Бригадалардың қажет-
ті құрылыс материалдарын дер кезінде алуын,
жоспарланған жұмыс көлемін орындауын қа-
дағалаймыз, барлығының жақсы табыс тапқа-
нын бақылаймыз. Қазір бүкіл жұмысшыны
Мұзды аренаға ауыстырды. Жаңа жылға дей-
ін қыруар жұмыс атқаруымыз керек», – дейді
Гүлнәзира Әнуарбек. Тартымды да сүйкімді
Гүлнәзира кез-келген құрылысшымен ортақ
тіл табысады.
Гүлнәзираның жолдасы Келдібай Мұха-
мадиев бастапқыда тас қалаушы, кейін сы-
лақшы-бояушы болып істеді, қазір №2 ҚМБ-
да әрлеушілер бригадирі. Ерлі-зайыптылар
бір қыз, бір ұл тәрбиелеуде. «ұлымыз 15-те.
Музыкамен әуестенеді – гитарамен ән салады.
Қызымыз колледжде оқиды әрі ағылшын тілі-
нен сабақ береді», – дейді Гүлнәзира балалары
жайында.
Прорабымыз отбасының бір компанияда
жұмыс істеуі ыңғайлы екенін айтады. «Үйде
де әңгімеміз таусылмайды. Жұмысқа бірге
келіп, үйге бірге қайтамыз», – дейді Келдібай-
дың жұбайы.
Нағыз басшы қандай болуы тиіс
Басшының қандай болуы керектігі жөнін-
дегі сауалға Гүлнәзира «Біріншіден, нағыз
бригадир, басшы адамдармен сөйлесе алуы
тиіс, барлығымен тіл табыса алуы керек.
Екіншіден, адамдардың жайын ойлау керек.
Жұмысты адамдар жақсы жалақы алатындай
етіп ұйымдастыруға тырысу қажет» деп жауап
береді.
Гүлнәзира құрылыста әйел адамға кейде
ауыр болатынын жасырмайды, алайда, өзінің
тәжірибесінің арқасында кез-келген жағдай-
дан абыроймен шығып кете алады. «Бастапқы
кезде прораб болып істеу аздап қорқынышты
болатын, бірақ, қолымнан келетінін көргеннен
кейін үйреніп кеттім. Егер әлденеден қауіп-
тенсең немесе қандай да бір күдік туса – ҚМБ
бастығы Анна Денисовнаға немесе Сәбит
Керімұлына барсаң олар барлығын түсіндіреді,
көмектеседі. Мен мұны қатты бағалаймын».
Гүлнәзираның айтуынша, өзінің мінезі қа-
тал. «Мінезім қатты. Егер де маған қандай да
бір тапсырма беретін болса, оны уақытында
және өте сапалы орындаймын. Барлығын та-
лапқа сай жасауға тырысамын және басқалар-
дан да соны талап етемін. Балаларды да қатал
тәрбиелеймін».
Дарынды адам барлық істе де дарынды деп
тегін айтылмайды. Гүлнәзира он саусағынан
өнері тамған шебер, қолы бос уақытта тоқыма-
мен айналысады, декоративті ағаштар (топиа-
рий) жасайды, түрлі кәдесыйлар істеп, туыста-
ры мен достарына сыйлайды. «Қолөнер ауыр
жұмыс күнінен кейінгі шаршауыңды басады»,
– деп түсіндіреді өзінің бұл қызығушылығын
Гүлнәзира жымия отырып.
Отбасы өзінің болашағын әріптестерінің
басым бөлігі секілді компаниямен байланы-
стырады. «Біздің болашаққа деген жоспары-
мыз «БАЗИС» компаниясымен байланысты.
«БАЗИС» көркейе берсін, ал, біз осында жұ-
мыс істеп, компаниямен бірге өсіп-өнетін
боламыз», – дейді Гүлнәзира күлімсіреп.
Айтпақшы, ерлі-зайыптылар жылдар бойғы
жұмысы барысында компания басшылығы
атынан күмістен бастап алтынға дейін көпте-
ген мақтау қағаздарына ие болған.
Білікті адам үнемі ізденіс үстінде
болады
Гүлнәзираның жолдасы Келдібай Мұ-
хамадиев компаниямызда 1997-ші жылдың
соңынан жұмыс істей бастады. «Мені бірден
Астанаға Қазақстан респуликасының қаржы
Министрлігінің ғимаратын салуға іссапарға
жіберді. «БАЗИС» компаниясындағы манабым
Астанада басталды деуге болады. Онда біз бес
жыл болдық – қаржы Министрлігінен кейін 120
пәтерлік тұрғын үй кешенін, көлік және бай-
ланыс Министрлігінің ғимаратын тұрғыздық.
Сонан соң Алматыға оралдық. Компаниямыз
салып жатқан барлық нысанның құрылысына
қатыстым деп нық сеніммен айта аламын», –
деп еске алады Келдібай Мұхамадиев.
«Алғашқы бес жыл ағаш ұстасы болып
жұмыс істедім. Шамамен 2002-ші жылы сы-
лақшы-бояушы мамандығына ауыстым да
содан бері осы мамандықты атқарып келемін.
Үш жылдан аса уақыт бұрын бригадир болып
тағайындалдым», – дейді Келдібай Мұхамади-
ев. Оның айтуынша, компаниядағы мансабын
асықпай жасаған, себебі, құрылыс саласының
өзінің қыр-сыры бар.
«Әуелі мен үйренуші болдым, кейін жұ-
мысшы болдым, одан соң мамандығым бой-
ынша дәрежелерге ие бола бастадым – екі жыл
жұмыс істеп, екінші дәреже алдым. Тағы екі
жылдан кейін – үшінші дәрежеге ие болдым.
«БАЗИС» компаниясында жұмыстың сапасына
ерекше көңіл аударылады. Мен барлық кезең-
нен, сапаны бақылаудың барлық түрінен өтіп,
төртінші дәреже алдым, тағы біраз уақыт өт-
кеннен кейін маған бесінші дәреже берді. Бұл –
ең жоғарғы дәреже болып саналады. «БАЗИС»
компаниясындағы 1997-ші жылдан осы күнге
дейінгі 18 жылдық еңбек жолым осындай. Бри-
гадир болып жұмыс істеп жатқаныма үшінші
жыл», – дейді Келдібай Мұхамадиев.
Келдібайдың айтуынша, компанияда жұ-
мыс істеген жылдардың барлығында оның
өмірінде тұрақтылық үстемдік құрып келеді.
«Бізде барлық уақытта жақсы жұмыс бар. Жа-
лақыны уақытында береді, жақсы табамыз –
дән ризамыз», – дейді ол ағынан жарылып.
Жұмыс істеген жылдары Келдібай Мұха-
мадиев шәкірттердің бірнеше буынын өсіріп
шығарды. «Компанияға жұмысқа тұрып жата-
тын жігіттердің барлығының бірдей құрылыс
бойынша жұмыс тәжірибесі бола бермейді.
Әлбетте, оларды үйрету қажет. Оларға қай жұ-
мысты қалай атқару керектігін күн сайын көр-
сетіп отыру керек. Әр адам өзін, қолынан не
келетінін көретеді. Бір жыл, екі жылдан кейін
оның не істей алатыны, болашағы бар ма жоқ
па, қаншалықты қабілетті және зерек, осының
барлығы анықталады. Компания өсуге және да-
муға мүмкіндік жасап отыр, барлығы адамның
өзіне байланысты. Мәселен, менің ұстазым –
Мүсілім Топашев Мұзды аренадағы участок
бастығы», – дейді Келдібай өзінің қажырлы да
еңбекқор тәлімгерін мысалға келтіріп.
«Біздің жұмысымыздың ерекшелігі сол,
адам аз уақыттың ішінде мамандықтың бар-
лық бүге-шүгесін бірден ұғына қоймайды.
Барлық қыр-сырын түсініп, қолын жаттықты-
рып, жұмыс істей алуы үшін кемінде бір жыл
уақыт кетеді», – дейді Мұхамадиев.
«Бір жылдан аса уақыт бұрын компания
перлитті сылаққа арналған арнайы машина
сатып алды. Онымен үйдің төбесін сылау өте
ыңғайлы. Жеңіс Нұрбосынұлына үлкен рах-
метімді айтамын – ол машинаны маған сеніп
тапсырды. Біз оның сенімін ақтауға тырыса-
мыз», – дейді Келдібай Мұхамадиев.
Достарыңызбен бөлісу: