Әуелі оқу – сонан соң өнер
Әлі бала болса да Милана ненің маңызды
екенін біледі – мектепте сабақ басталғалы ол бар
күшін оқуға бағыттап жүр. Айтпақшы, өзінің
айтуынша, Милананың анасы да, әжесі де су-
ретті жақсы салады екен. Сурет салу мен шығар-
машылық қабілеттері солардан келсе керек.
«Милана менің жалғыз қызым және
жалғыз көмекшім. Жақсы оқуға тырысады, су-
ретті жақсы салады. Өте мейірімді және ерке.
Отбасымыздағылардың барлығы ұстамды,
көңіл-күйін аса сездіре бермейді, ал, Милана
керісінше, өзінің сезімдері мен көңіл-күйін
жасырмайды. Апасы мен атасын қатты жақсы
көреді.», – дейді Милананың анасы Татьяна
Турта.
Мектепте түрлі мерекелердің қарсаңында
(8 Наурыз, 7 мамыр, Жаңа жыл) Милана түрлі
суреттер салып, қолдан бұйымдар жасап, ана-
сы мен әжесіне сыйлайды.
«Милана бала кезінде көп сурет салатын,
оларды апасы мен әжесіне және маған тар-
ту ететін. Сондай-ақ, ол суреттерді туған күн
немесе мерекелерде сыйлайтын», – дейді қы-
здың анасы.
Болашақта кім болғысы келетіні туралы
сұраққа Милана ұяла күлімсірейді. «Мила-
на жануарларды қатты жақсы көреді, бала
күнінде мал дәрігері боламын дейтін. Біз оны
спортқа ден қоятын шығар деп ойлағанбыз,
алайда, әзірге спортпен түбегейлі айналысуға
сабағы мүмкіндік бермейді. Қазір көркем гим-
настика дәрістерінің басталуын күтіп жүрміз»,
– дейді Татьяна.
Сурет салу мен гимнастикамен шұғылда-
нумен бірге Милана үш бірдей – қазақ, ағыл-
шын және француз тілдерін үйренуде. «Маған
бәрінен бұрын француз тілі ұнайды. Өте әдемі
тіл», – дейді Милана.
Біз Милананы, Татьянаны және оның от-
басын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтай-
мыз және олардың барлық арман-тілек-
терінің орындалуын тілейміз!
Біздің компаниямызда сүйкімді де дарынды ұл-қыздарды тәрбиелеп отырған білікті де
шығармашыл адамдар еңбек етеді. Бүгін біз 11 жасар Милана Бекенова жайында айтпақпыз. Ол
сурет салады, шет тілдерін үйреніп жүр, көркем гимнастикамен шұғылданады. Анасы – Татьяна
Турта компаниямыздың Астанадағы кеден бөлімінде 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Қызын қатты
жақсы көреді және оның барлық қызығушылығы мен хоббиін жан-жақты қолдап келеді.
балаларыМыздың
жаңа жылдық ертегісі
Жаңа жыл қарсаңында «БАЗИС» компаниясының Астана мен Алматыдағы филиалдарында «Жаңа жылдық ертегі» атты
балалардың қолдан жасалған бұйымдар көрмесі өтті. Көрмеге 2 мен 12 жас аралығындағы Алматыдан 110 бала және
Астанадан 235 бала қатысты. Осынау ертегі көрмесінде қандай кейіпкер болмады десеңізші!
Көрме – корпоративтік мәдениеттің
бір бөлігі ретінде
Балалар шығармашылығының көрмесі Ал-
матыдағы «Нұрлы-Тау» көпфункционалды ке-
шенінің бірінші қабатында және Астанадағы
«Сулы-жасыл желек жолы» бизнес-орталығы-
ның бірінші қабатында өтті.
«Жаңа жылдық ертегі» қолдан жасалған
бұйымдар байқауына «БАЗИС» компаниялары
тобының компанияның Алматы мен Астана-
дағы бөлімшелері мен филиалдары қызметкер-
лерінің балалары қатысты. Қолөнер жұмысы
баланың ұсақ моторикасы мен фантазиясын
дамытуға ықпал етеді, сонымен бірге, бірле-
скен шығармашылық ата-аналар мен балалар-
ды топтастырып, үйдегі ахуалға оң әсер етеді.
«Ата-аналардың күнделікті тірліктен бір сәт
арылып, балаларына көңіл бөлгенін қаладық»,
– дейді «БАЗИС» ҚК Алматыдағы филиалы-
ның қызметкерлермен жұмыс жөніндегі дирек-
торының орынбасары лаура Қадырбаева.
«Балалардың қолдан жасалған бұйымда-
рының көрмесі корпоративтік мәдениеттің бір
бөлігі болып табылады», – деп түсіндірді өз
кезегінде Астанадағы сауда және жарнама Де-
партаментінің бастығы Валерия Юдина.
«Корпоративтік мәдениетті дамыту аясын-
да барлығы асыға күтетін және дайындалатын
спартакиадалар, «Жаз бояулары» мерекесі,
түрлі балалар байқаулары өткізіліп тұрады.
Қолдан жасалған бұйымын көрмеге берген
балаға сыйлық тапсырған кезде ол қатты қуа-
нады. Көрмеге қатысқан барлық бала ата-ана-
ларының қызметкерлерін бағалап қана қоймай
өздерін де ұмытпайтын компанияда жұмыс
істейтінін түсінеді», – дейді Валерия Юдина.
Соңғы жылдары «БАЗИС» компаниясын-
дағы корпоративтік мәдениеттің деңгейі бір-
неше есе көтерілгенін атап өткен жөн.
«Өткен жылы барлығы 130 сурет болды,
бізге желі қызметкерлерінен балалардың қол-
дан жасалған бұйымдарын алу қиын болатын,
ал, биыл нағыз ажиотаж болды – көрмеге қол-
дан жасалған 235 бұйым қойылды. 2015-ші
жылдың соңы айтарлықтай ауырлау болғаны-
на қарамастан әріптестерімізден үлкен қолдау
таптық. Бұл – жыл бойы жүргізген жұмысы-
мыздың нәтижесі», – деді Валерия Юдина.
Балалардың қолдан жасалған
бұйымдары бізге мереке сыйлады
Егер Астанада адамдар балалардың ең-
бектерін тамашаласа, Алматыда біздің кейбір
әріптестеріміз тіпті, ұнаған бұйымдарын аз-
даған ақшаға болса да сатып алып жатты.
«Біз бағасын қойған жоқпыз, әріпте-
стеріміз бұйымдарды 200, 500, 1000 теңгеден
сатып алды. Балалардың қолынан шыққан ең
қымбат бұйым Александр Дворук жасаған Аяз
Ата мен ертегі кейіпкерлері бар үйшік болып
шықты. Оны 3 000 теңгеге сатып алды. Ар-
зыгул Аршидинованың ұлы Альтаирдың бұй-
ымы 2000 теңгеге сатылды. «Жәрмеңкеден»
барлығы шамамен 13 000 теңге жиналды. Бұл
ақшаға біз балаларға қосымша сыйлықтар са-
тып алдық», – дейді лаура Қадырбаева.
Әр бұйымға балаларымыздың қолының
жылуы сіңген.
«Балалар байқаудың қашан өтетінін сұрап,
дайындалуда, алдын-ала композициялар ойла-
стыруда. Балақандардың «БАЗИС» компани-
ясының патриоттары болып өсіп келе жатқа-
нын байқадым. Қызым өзінің бұйымын жасап
жатқан кезде компаниямыздың логотипін пай-
далануды ұсынды. Балалардың қолдан жа-
саған бұйымдарының энергетикасы мен ау-
расы өте жағымды, олар өмірді жарқын ете
түседі және оң эмоциялар сыйлайды. Осындай
көрме арқылы біз үшін әр қызметкердің қым-
бат екенін тағы бір аңғартқымыз келді», – дей-
ді лаура Қадырбаева.
Әр жұмыс тартымды әрі өзгеше болды.
Адамдар тоқтап, столдарды айнала жүріп, ба-
лалардың бұйымдарын қызыға қарап, елжірей
күлімсіреп жатты.
«Балалар мен ата-аналардың бірлескен ең-
бегі мерекелік көңіл-күй туғызды деп ойлай-
мын», – деді Валерия Юдина.
«Шығармашылық байқауына қатысқан әріп-
тестерім мен олардың балаларына алғысымды
білдіремін. Барлығына мықты денсаулық пен
бақытты балалық тілеймін. Балалар тіл алғыш
және табысты болсын. Ата-аналарына табыс пен
барлық істе сәттілік және оптимизм тілеймін!»,
– деді «БАЗИС» ҚК Алматыдағы филиалының
қызметкерлермен жұмыс жөніндегі директо-
рының орынбасары лаура Қадырбаева. Көрме
аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар «БА-
ЗИС» компаниясының сыйлықтарына ие болды.
(Басы. Соңы 19 бетте)
15
BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016
14
БІЗДІң БАлАлАрЫМЫЗ
құрылыс калейдоскопы: екінші
жарты жылдық қорытындысы
«БАЗИС» құрылыс компаниясының өтіп бара жатқан 2015-ші жылдағы қызметін қорыта отырып мақтан тұтар
дүниелеріміз бар деп сенімді түрде айта аламыз! Осы кезең ішінде құрылысшыларымыз Алматы, Астана, Талдықорған,
Қорғас, Жезқазған, Сексеуілді және Қазақстанның өзге де өңірлерінде түрлі мақсаттағы 22 нысанда еңбек ете отырып
ауқымды жұмыстар атқарды!
«Royal Gardens» – Іле Алатауы
баурайындағы курорттағы өмір
Мамыр айының соңында Royal Gardens
тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің құрылы-
сы аяқталды. Маусым айының бас кезінде біз
Royal Gardens тұрғындарына кілтті салтанатты
түрде тапсырып, бұл айтулы оқиғаны таудың
таза ауасында үлкен мерекелік барбекю-пати-
мен атап өттік. Қазір екінші кезектің үйлерін
пайдалануға беруге дайынбыз. Үйлерден басқа
қазірдің өзінде ашық аспан астындағы жылы-
тылатын бассейні бар SPA-орталық толығымен
әзір, аумақ абаттандырылған. Үшінші кезек
құрылысы басталды – жерасты паркингі салы-
нып, нөлдік деңгейге дейін бетон құйылды.
«Мирный» – қалалық қарбаластағы
тыныштық аралы
Жазда компаниямыз Алматыдағы Пятниц-
кий мен Сүлейменов көшелерінің қиылысын-
да салған «Мирный» жаңа тұрғын үй кешенін
пайдалануға бердік. Мемлекеттік комиссия
барлық құжатқа қол қойып, 19-шы қыркүйек-
те тұрғын үй кешенінің тұсаукесер салтанаты
өтті. Жаңадан қоныстанушыларды көршілері
ыстық бауырсақпен және конфеттермен қарсы
алды. Қазір тұрғындар пәтерлеріне жайғасуда.
ның бірінші іске қосу кешенінің құрылысы
аяқталды. Тек бірінші іске қосу кешенінің
құрылысы кезінде 10 млн. текше метрден
астам топырақ игерілді, темір бетон жабы-
нының аумағы 269 мың шаршы метр болды,
100 мың текше бетон пайдаланылды, 19 679
тонна арматура салынды.
20 750 шаршы метр ғимарат, бастырмала-
ры мен платформалары бар жүк сақтайтын екі
УСҚ пайдалануға берілді, параметрлері сорап-
тардың түрлі енін ескеретін темір жол салын-
ды, ұзындығы 1118 м. және ені 162,6 м. кон-
тейнерлік аула мен тар және кең сорап бойына
орналасқан контейнерлік терминал салынды.
Автожолдар мен өтпежолдар салынды. Құрғақ
порт жылына 4 миллион тонна жүк өткізе ала-
ды және жүк өте үлкен көлемде транзитпен
өтетін болады.
«Жезқазған – Сексеуілді» темір жолы
мемлекет қазынасын толтыруда
ұзындығы 570 шақырым болатын
Жезқазған-Сексеуілді темір жол желісінің іске
қосу кешенінің бірінші кезегінің құрылысы
аяқталды. Биылғы жылдың өзінде осы темір
жолмен екі миллиард теңгенің жүгі тасымал-
данды. 9 стансада темір жолда жұмыс істей-
тін және оған қызмет көрсететін адамдарға
қажеттті инфрақұрылым нысандарының
құрылысы бітті. Жезқазған, Сексеуілді және
Қоскөл стансаларында бүкіл инфрақұрылымы
бар тұтас елді мекендер салынды.
Қорғас өзеніндегі жағалауды
бекіту бөгеті елді-мекендерді су
тасқынынан қорғайды
2015-ші жылы құрылысшыларымыз
«Қорғас» шекаралық ынтымақастықтың ха-
лықаралық орталығы мен Басқыншы, Алма-
«Симфония» ТК – қаланың
орталығындағы өзен жағасында
«Симфония» тұрғын үй кешені СОО жа-
нынан бой көтеруде. Құрылысшыларымыз
жаңа технологияларды қолдана отырып бір
жылға жетер-жетпес уақыт ішінде бес үйдің
үшеуін тұрғызды. Жұмысшы комиссиясы
үшінші блокқа қатысты құжаттарға қол қой-
ды. Үшінші блоктың паркингінің құрылысы
мен бесінші құрылыс орны аяқталды, алтын-
шы блок пен паркингтің 1-ші, 2-ші секция-
лары тапсыруға беруге дайындалуда. Екінші
блок аяқталуға жақын – қазірдің өзінде 11 қа-
бат тұрғызылды, онда қосымша ішкі және сы-
ртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Төртінші
блоктың іргетасы құйылды. Барлық сыртқы
инженерлік желілер бойынша жұмыс аяқтал-
ды. Кешен аумағы абаттандырылуда. Аула-
ларға балалар алаңдары қойылды, гүлзарларға
орын дайындалды, ағаштар отырғызылды.
Бұған қоса, компания өз есебінен Үлкен Алма-
ты өзенінің жағасын жөндеп, абаттандырды.
Онда кешен тұрғындары серуендеп, спортпен
шұғылданып, демала алады, сонымен қатар,
болашақ тұрғындар үшін бақ аумағын салды.
«Асыл Тас» коттеджді қалашығы –
табиғатпен үйлесімділікте өмір сүру
лы, Қорғас елді-мекендерін қорғайтын биіктігі
64 метр сел қайтару тоғаны құрылысының
екінші кезегіне кірісті. Қазір әріптестеріміз
ТЖМ желісі бойынша жұмыстарды жүргізу-
де – Қорғас өзеніндегі жаға бекіту бөгетіне
кірер және технологиялық жолдың құрылы-
сын аяқтап жатыр. Бұл кезеңге Қазанкөл көлі-
не дейінгі 4 шақырым таулы жол құрылысы
мен көлдің жағалауын күшейту жұмыстары да
кіреді. Қорғас өзені қапталдары салаларында
тұрақтандырушы құрылғысы кешенін салу
үшінші кезең болмақ.
«Burger King» – Алматыдағы
халықаралық бренд
Алматыда Арман кинотеатры маңында
«БАЗИС» құрылыс компаниясы «Burger King»
халықаралық желісінің тез тамақтану мейрам-
ханасын салып, пайдалануға берді. 2015-ші
жылдың қараша айының ортасында ресми
ашылу салтанаты болды. «Burger King»-те
орын барлығына жетеді – мейрамхана алаңы
270 шаршы метр, ол 90 орынға есептелген.
Мейрамхана күніне 400-ден астам қонақ күту-
ге дайын.
Millennium Park – Шығыстың нәзіктігі
мен таңдамашылдығы
Millennium Park – компаниямыз Астана-
да жаңа технологияларды қолдана отырып
салған әкімшілік жайлары бар тағы бір тұрғын
үй кешені. 2015-ші жылдың соңына дей-
ін тұрғын үй кешенінің 4-ші, 5-ші блоктары
және кеңсе ғимараты (7-ші блок) пайдалануға
берілді. Қазір тағы бір кеңсе ғимаратын (8-ші
блок) пайдалануға беруге дайындық жүріп жа-
тыр. Осыған қатысты құжаттар жұмысшы ко-
миссиясының қарауында. Тұрғын үйде (11-ші
блок) қасбетті әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Талдықорғанда 105 гектардан астам аумақта
«Асыл Тас» коттеджді қалашығы салынуда.
Жобаның басты идеясы – қалалық жайлылық
пен дамыған әлеуметтік инфрақұрылымы бар
табиғат аясындағы салауатты және белсенді
өмірге арналған жасыл елді мекен салу.
Коттеджді қалашық толығымен қоршалады,
бұл – тұрғындардың қауіпсіздігін арттырады.
Үйлерінің қандай екенін көргісі келетін сатып
алушылар үшін көрсету коттеджі салынғын.
Бұған қоса, компаниямыздың құрылысшы-
лары Талдықорған әкімшілігінің ғимаратында
күрделі жөндеу жүргізуде, ал, Тараз қаласында
кіреберіс – «Көне Тараз» тарихи-мәдени орта-
лығына аркада салып жатырмыз.
12 000 орындық Мұзды арена – 2017-
ші жылғы Универсиаданың басты
спорт нысаны
Компаниямыз Алматыда Қазақстанда бала-
масы жоқ спорт нысаны – Алатау ауданындағы
12 000 орындық Мұзды аренаны салып жатыр.
Спорт кешені үш блоктан тұрады. А блогын-
да – 12 000 орындық мұзды аренада шатырдың
металл конструкцияларын монтаждау мен ішкі
аралықтарды орнату жұмыстары аяқталып жа-
тыр. В блогында қазірдің өзінде барлық әрлеу
жұмыстары тәмамдалды, ғимаратқа жиһаздар
қойылып бітті. Екі бассейн – балалар және
ересектер бассейні пайдалануға дайын. Б бло-
гының құрылысы толығымен аяқталған. Мұз
айдынында қондырғы орнатылған, алғашқы
мұз қатырылды. А және Б блоктарының астын-
да орналасқан жерасты паркингінде әрлеу
жұмыстары аяқталып жатыр. Сонымен бірге,
кіреберістер мен жерасты паркингінің әрлеу
жұмыстары қарқынды жүруде. Мұзды арена-
ның батыс тұсында орналасқан ашық паркинг
пайдалануға беруге дайын.
Құрғақ порт – үлкен құрылыс, кемел
келешек
Қытаймен шекарадағы «Қорғас – Шығыс
қақпалары» арнайы экономикалық аймағы-
ның ең ірі көлік-логистикалық торабы-
Естеріңізге салайық, бірінші құрылыс орны
(2-ші және 7-ші блоктар) 2015-ші жылдың на-
урызында пайдалануға берілген болатын.
Q-2 – халықаралық дәрежеде
мойындалған жаңа буын кеңселері
2015-ші жылы ақпанда Астананың жаңа
іскерлік орталығында Қабанбай Батыр
даңғылының бойында орналасқан жаңа буын
кеңсесі Q-2-ні пайдалануға бердік. «Жасыл»
технологиялардың барлық стандарттары
бойынша салынған бірегей бизнес-орталық
BREEAM стандарты бойынша сертификат-
таудан өтіп, «Тиімді жобалау мен құрылыс»
номинациясы бойынша ғимараттардың эко-
логиялық тиімділігі саласы жөнінен жоғары
баға алып «жасыл» ғимарат мәртебесіне ие
болған Қазақстандағы тұңғыш коммерциялық
жылжымайтын мүлік нысаны болып отыр.
Бұған қоса, Q-2 «Қазақстандағы 2015-ші жыл-
дың № 1-ші жаңа буын бизнес-орталығы» деп
танылған болатын. Сертификат пен диплом
компаниямыздың өкілдеріне Алматыда «Қа-
зақстандағы № 1-ші жыл таңдауы» салтанатты
рәсімінде табысталды.
«Триумфальный» – әлемнің ең суық
қалаларының біріндегі ең жылы үй
«Триумфальный» тұрғын үй кешенінің
құрылысы аяқталып келеді. 2015-ші жыл-
дың қарашасында тұрғын үй кешенінің 18-ші
құрылыс орны пайдалануға берілген болатын.
Өтіп бара жатқан жылдың соңына дейін 5-ші,
11-ші, 25-ші, 19-шы, 20-шы, 29-шы құрылыс
орындарын пайдалануға беру жоспарланып
отыр.
6-шы, 12-ші, 26-шы, 29/1-ші блоктар жұ-
мысшы комиссиясының қарауында.
(Басы. Соңы 18 бетте)
BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016
16
17
ҚұрЫлЫС ЖАңАлЫҚТАрЫ
ЕХрО-қалашық аумағында «ЕХрО Plaza»
тұрғын үй кешенінің құрылысы жүруде.
Тұрғын үй кешені A, B, C, D секілді төрт орам-
нан тұрады. Әр орамда 5-6 тұрғын үй салынған
(5-8 қабатты), кешенде 2 000 пәтер болады.
Бүгінгі күні А және В орамдарында моно-
лит жұмыстары 50%-ке орындалған. Д ора-
мында ростверктер құйылды, астыңғы қабат
салынып, нөлдік циклдың жабыны жабылуда.
С орамында іргетас салынуда. Құрылыстың
бірінші кезегі 2016-шы жылдың төртінші тоқ-
санында аяқталады.
ЕХРО-ның көрме павильондары –
ел дамуының жаңа деңгейі
ЕХрО-ның көрме кешені 25 гектар аумақты
алатын болады және бірнеше тақырыптық па-
вильондардан тұрады. «БАЗИС» «Энергия
әлемі» тақырыптық павильонын салуда. Бү-
гінгі күнге дейін құрылысшыларымыз бағана-
лар, іргетастар, жабын плиталары, баспалдақ
алаңқайлары, металл қаңқа, монолит жұмы-
стары 100% аяқтады. Газоблок пен металл кон-
струкциялардан жасалған аралықтарды орна-
ту 95 %-ке орындалған. Автоматты түрде өрт
сөндіру құбырын, ауа өткізгішті орнату, сылақ
жұмыстары 80%-ке жасалған. Едендердің
75%-і тегістелген, жылу құбырларының 70%-
і тартылған. Инженерлік желілер мен комму-
никация жұмыстары (су құбыры, сантехника,
электр желілері және т.б.) 60%-ке орындалған.
Қасбет жұмыстарының 24%-і атқарылған. Ша-
тырды орнату жұмыстары басталды. Барлық
жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде.
BN-нен
Осынау ауқымды, бірегей және күрделі
нысандардың барлығы құрылысшылары-
мыздың шеберлігі мен еңбекқорлығының
арқасында пайда болды. Нысандарда күні-
түні қолайсыз ауа-райына қарамастан жұ-
мыс істей жүріп табанды түрде рет-ретімен
осы ауқымды да маңызды нысандарды
көтеріп жатқан да дәл солар. Біз әріпте-
стерімізге күн сайынғы ауыр еңбегі, жауап-
кершілігі мен жоғары біліктілігі үшін алғы-
сымызды білдіреміз. Жаңа жылдарыңызбен,
әріптестер! Отбасыларыңызға татулық пен
молшылық, өмірлеріңізге – тұрақтылық
тілеймін! Сіздерге 2016-шы жылы жаңа ны-
сандар, жаңа жеңістер мен жаңа ауқымды
жұмыстар тілеймін!
«Сити Палас» – астанадағы жаңа
сауда-ойын сауық орталығы
Астанада «Сити Палас» сауда-ойын сауық
кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Нысанның
бірінші кезегі салынуда. Е блогында іргетас
құйылуда, Д блогында металл конструкциялар
жұмыстарына әзірлік жүруде. А1, А2 және В
блоктарында монолит жұмыстары аяқталды.
С блогында монолит жұмыстары қарқынды
жүруде. Құрылыс кесте бойынша жүргізілуде,
нысан 2016-шы жылдың қазан айында салы-
нып бітеді.
Қазақстан астанасындағы Big Ben
«England» тұрғын үй кешенінің құрылысы
қызу жүріп жатыр. Ол 8 үйден тұратын бола-
ды. Қазірдің өзінде үш үй салынып бітті, тағы
үш үй салынуда, қалған екеуі кезегін күтуде.
Үйлер биік емес – 7 және 9 қабатты. Еуропа-
лық тұрғын үй кешенінің архитектурасы де-
мократиялы. Формалардың ұғынықтылығы-
ның тасасында жайлылық пен қауіпсіздіктің
ең қазіргі заманғы технологиялары жасырулы
жатыр.
Қазақ ұлттық хореография
академиясы – білім беру
мекемелерінің маржаны
Келесі жылы Астанада Қазақ ұлттық
хореография академиясының құрылысын
бітіреміз. Академия төрт блоктан: балет кор-
пусы, тұрғын үй корпусы, оқу корпусы мен
театр ғимаратынан тұрады. Тұрғын үй, балет
және оқу корпустарының құрылысы аяқта-
лып келеді, 2016-шы жылы қаңтарда барлық
қасбет жұмыстары толығымен аяқталады. Те-
атр ғимаратында монолит жұмыстары бітті,
металл конструкциялар мен шатыр жұмыста-
ры жүргізіліп жатыр.
«Италия орамы» – салқын
Астанадағы ыстық темперамент
Италиялық архитектураның үздік дәстүр-
лері негізінде салынған «Италия орамы»
тұрғын үй кешені Астанада Шәмші Қалда-
яқов көшесінің бойында орналасқан. «Италия
орамының» құрылысы толығымен аяқталды,
желтоқсан айының соңында тұрғындар пәтер-
лерінің кілтіне ие болды.
Тұманды Альбион стилінде
LONDON тұрғын үй кешенінің барлық 10
үйінің құрылысы аяқталды. Кешен пайдала-
нуға беріліп, тұрғындар пәтерлерге орналасуда.
3 ГА – мемлекетпен әріптестік
негізінде мемлекеттік бағдарлама
бойынша салынған баспана
«Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік
бағдарламасы аясында компаниямыз Астанада
Қобыланды батыр мен Бурабай көшелерінің
қиылысында үш гектар жерге кең, аулалары
абаттандырылған 11 үйден тұратын тұрғын
үй кешенін салды. Тұрғын үй қоныстануға
дайын: барлық үй салынып бітті, коммуника-
циялар тартылған, кешеннің тірлішікті қамта-
масыз ету жүйесі үздіксіз жұмыс істеп тұр.
Мемлекеттік комиссия қазірдің өзінде үйлерді
пайдалануға беру жөніндегі құжаттардың бар-
лығына қол қойды. Бірінші кезектің үйлерінде
адамдар тұрып жатыр, екінші кезектің үйлері-
не тұрғындар қоныстануда, ал, Жаңа жылдан
кейін үшінші кезектің үйлерінің адамдары да
қоныс тойын тойлай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |