Осы саннан оқитындарыңыз: Құрылыс калейдоскопы: екінші жарты жылдық қоры- тындысы



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата27.03.2017
өлшемі3,4 Mb.
#10473
1   2   3   4   5   6   7   8

ЕХРО қатысушыларына арналған 

шығыс қонақжайлылығы бар тұрғын 

үй кешені 

Компаниямыз «ЕХрО-2017» халықаралық 

көрмесі нысандарын салуға белсене атсалысу-

да. ЕХрО аясындағы бағыттардың бірі – ЕХрО 

қатысушыларына арналған көппәтерлі тұрғын 

үй кешенін салу. Тұрғын үй кешені салынып 

біткен,  қазір  В  және  С  орамдарында  жылу 

беру жұмыстары аяқталуда. А және В орамда-

рында  қасбет  жұмыстары  жүргізілуде,  осы 

орамдардың бес үйінде әріптестеріміз ішкі әр-

леу жұмыстарын жасауда. С орамы бойынша 

тас  қалау  жұмыстары  аяқталуға  жақын.  Ха-

лықаралық көрме қатысушыларына арналған 

тұрғын үй кешенінің құрылысы кесте бойын-

ша жүруде, оны 2016-шы жылдың екінші тоқ-

санында пайдалануға беру көзделген.  



«ЕХРО Плаза» – болашаққа салынған  үлес 

балаларыМыздың астанадан 

жаңа жылдық ертегісі

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016

18

19


«базис» қалай білікті МаМандар 

ұстаХанасына айналды 

ХХI-ші ғасырда құрылыс саласына жас мамандарды даярлайтын оқу орындары жетерлік. Алайда, көбіне оқу 

бағдарламалары нарықтың нақты сұранысынан әлдеқайда алыс, ал, студенттерге тәжірибеден өтуге бөлінетін уақыт 

құрылыс саласындағы жұмыстың бүкіл қыр-сырын меңгеруге жеткіліксіз. Теория мен тәжірибе арасындағы алшақтықты 

азайту үшін «БАЗИС» құрылыс компаниясы «Келешек Іскер» мамандарды оқыту мен даярлау арнайы бағдарламасын 

әзірлеп дуальді оқытуды енгізудің сынақ алаңына айналды. Бұл бағдарламаны қызметкерлермен жұмыс жөніндегі 

бөлім қызметкерлері (HR) 2013-ші жылдан бері Астана мен Алматыда іске асырып келеді. Сонымен қатар, компания оқу 

орындары мен білім басқармаларымен ынтымақтастық орнатты. «Келешек Іскер» бағдарламасы жылдан жылға қарқын 

алып келеді және өзінің тиімділігін дәлелдеуде. 

Кім жұмысты жақсы істесе, сол көп 

табады 

Жаңа  жыл  қарсаңында  жылды  қорытып, 

тұжырым  жасап,  келешекке  жоспар  құру 

дәстүрі бар. Өтіп бара жатқан 2015-ші жылы 

«Келешек Іскер» бағдарламасы аясында атқа-

рылған  жұмыстардың  нәтижелері  жайында 

BN-ге «БАЗИС» ҚК вице-президенті кәмила 

төлендиева,  кадрлар  бөлімінің  инспекторы 

және  сертификатталған  тәлімгер  надежда 



гутовская,  «БАЗИС»  ҚК  Астанадағы  фили-

алының  кадрлар  бөлімінің  бастығы  оксана 



битнер,  «БАЗИС»  ҚК  Алматыдағы  қызмет-

керлермен  жұмыс  жөніндегі  басқармасының 

бастығы светлана федотова айтып берді.

надежда гутовская: – Бірінші жылы «Ке-

лешек Іскер» бағдарламасы аясында бізде бар-

лығы 30 студент қана болды, ал, 2014 – 2015-

ші оқу жылында тек қана құрылыс отрядының 

өзінде  жазда  үш  жүз  адам  тәжірибеден  өтті. 

Алғашқы  жылы  бізге  Құрылыс-техникалық 

колледжінен  студенттер  келді  (бұл  бұрынғы 

№1  Кл).  Мен  тәжірибеден  өткендігі  туралы 

мөрді тек тәжірибесін толығымен құрылыста 

өткізгендерге және беріліп жұмыс істегендер-

ге ғана қойдым. Студенттің тәжірибеден қалай 

өткенін оның жалақысына қарап білуге бола-

ды.  Егер  студент  жұмысқа  себепсіз  бес  мәр-

те келмейтін болса – тәжірибені тоқтатамыз. 

Құрылыс – босаңсып жүретін жер емес. 

кәмила  төлендиева:  –  Студенттер 

осымен  үшінші  жыл  дуальді  оқыту  жүйесі 

бойынша білім алуда. Эксперимент 2016-шы 

жылы дипломалды тәжірибе мен нақты жоба 

бойынша диплом алумен, мамандығы бойын-

ша дәрежеге ие болумен аяқталады. Студент-

тердің 20 – 30%-і 3-4-ші дәреже алады. 

Студенттер  тәжірибеден  өту  кезінде  жа-

лақы алады. 2014 – 2015-ші оқу жылында сту-

денттердің Алматы мен Астанада тапқан қара-

жаттарының көлемі 35 миллион 998 мың 548 

теңге болды. Оның 30 миллионын студенттер 

Астанада,  6  миллионын  Алматыда  тапты. 

Және  бұл  «Жасыл  ел»  студенттік  отрядын 

есептемегенде. 

надежда гутовская: – Мұндай нәтижеге 

күн  сайынғы  тындырымды  жұмыстың  арқа-

сында қол жеткізілді. Біз Эльси Исмаиловпен 

бірге  (бұл  біздің  қызметкеріміз,  политехни-

калық  колледждің  түлегі,  бір  кездері  бізге 

тәжірибеден өтуге келген, қазір шебер болып 

жұмыс істейді және студенттердің жұмысына 

жетекшілік етеді) студенттерге қатаң бақылау 

жасаймыз.  Олардың  жұмыстан  қалуына  жол 

бермейміз.  Студенттер  неғұрлым  көп  жұмыс 

атқарса, неғұрлым оны сапалы жасаса, соғұр-

лым көп ақша табады. Кейбір студенттер ай-

ына  200  мың  теңге  алады.  Еуразиялық  уни-

верситеттің екі студент қызы бізде ала жаздай 

жұмыс істеді. Олар көбірек ақша тауып, келер 

жылғы  оқуының  қаражатын  төлеп,  отбасын 

қамтамасыз ету үшін өздеріне ең ауыр жұмы-

сты сеніп тапсыруды сұрады. Солай болды да. 

Дипломдық  жобалау  кезінде  студенттер 

ақысыз демалысқа кетеді. Дипломдық жоба-

сын іске асыру кезінде ерекше көзге түскен 

студенттердің  еңбегі  «БАЗИС»  ҚК  тара-

пынан  да,  колледж  тарапынан  да  бағалана-

тын болады. 



Бірегей эксперименттер мен үлкен 

жоспарлар 

надежда гутовская: – Биыл мен Астана 

қаласының  құрылыс-техникалық  колледжіне 

барып, студенттерге олардың өздеріне де, кол-

леджге де, біздің компаниямызға да тиімді бо-

латын нақты дипломдық жоба жасауды ұсын-

дым. Біз студенттерді тәжірибеге алып, жұмыс 

алаңдары  мен  көлемін  белгіледік.  Ол  жерде 

балалар  желтоқсаннан  ақпанға  дейін  нақты 

жобалауы бар дипломдық жобаны іске асыра-

тын болады (олар оқуын наурызда тәмамдай-

ды).  Қазір  колледждің  технологтары  барлық 

есептеулерді  жасауда.  Тәжірибе  аясында  сы-

збалар мен кәсіби сметаларды жасау, оларды 

біздің  қызметкерлеріміз  тексеретін  болады, 

қажетті материалдарды есептеу, материалдар-

ды қабылдап алу, олар үшін есеп беру секілді 

барлық жобалық-сметалық құжаттаманы сту-

денттер өздері жасайтын болады. Қолынан іс 

келетін  балалар  құрылыс  алаңына  алынады. 

Біздің ҚМБ бастықтары мен бригадирлеріміз 

– тәжірибелі мамандар, олар егер балалардың 

бойынан ыждаһаттылық пен біліктілікті бай-

қап жатса үйретіп, жұмысқа алуға дайын. 

кәмила төлендиева: – Дипломдық жоба 

асында Политехникалық колледж студенттері 

компаниямыздың  қызметкерлеріне  арналған 

жатақхананың  бірінші  қабатының  фойесіне 

жөндеу  жүргізеді  және  бөлмелердің  орнала-

суын өзгертеді. Колледж үшін бұл дуальді топ 

студенттері мен дизайнерлердің қалай жұмыс 

істейтінін  көруге  мүмкіндік  береді.  Студент-

тер смета жасауды, есептеуді, материалдарды 

қабылдап  алуды  және  жұмсауды,  материал-

ды  нысандарға  бөлуді,  сипаттамасын  жазу-

ды  үйренеді,  себебі,  олар  осы  жұмыстардың 

барлығын  құжат  бойынша  атқара  алуы  тиіс. 

«БАЗИС» дизайнерлік жоба бойынша жөндеу 

жүргізілген  жатақханаға  ие  болады,  тек  ма-

териалдарға  ғана  шығын  жұмсайды.  Жұмыс 

күшімен – студенттермен қамтамасыз етумен, 

тәлімгерлердің еңбегін төлеумен колледж ай-

налысады. 

Нақты  жобаны  орындау  кезінде  колледж 

біздің қызметкерлерімізді – тәлімгерлерді өз-

деріне штатқа жұмысқа қабылдайды да оларға 

мемлекет  колледжде  балаларды  оқытуға 

бөлетін бюджеттен 70 – 80 мың теңге айлық 

төлейді. 

надежда гутовская: – Жұмыс барысын-

да  бригадирлер  тек  оқытып  қана  қоймайды 

сонымен қатар, бәрі жоба бойынша жасалуы 

үшін барлық құрылыс нормалары мен ереже-

лерінің сақталуын қатаң қадағалайтын болады. 

Мен жұмысты аптасына екі мәрте тексеретін 

боламын, ал, Эльси Исмаилов студенттермен 

жұмысты нысанда күн сайын жүргізеді. 

Оқу орнын бітірушілердің дипломдық жо-

басы  қарапайым  жеңіл-желпі  жөндеу  болып 

қалмай,  нағыз  дипломдық  жобалау  болуы 

үшін жұмысқа студент–дизайнерлер тартыла-

тын  болады,  олар  да  бұл  жұмыстан  ұтады  – 

бұл керемет тәжірибе мен елеусіз қалмайтын 

нақты жоба.

Қызметкерлерімізді оқыту

Тәжірибеден өтетін студенттермен жұмыс 

жасаумен  қатар  HR-департаментінің  қызмет-

керлері  жоғары  немесе  орта-арнаулы  кәсіби 

білімі жоқ жұмысшылар арасында үлкен жұ-

мыстар атқаруда. 



кәмила  төлендиева:  –  Екі  апта  ішінде 

Надежда  Николаевна  мен  Эльси  Исмаилов 

компаниямыздың  22  қызметкерінен  тұратын 

топ  құра  алды.  Олар  Астананың  Политехни-

калық колледжінің сырттай оқу бөліміне «тех-

ник-құрылысшы» мамандығы бойынша оқуға 

түсті. Табысты ынтымақтастықтың арқасында 

келісімге келдік, колледж бұл студенттерге оқу 

ақысына жеңілдіктер жасап, «БАЗИС» компа-

ниясында жұмыс істей жүріп айына 8 000 тең-

геден бөліп төлеуге мүмкіндік берді. 

надежда гутовская: – Топ 4-ші, 5-гі дәре-

желері бар жұмысшыларымыз бен бригадир-

лерімізден құралған. Бізде құрылысқа қатысы 

жоқ жоғары білімі бар адамдар жұмыс істейді. 

Алайда, адамдар өзінің келешегін біздің ком-

паниямызбен байланыстыратындықтан, инже-

нерлік-техникалық құрылыс мамандығын алу 

үшін олар жеңілдік жасайтын бағдарлама бой-

ынша сырттай оқу бөліміне түсті. Колледжді 

бітіргеннен кейін біздің қызметкерлеріміз ӨТБ 

инженерлері,  өздері  жұмыс  жасаған  нысан-

дарда смета жасаушылар болып істеуі мүмкін. 



кәмила төлендиева: – Қызметкерлеріміз 

колледжде  алатын  теориялық  базаны  аздап 

өзгертетін  боламыз.  Инновация  мен  жаңа 

технологияларды  барынша  қосқымыз  келеді. 

Жоғары білімі мен үлкен тәжірибесі бар қы-

зметкерлеріміз  студенттерге  колледжде  қо-

сымша дәрістер оқитын болады, ал, бүкіл өн-

дірістік  тәжірибе  компаниямыздың  құрылыс 

алаңдарында  өтеді.  Сонымен  қатар,  біз  сту-

денттерді  тәжірибемен  қоса,  теориялық  та 

білімді барынша алуы үшін кеңсеге жіберетін 

боламыз. 

Колледждер мен оқу жоғары оқу орында-

рымен  ынтымақтастық  орнатумен  қатар  біз 

құрылыс  саласы  бойынша  білім  мен  дәре-

желері  жоқ  барлық  жұмысшыларымызды 

оқытып  жатырмыз.  Дәрежесі  мен  жұмыс 

тәжірибесі жоқ әр қызметкерге оны үйрететін 

тәлімгер бекітіледі. Тәлімгерлердің жалақысы-

на үстеме қосылады. Бұдан басқа да тәлімгер-

лерді көтермелеудің өзге де материалдық және 

материалдық емес түрлері бар. 

Астанадағы дуальді топта 24 студент пен 

12  тәлімгер  бар.  Бүгінгі  күні  тек  Астананың 

өзінде 31 тәлімгер жұмыс істеп жатыр, алайда, 

олардың  саны  тәжірибеден  өтіп  жатқан  сту-

денттердің санына қарай өзгеруі мүмкін. 

Құрылысшылар Күні қарсаңында біз үздік 

тәлімгерлерді  марапаттаймыз,  колледждер  де 

студенттер арасында сауалнама жүргізіп, үздік 

тәлімгерлерді таңдайды. 

Биыл дуальді топ студенттеріне өздерінің 

жұмысшы мамандықтары бойынша сертифи-

каттар  табысталды,  олар  өздерінің  диплом-

дық  жобаларын  қорғады.  Айтпақшы,  биыл 

құрылысшылар  Күніне  орай  дуальді  топтың 

үздік  шыққан  студенттері  өздерінің  алғашқы 

кәсіби марапаттары мен алғыс хаттарын алды.  



Тәлімгерлік мектебі құрылуда

«Келешек  Іскер»  бағдарламасының  тағы 

бір  бағыты  –  төл  тәлімгерлік  мектебін  құру 

екенін атап өткен жөн. 



кәмила  төлендиева:  –  «Келешек 

Іскердің» бірнеше бағыты бар. Қазір тәлімгер-

лік  мектебін  құрудың  алғашқы  қадамдарын 

жасап  жатырмыз.  Германияның  Трир  қала-

сында Германия ұлттық кәсіптік палатасы бар. 

Ол  студенттерді  де,  тәлімгерлерді  де  дуальді 

жүйемен оқытады. Оларда тәлімгерлерді оқы-

тудың жеке бағдарламалары бар, студенттерді 

тәжірибе  негізінде  оқытатын  кәсіпорындарға 

қойылатын  өзіндік  талаптар  бар.  Германия-

ның  кез-келген  кәсіпорны  студенттерді  қа-

былдай алмайды. Біз неміс әріптестерімізбен 

бірігіп  жұмыс  жүргізіп  жатырмыз.  Надежда 

Николаевна  Гутовская  мен  Эльси  Исмаилов 

семинарға  қатысып,  тәлімгер  сертификатын 

алды.  Оқу  төрт  кезеңнен  тұрады.  Біріншісін 

олар өтті, тағы үш кезеңнен өтіп, халықаралық 

сертификат  алғаннан  кейін  басқа  тәлімгер-

лерді оқыта алады. Келесі жылы Германияның 

кәсіптік  палатасына  танысу  сапарымен  бару 

жоспарлануда.  Бұдан  бөлек,  біздің  тәлімгер-

леріміз  «Кәсіпқорда»  педагогикалық-пси-

хологиялық  база  бойынша  екі  күндік  семи-

нарға қатысады. Кейін оларға біздің өндірісте 

тәжірибелі  тәлімгерлер  болып  табылатын 

қызметкерлеріміз  –  бригадирлеріміздің  педа-

гогикалық  және  психологиялық  аспект  бой-

ынша  біліктілікті  арттыру  курсынан  өткенін 

айғақтайтын сертификат беріледі. 

надежда гутовская: – Шымкенттегі бес 

күндік  семинар  көзді  ашып-жұмғанша  өтіп 

кетті.  Біз  немістерден  көп  тәжірибе  алдық. 

Біздің оқу бағдарламамыз неміс моделіне өте 

жақын болып шықты. Жалғыз айырмашылық 

– біздің тәлімгерлеріміз өндірісте жұмыс істеп 

жүрген адамдардың арасынан таңдалады, ал, 

оларда  мамандарды  жеке  арнайы  шақырады. 

Әзірге  еліміздің  экономикасы  немістердікін-

дей  тек  тәлімгерлікпен  айналысатын  арнайы 

адамдарды бөлуге мүмкіндік бермей отыр. 

кәмила  төлендиева:  –  Тәлімгер-

леріміздің,  студенттеріміздің  кәсіби  тұрғыда 

өсуін көріп, студенттердің жалақысы деңгей-

інің  өскенін  көріп,  алдыңғы  жылдары  қан-

шама баланың тәжірибеден өтуге келіп, ком-

(Басы. Соңы 22 бетте)

21

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016



20

КАДрлАр БАрлЫҒЫН ШЕШЕДІ



паниямызда  жұмыс  істеуге  қалып  қойғанын 

қазіргімен салыстыра отырып бізде бұл салада 

жақсы өсу бар деп айта аламын. Мәселен, На-

дежда  Николаевна  өз  бетінше,  компанияның 

нұсқауынсыз, арнайы педагогикалық курстар-

дан  өтіп,  диплом  жұмысын  жазып,  тәлімгер 

сертификатын алды. 

надежда  гутовская:  –  Маған  балаларға 

педагогикалық тұрғыдан қалай келу керектігін 

түсіну керек болды. Бұған дейін мен балалар-

мен  интуициялық  түрде  жұмыс  істедім,  ал, 

енді оларға тәрбие мен білім беруге байланы-

сты көп тұжырымдарды біліп алдым. Аталған 

курстардан  көп  білім  алдым,  қазір  оларды 

компаниямызда  өндірістік  тәжірибеден  өтіп 

жатқан студенттерді тәрбиелеуге ұтымды пай-

даланып жүрмін.  



Жұмыстың көрінбейтін 

қалтарыстары 

Жастармен  жұмыстың  кез-келген  түрі  – 

бұл  зор  еңбек.  Колледждің  студенттері  тіл 

табысу оңай болмайтын жаста. Бірақ, компа-

ниямыздың қызметкерлері күш біріктіріп, бұл 

түйінді оп-оңай тарқатуда. 



оксана  битнер:  –  Студенттермен  жұ-

мыс  істеу  –  бұл  «БАЗИС»  компаниясының 

кадрлар  бөлімінің  қызметкерлері  мен  желі-

дегі балалардың бірлескен үлкен еңбегі. Бізді 

қолдап отырған нысан директорларына, ҚМБ 

бастықтарына  рахмет.  Олар  өздеріне  біздің 

студенттерімізді алып, оларды оқытып, тәрби-

елейді. Егер қандай да бір шара өткізу керек 

болса барлық уақытта оларды ұйымдастыруға 

көмектеседі.  

Әр  студент  әр  түрлі.  Барлығы  бірдей  ма-

мандық пен білім алуға ұмтыла бермейді, бар-

лығы  бірдей  тәжірибе  алуға  ниетті  бола  бер-

мейді. Біз жиі жиналып, колледж өкілдерімен 

де, студенттермен де, біздің тәлімгерлерімізбен 

де сөйлестік, студенттердің олардың мамандық 

алуы  тиіс  екендіктеріне  көздерін  жеткіздік. 

Бірлескен  дөңгелек  стөлдер  өткіздік.  Тәжіри-

беге қатысты мәселелердің түйінін тарқаттық. 

Тіпті,  студенттерді  жұмысқа  көлікпен  алып 

келу секілді ұсақ-түйек мәселелерді де шештік. 

Бізді қолдағаны үшін барлығына рахмет. Біздің 

қарым-қатынасымызды  көргеннен  кейін  сту-

денттер компания өткізетін шараларға белсен-

ді түрде қатыса бастады, барлығының да бір-

лескен жұмыстың нәтижелеріне көңілі толды.  

Биыл біз тұңғыш экспериментальді топпен 

дуальді  білім  беру  жобасын  аяқтаймыз.  Қо-

рытынды жасаймыз, дуальді оқыту жүйесіне 

қатысты жұмысты жалғастыратын шығармыз.  

Бізде  шебер-тәлімгер  деп  аталатын  жаңа 

штаттық бірлік пайда болды.  Нысанда болу, 

студенттерді  көлікпен,  арнайы  киіммен,  ар-

найы  аяқ  киіммен,  жеке  қорғаныш  құралда-

рымен қамтамасыз етуге қатысты жұмыстар-

дың денін солар атқаратын болады. Жобамыз 

табысты  аяқталып,  студенттеріміз  бізге  ман-

сап жасауға келеді деп ойлаймын.  



Қауіпсіздік барлығынан маңызды 

Кез-келген  құрылыс  –  қауіптілігі  жоғары 

нысан  болғандықтан  қауіпсіздік  техникасы 

мен еңбекті қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. 



оксана  битнер:  –  Студенттер  құрылыс 

нысанына  жіберілмес  бұрын  оларға  арнайы 

киім,  каскалар,  қолғаптар  беріледі.  Біз  жыл 

сайын  оларға  біздің  қызметкерлеріміздегідей 

арнайы киім, аяқ киім, каскалар сатып аламыз.  

Біздің  оқу  орталығымызда  барлық  жаңа 

қызметкерлер  еңбек  өтіліне  қарамастан  мін-

детті  түрде  қауіпсіздік  техникасы  бойынша 

білім алады. Дәл осында студенттерге де дәріс 

оқылады.  Қауіпсіздік  ережелерін  сақтамау 

неге  әкеліп  соғатыны,  құрылыс  алаңдарында 

қандай  қауіптердің  бар  екендігі  көрсетіліп, 

егжей-тегжейлі  түсіндіріледі.    Студенттер 

олардың  қауіпсіздігі  өздеріне  байланысты 

екендігін түсінуі тиіс. Олар нысандарда тағы 

да нұсқамадан өтеді. Әркім өндірістің қауіпті 

екендігін, мұнда ережелерді сақтау қажеттігін 

түйсінуі керек. 

Біздің  қысымыз  бен  жазымыздың  барлық 

ерекшеліктерін  ескере  отырып  біз  колледж-

дермен бірге оқу жоспарларын балалар далада 

жаурамас  үшін  студенттер  аса  суық  қыс  ай-

ларында  өздерінде  базада,  колледжде  немесе 

біршама  жылы,  кей  жерлерде  тіпті  жылу  қо-

сылған ғимарат ішіндегі әрлеу жұмыстарында 

болатындай етіп өзгертулер енгізуге тырыстық.  

Қазір  студенттер  ЕХрО  тнысандарында 

тас  қалау  жұмыстарын  атқаруда.    Олардың 

көмегі үлкен, балалар жұмысты беріліп істей-

ді.  Біз  де,    студенттер  де  риза.  Тәлімгерлер 

де  студенттерге  басқаша  қарай  бастады.  Әр 

студентке  бригадада  жазғы  тәжірибе  кезінде 

жұмыс  істеген  орын  бекітілген.  Бригадирлер 

де балаларды жұмысқа қуана алуда. Мұндай 

ынтымақтастық  колледждерге  де,  компани-

ямызға  да  керек  екендігі  белгілі  бола  салы-

сымен колледж тарапынан да, жұмыс беруші 

тарапынан да тәжірибе мен ынтымақтастыққа 

деген көзқарас өзгерді. 

Біз  студенттерді  жұмысқа  алуға  әзірміз. 

Алайда, олардың мансаптық және кәсіби өсуі өз-

дерін қалай көрсететіндігіне байланысты, оның 

үстіне  2016-шы жылы олар диплом алады. 

Барлығына пайдалы ынтымақтастық 

Алматыда да студенттермен үлкен жұмыс 

жүргізілуде.  Студенттердің  Алматыдағы  ны-

сандарымызда қалай жұмыс істеп жатқандығы 

жайында Алматыдағы филиалдың қызметкер-

лермен  жұмыс  жөніндегі  Басқама  бастығы 

Светлана Федотова айтып берді. 

светлана  федотова:  –  Біз  Алматы 

құрылыс және халық кәсіпшілігі колледжімен 

дуальді оқыту жүйесі бойынша колледж, «БА-

ЗИС»  ҚК  мен  ұлттық  кәсіпкерлер  палата-

сы  арасында  бекітілген  үшжақты  келісімнің 

негізінде  жұмыс  істейміз.  Жобаға  Алматы 

қаласының  білім  Басқармасы  қатысады. 

Сондай-ақ,  бізде  тәжірибеден  ҚазБСҚА  кол-

леджінің, көппрофильді колледждің және т.б. 

студенттері өтеді. 

Біздің колледж студенттерімен ынтымақта-

стығымыз  компаниямыздың  нысандарына 

танысу  экскурсиясын  жасаудан  басталады. 

Жақында 12 000 орындық Мұзды аренаға экс-

курсия  жасалды.  Оның  құрылысы  балаларға 

қатты  әсер  етті.  Құрылыстың  ауқымына  қа-

рап  студенттер  қашанда  сұранысқа  ие  бола-

тын және жақсы материалдық табыс әкелетін 

мамандық  алу  мүмкіндігіне  ие  екенін  ұғына 

бастайды.  Студенттер  құрылысшылар  еңбе-

гінің  нәтижесін  –  өздері  де  қатысатын  әдемі 

әрі ғасырларға салынған нысанды көруде. 

Тәжірибе  аяқталғаннан  кейін  студенттер 

біліктілігі мен дәрежесін артыруға мүмкіндік 

алады.  Олар  студенттерге  тікелей  колледжде 

оқып жүргенде беріледі. 

Егер қалыпты жағдайда студенттер екінші 

дәреже алса, тәжірибеден кейін оң пікірге ие 

болған студенттер үшінші дәрежелі дәнекерле-

уші, сылақшы-бояушы, үшінші дәрежелі ағаш 

ұстасы және тағы басқа мамандықтар бойын-

ша жұмыс істей алады. 

Біздің  нысандарымыздағы  тәжірибе  жас 

мамандарға өзінің біліктілігін арттыруға, кол-

леджді бітіргеннен кейін кәсіби міндетін атқа-

руға анағұрлым дайын маман болуға мүмкін-

дік береді.  

Жоғары  оқу  орындарының  студенттері 

компаниямыздың 

жобалық-техникалық 

бөлімі, өндірісті дайындау бөлімі мен басқа да 

бөлімшелері  базасында  өтеді.  Олар  жобалау, 

өндірістік-техникалық  құжаттаманы  жүргізу 

және т.б. бойынша дағдыланады. 

Қазір  дуальді  білім  беруге  баса  назар  ау-

дарылуда. Бұл жүйені мемлекет қолдап отыр, 

оқу орындары да оны жұмысшы мамандықта-

ры  бойынша  кадрлар  дайындаудың  ең  үздік 

жүйесі  ретінде  біледі.  Біз  дуальді  білім  беру 

мемлекеттік  бағдарламасына  қатысудамыз. 

Оның  мақсаты  теорияны  азайтып,  тәжіри-

бені  көбейту.  Студенттер  компаниямыздың 

құрылыс  алаңдарындағы  тәжірибе  кезінде 

алған машықтарын шыңдауға мүмкіндік ала-

ды. Қазір бұл арақатынас – 50% де 50%. Келесі 

жылы оқу жоспарларына сәйкес жаңа арақа-

тынасқа көшеміз деп үміттенеміз. Ол бойын-

ша теория – 40%, тәжірибе – 60% болады. 

Мұндай ынтымақтастық «БАЗИС» компа-

ниясына  да,  колледждерге  де,  студенттердің 

өздеріне  де  тиімді.  Көптеген  студенттер  кол-

леджді бітіргеннен кейін компаниямызда жұ-

мыс істеуге қалады. Биыл колледж дипломын 

алғаннан кейін бізде 4 адам қалды. Олар ресми 

түрде  жұмысқа  орналасты.  Айтпақшы,  сту-

денттердің  бірі  Жығмытовтың  бригадасында 

үш жыл тәжірибеден өткен. Бригада оны күт-

ті, бірақ,  колледжді аяқтағаннан кейін ол ары 

қарай оқуды ұйғарды да жоғары оқу орнына 

түсті. Тәжірибені өткен кезде звеношылардың, 

прорабтардың  қалай  жұмыс  істеп  жатқанын 

көрген ол білім деңгейін көтеріп, компанияға 

ендігі  инженерлік-техникалық  қызметкер  бо-

лып оралуды дұрыс деп шешті. 

Қазір  көптеген  жұмыс  берушілер  жұмыс 

тәжірибесі жоқ қызметкерлерді жұмысқа алма-

уға тырысады. Алып жатқан күнде де жаңа кел-

гендерге бригадада тұрақтап қалу қиын соғатын 

болады,  себебі,  тәжірибелі  мамандар  мен  жұ-

мыс тәжірибесі жоқ жастардың жылдамдығы әр 

түрлі. Осының салдарынан жұмысқа жаңа орна-

ласқандарға анағұрлым қиын. Бізде студенттер 

тек  тәжірибеден  өтіп  қана  қоймайды,  олар  ең 

күрделі нысанда – Алатау ауданындағы 12 000 

орындық  Мұзды  аренаның  құрылыс  алаңда-

рында жұмыс істейді. Ондағы конструкциялар 

бірегей. Мұндай нысандар елімізде жылда са-

лына  бермейді.  Ал,  үйлер  мен    тұрғын  үй  ке-

шендерін біз үзбей соғамыз. Ол жақтың әрине, 

өзіндік ерекшеліктері бар, алайда, конструкци-

ялардың күрделілігі жөнінен, ерекшелігі жөні-

нен Алматыда Мұзды арена секілді нысан жуық 

арада пайда бола қоймайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет