Генетикалық жағынан біртекті ұрпақты алу үшін, өте бағалы таңдаулы өсімдіктерді көбейту;
Вирустармен патогендік өсімдіктерден таза жеміс көкөніс, тамақтық және әсемдік қылдардың көшеттерін алу және оларды тез көбейту,
Сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтап қалу.
ҚОРЫТЫНДЫ
Көптеген пайдалы өсімдіктер толып жатқан вирустар, бактериялар және саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға шалдығады. Соның зардабынан жыл сайын олардың өнімі төмендеп, сапасы нашарлайды. Клондық микрокөбейту кезінде стерильденген экспланттарды асептикалық жағдайда өсірудің арқасында өсімдіктер бактериялық және саңырауқұлақтық патогендерден сауықтырылады.
Клондық микрокөбейту әдісінің толып жатқан артықшылықтары болса,ол көп еңбекпен қаржыны талап етеді.Дүние жүзінде клондық микрокөбейту әдісінің технологиясы лабораториялық деңгейінде 2400-ден астам өсімдік түрлеріне дайындалған,ал практикада оның қолданылуы тек қана әдеттегі жолмен көбейе алмайтын өсімдіктермен шектеліп отыр.
Клондық микрокөбейтудің артықшылықтары айқын факт және өсімдік өсіру мен селекцияда оның мүмкіншіліктері соншама зор болғандықтан, көшет материалды биотехнологиялық өндірісте шығару жақын болашақта кеңінен дамиды.Сонымен бірге рентабельдік биотехнологияларды дайындау үшін және жаңа әдістерді ауыл шаруашылығына кең енгізу үшін, физиологтар мен инженерлер үшін біріктіріп көп еңбек сіңіру қажет.